Ст. 141 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ
ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
141-бап. Тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі
1. Бақылау мен қадағалау субъектісі қызметінің нәтижесінде салдарларының ауырлық дәрежесі ескеріле отырып, адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы тәуекел болып табылады.
Тәуекелдерді бағалау деп бақылау және қадағалау органдарының зиян келтіру ықтималдығын өлшеу жөніндегі қызметі түсініледі.
2. Бақылау және қадағалау мақсаттары үшін тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі деп қызметтің тиісті салаларында тәуекелдің жол берілетін деңгейін қамтамасыз ете отырып, кәсіпкерлік еркіндігін барынша аз мүмкін болатындай дәрежеде шектеу мақсатында, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексерулерді кейіннен жүзеге асыру үшін бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) тәуекел дәрежелері бойынша бөлу арқылы осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген қолайсыз факторлардың туындау ықтималдығын азайтуға бағытталған, сондай-ақ нақты бақылау мен қадағалау субъектісі (объектісі) үшін тәуекел деңгейін өзгертуге және (немесе) мұндай бақылау мен қадағалау субъектісін (объектісін) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексерулерден босатуға бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдау процесі түсініледі.
Бақылау мен қадағалау субъектісінің тікелей қызметіне, салалық даму ерекшеліктеріне және осы дамуға ықпал ететін факторларға байланысты, бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің әртүрлі дәрежелеріне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарты болып табылады.
3. Бақылау және қадағалау органы бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүзеге асыру кезінде тәуекелдерді басқару мақсаттары үшін бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) мынадай тәуекел дәрежелерінің (бұдан әрі – тәуекел дәрежелері) біріне жатқызады:
1) жоғары тәуекел;
2) орташа тәуекел;
3) төмен тәуекел.
4. Тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылған бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) қызметінің салалары үшін талаптарға сәйкестігіне тексерулер жүргізудің жиілігі тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарымен, бірақ жылына бір реттен жиілетпей айқындалады.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы эпидемиялық маңыздылығы жоғары бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты талаптарға сәйкестігіне тексерулер жүргізу жиілігі жарты жылда бір реттен жиілетпей айқындалады.
Тәуекелдің орташа дәрежесіне жатқызылған бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) қызметінің салалары үшін талаптарға сәйкестігіне тексерулер жүргізудің жиілігі тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарымен, бірақ екі жылда бір реттен жиілетпей айқындалады.
Тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылған бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) қызметінің салалары үшін талаптарға сәйкестігіне тексерулер жүргізудің жиілігі тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарымен, бірақ үш жылда бір реттен жиілетпей айқындалады.
Тәуекелдің жоғары немесе орташа дәрежесіне жатқызылған бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) қызметінің салалары үшін талаптарға сәйкестігін тексеру, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
Тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылған бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) қызметінің салалары үшін талаптарға сәйкестігін тексеру, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
5. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және талаптарға сәйкестігін тексерулерді жүргізу үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтары реттеуші мемлекеттік органдардың, кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның бірлескен актісімен бекітіледі және реттеуші мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады.
6. Бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеуге арналған тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары, тексеру парақтары реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыруы қағидалары, тексеру парақтарының нысаны негізінде әзірленеді.
7. Тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін реттеуші мемлекеттік органдар бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) нақты тәуекел дәрежелеріне жатқызатын және бақылау іс-шараларын жүргізу графиктерін немесе тізімдерін автоматты режимде қалыптастыратын тәуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйелерін пайдалана отырып жүргізеді, сондай-ақ ол мемлекеттік статистикаға, ведомстволық статистикалық байқау қорытындыларына, сондай-ақ ақпараттық құралдарға негізделеді.
Автоматты режимде тәуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйесі болмаған кезде бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүзеге асырылатын бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) санының ең аз жол берілетін шегі белгілі бір бақылау мен қадағалау саласындағы осындай бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) жалпы санының бес пайызынан аспауға тиіс.
Бақылау және қадағалау органдарының тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, автоматты режимде қалыптастыру тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарының өзіндік ерекшелігі мен құпиялылығы ескеріле отырып, реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыруы қағидаларына, тексеру парақтарының нысанына сәйкес жүзеге асырылады.
8. Тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағына және 143-бабының 3-тармағына сәйкес тексеру парақтарында белгіленген және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексерудің нысанасы болып табылатын талаптардың бұзылу дәрежесін айқындауға негіз болып табылады.
Талаптардың бұзылуы ауырлығына қарай өрескел, елеулі және болмашы болып бөлінеді.
Осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағына және 143-бабының 3-тармағына сәйкес тексеру парақтарында белгіленген талаптардың бұзылуын өрескел, елеулі және болмашы бұзушылықтарға жатқызу реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыруы қағидаларына, тексеру парақтарының нысанына сәйкес жүзеге асырылады.
9. Бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) мынадай жағдайларда:
1) егер мұндай субъектілер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және тәртіппен үшінші тұлғалар алдында азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шарттарын жасаса;
2) егер Қазақстан Республикасының заңдарында және реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан немесе тексерулер жүргізуден босату жағдайлары айқындалса;
3) егер субъектілер өзін-өзі реттейтін ұйым қызметінің нәтижелерін тану туралы келісім жасалған, "Өзін-өзі реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері болса, ақпараттық жүйе қолданыла отырып, бақылау мен қадағалау субъектілері қызметінің тиісті салаларында тәуекелдің жоғары дәрежесінен тәуекелдің орташа дәрежесіне немесе тәуекелдің орташа дәрежесінен тәуекелдің төмен дәрежесіне ауыстырылады.
10. Реттеуші мемлекеттік органдар ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшесіне (қатысушысына) бақылау мен қадағалауды жүзеге асырған кезде кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, өзін-өзі реттейтін ұйым қызметінің нәтижелерін тану туралы жасалған келісімді ескере отырып, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында осындай мүшеліктің (қатысудың) болу фактісін жеңілдететін индикатор ретінде ескереді.
Осы баптың осы тармағы бірінші бөлігінің, сондай-ақ 9-тармағы 3) тармақшасының ережелері Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі, қорғаныс, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету салаларына қолданылмайды.
11. Бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) бақылау нысандарын айқындауды реттеуші мемлекеттік органдар бақылау жүзеге асырылатын әрбір қызмет саласы үшін жүзеге асырады.
Ескерту. 141-бап жаңа редакцияда – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
У моего супруга был договор, как у директора филиала Компании, использования личного автомобиля в служебных целях, с этого года он отказался подписывать такой договор в связи с неисправностью личного автотранспорта(часто ломается), его хотят уволить из за этого. Законно ли это?
Менің күйеуім бір азаматтан нақты алған қарыз сомасы – 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңге.
Алайда қарыз беруші бұл соманы заңсыз жолмен көбейтіп, әртүрлі қолхаттар мен құжаттарға шындыққа сай келмейтін сандарды жаздырып алған.
2 500 000 теңге бойынша жағдай
Күйеуім 2 500 000 теңге алғанына қарамастан, қарыз беруші қолхатта қарыз сомасын 5 000 000 теңге деп көрсетіп жаздырған.Осы қолхатта:“Қарыз уақытында қайтарылмаса, автокөлігімді беремін”деген шарт енгізілген.Маңызды жайт:Аталған автокөлік банкте кепілде тұрғаны қарыз берушіге алдын ала ескертілген, яғни ол мүлік заңды түрде беруге жарамсыз болған. 4 000 000 теңге бойынша жағдайКүйеуім 4 000 000 теңге алған, бірақ қарыз беруші бұл соманы 10 000 000 теңге деп жаздырып,“Қайтарылмаса, үйді беремін”деген қолхат жасатқан.Алайда:Бұл “үйдің” заңды құжаттары болмаған, тек жер телімі ретінде ғана тіркелген.
Жер телімін заңсыз иемдену Қарыз беруші кейін нотариус арқылы:
“Мен бұл жер телімін 10 000 000 теңгеге сатып алдым”деген мазмұнда жалған мәміле рәсімдетіп, жер телімін өз атына өткізіп алған.Бұл мәміле нақты қарызды жасыру және мүлікті иемдену мақсатында жасалған деп есептейміз.Үйді сатып жіберу
Кейін қарыз беруші:“Үйдің құжатын жасап аламын” деп қорқытып,сол жердегі үйді сатамын деп қысым көрсеткен,нәтижесінде үйді үшінші тұлғаға сатып жіберген.Заңсыз өсім мен қысым Қарызды кешіктірген уақыттан бастап, қарыз беруші:ешбір жазбаша келісімсіз,ауызша түрде.Күніне 100 000 теңге өсім қосылады”
деп талап қойған.Осылайша 6 500 000 теңге қарызды бірден 15 000 000 теңгеге дейін өсіріп, психологиялық қысым мен қорқыту арқылы талап еткен.
Оның әрекеттерінде ҚР ҚК:
190-бап — алаяқтық
194-бап — бопсалау
214-бап — заңсыз өсімқорлық
389-бап — өзінше билік ету белгілері бар деп есептеймін
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей