< Әдiлет органдары туралы

Ст. 24 Әдiлет органдары туралы 2002 жылғы 18 наурыздағы N 304


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.05.2024

Әдiлет органдары туралы
24-бап. Әдiлет органдары мен олардың лауазымды адамдарының құқықтары

Әдiлет органдары мен олардың лауазымды адамдары өз құзыретi шегiнде: 

1) орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтар мiндеттi түрде орындауға тиiстi нормативтiк құқықтық актiлер шығаруға; 

2) өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша ведомствоаралық үйлестiру мен бақылауды жүзеге асыруға; 

3) мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштердегі қажетті ақпаратты және материалдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сұратуға және алуға; 

4) орталық мемлекеттік органдарда, сондай-ақ мәслихаттар мен әкімдіктерде Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, мемлекеттік тіркеуге жататын нормативтік құқықтық актілерге тексеруді жүзеге асыруға; 

5) Қазақстан Республикасы Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң 56-бабында белгiленген тәртiппен азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн, сондай-ақ қоғамдық немесе мемлекеттiк мүдделердi қорғау үшiн сотқа талап қойып жүгiнуге; 

6) өздерiне берiлген мүлiктi басқаруды жүзеге асыруға; 

7) лицензиялауды және лицензиаттардың лицензиялық талаптарды сақтауы жөнiндегi қызметiне бақылауды жүзеге асыруға; 

8) бағынысты ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату мәселелерi бойынша ұсыныстар енгiзуге; 

8-1) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсетуге; 

9) баспа қызметiн жүзеге асыруға; 

10) алып тасталды 

11) алып тасталды 

12) заңда белгiленген жағдайлар мен тәртiп бойынша әкiмшілiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасап, iстердi қарауға, өз құзыретi шегiнде әкiмшiлiк жазалар қолдануға;  

13) алып тасталды 

14) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы. 

Ескерту. 24-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.29 № 25, 2007.01.11 № 218, 2010.07.15 № 337-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...22‑1 23 24 24‑1 24‑2 ...34
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

В каких случаях начальство может заставить сотрудника полиции работать через сутки и положено ли сотрудникам полиции в таком случае компенсация




ҚРӘҚБтК-ң 230 бабының 2 бөлігі яғни сақтандыру келісім шарты "страховка", (трактор) (комбайн) шаруа қожалық көлік құралдарына міндеттелгенбе ??? Жауабын бере аласыздарма?



Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться