< ҚР Кәсіпкерлік Кодексі

Ст. 144 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
144-бап. Тексерулерді ұйымдастыру тәртібі

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

1-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1. Талаптарға сәйкестігін тексеру осы Кодекстің 141-бабының 4-тармағында белгіленген жиілікпен тәуекелдерді бағалау өлшемшарттары қолданылып жүзеге асырылады. 

Біліктілік немесе рұқсат беру талаптары, сондай-ақ хабарлама жасау тәртібі шеңберіндегі талаптар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді. 

2. Тәуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйесі автоматты режимде қалыптастырған график талаптарға сәйкестік тұрғысынан тексеру тағайындауға негіз болып табылады. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

2-тармақтың екінші бөлігін алып тастау көзделген – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Тәуекелдерді бағалау мен басқарудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесі болмаған кезде графикті реттеуші мемлекеттік орган бекітеді. 

График өздеріне қатысты талаптарға сәйкестік тұрғысынан тексеру тағайындалған бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) міндетті түрде көрсете отырып, бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты жыл сайынғы негізде тәуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйесінде автоматты режимде қалыптастырылады. 

Бақылау және қадағалау органы сол бір бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты талаптарға сәйкестігін тексеру графигін және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың жартыжылдық тізімдерін жасаған кезде оларды жүргізу кезеңінің бірыңғай мерзімдері белгіленеді. 

Талаптарға сәйкестігіне тексерулер жүргізу графигі тексерулер жүргізілген жылдың алдындағы жылдың 10 желтоқсанына дейінгі мерзімде "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінде жариялау үшін жіберіледі. 

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тексерулер жүргізу графигі "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінде тексерулер жүргізілген жылдың алдындағы жылдың 10 желтоқсанына дейінгі және ағымдағы күнтізбелік жылдың 10 мамырына дейінгі мерзімде жарияланады. 

Тәуекелдерді бағалау мен басқарудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесі болмаған кезде графикті реттеуші мемлекеттік органның немесе жергілікті атқарушы органның бірінші басшысы бекітеді. 

3. Бақылау және қадағалау органы бақылау мен қадағалау субъектісін (заңды тұлғаның басшысын не оның уәкілетті адамын, жеке тұлғаны) талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізудің басталғаны туралы тексеру басталғанға дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын оның басталу күнін көрсете отырып, жазбаша түрде хабардар етуге міндетті. 

Бақылау мен қадағалау субъектісі тексеру жүргізудің басталуы туралы хабарлама алған, бірақ тексеру кезіне Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 42-бабының 6-тармағына сәйкес мемлекеттік қайта тіркеуден өткен жағдайда, тексеру жүргізудің басталғаны туралы қайта хабардар ету талап етілмейді. 

Осы тармақтың ережелері патогендігі I және (немесе) II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын бақылау және қадағалау субъектілерін тексеруге қолданылмайды. 

4. Бақылау және қадағалау органы адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнген тікелей қатердің алдын алу және (немесе) оны жою мақсатында, нақты бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты жоспардан тыс тексеруді тағайындауға негіз болған нақты фактілер мен мән-жайлар бойынша тағайындайтын тексеру жоспардан тыс тексеру болып табылады. 

Осы баптың 5-тармағының 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында, 8, 9 және 10-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жоспардан тыс тексеруді жүргізу кезінде бақылау және қадағалау органы тексеру басталғанға дейін кемінде бір тәулік бұрын, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) тексеру жүргізудің нысанасын көрсете отырып, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) жоспардан тыс тексеру жүргізудің басталғаны туралы бақылау мен қадағалау субъектісіне хабар беруге міндетті. 

5. Бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) жоспардан тыс тексеруге мыналар негіз болып табылады: 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

1) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

1) талаптарға сәйкестігін тексеру және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижесінде тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында айқындалған, анықталған өрескел бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың орындалуын бақылау; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

2) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2) егер бақылау мен қадағалау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты бір реттен көп ұсынбаса және (немесе) бұзушылықтарды жоймаса, талаптарға сәйкестігін тексеру және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижесінде тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында айқындалған, анықталған елеулі және болмашы бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың орындалуын бақылау; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

2-1) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3) сенімді негіздер және растайтын дәлелдемелер болған кезде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар бойынша жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

4) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

4) адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірудің нақты фактілері бойынша не зиян келтіру қатері туралы прокуратура органдарының тапсырмалары; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

5) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

5) адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірудің, сондай-ақ жойылмауы адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге алып келетін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша мемлекеттік органдардың жолданымдары; 

6) бақылау мен қадағалау субъектісінің бастапқы тексерумен келіспейтіні туралы жүгінуіне байланысты қайта тексеру (жедел ден қою шараларын қолданудың құқыққа сыйымсыздығы); 

7) қылмыстық қудалау органының Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздер бойынша тапсырмасы; 

8) салық төлеушінің жолданымдары, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалған мәліметтер мен мәселелер. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

5-тармақты екінші бөлікпен толықтыру көзделген – ҚР 19.04.2024 № 74-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

6. Жоспардан тыс тексерулер анонимдік жолданымдар болған жағдайларда жүргізілмейді. 

7. Нақты бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты анықталған және осы жоспардан тыс тексеруді тағайындауға негіз болған фактілер мен мән-жайлар жоспардан тыс тексеруге жатады. 

8. Эпидемияның, карантиндік объектілер және аса қауіпті зиянды организмдер ошақтарының, инфекциялық, паразиттік аурулардың, уланулардың, радиациялық авариялардың таралу қатері төнген жағдайда, бақылау мен қадағалау субъектісін алдын ала хабардар етпестен және тексеруді тағайындау туралы актіні тіркеместен, оны кейіннен құқықтық статистика және арнаулы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға келесі жұмыс күні ішінде ұсына отырып, объектілерге жоспардан тыс тексеру жүргізіледі. 

ҚАИ-ның ескертпесі!

8-1-тармақпен толықтыру көзделген – ҚР 15.04.2024 № 72-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

9. Бақылау және қадағалау органдары, сондай-ақ құқықтық статистика және арнаулы есепке алу жөніндегі уәкілетті орган орналасқан жерден едәуір шалғайдағы объектілерде немесе бақылау мен қадағалау субъектілерінде жоспардан тыс тексеру жүргізу үшін негіздер анықталған жағдайда, бақылау мен қадағалау субъектісін алдын ала хабардар етпестен және тексеруді тағайындау туралы актіні тіркеместен, оны кейіннен құқықтық статистика және арнаулы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға келесі бес жұмыс күні ішінде ұсына отырып, жоспардан тыс тексеру жүзеге асырылады. 

Жоспардан тыс тексеруді тағайындау туралы акт тіркелген жерден оны жүргізетін жерге дейін бір жүз километрден асатын арақашықтық бақылаушы және тіркеуші органдар орналасқан жерден едәуір шалғайда орналасу деп есептеледі. 

10. Жалған пестицидтерді өндіру (формуляциялау), тасымалдау, сақтау, өткізу және қолдану, сондай-ақ жалған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіру, сатып алу, тасымалдау, сақтау, өткізу, сондай-ақ патогендігі I–II топтағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу мәселелері бойынша жоспардан тыс тексерулер бақылау мен қадағалау субъектісін алдын ала хабардар етпестен жүргізіледі. 

11. Осы баптың 5-тармағында санамаланған жоспардан тыс тексеруді жүргізу үшін негіздер мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелеріне, қызметін әділет органдарында немесе тіркеуші органда тіркемей жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелеріне, бейрезидент-заңды тұлғаларға да қатысты қолданылады.  

12. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың қолданысын белгілі бір мерзімге тоқтата тұру туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды. 

13. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген тексерулерді қоспағанда, осы Кодексте белгіленбеген өзге де тексеру түрлерін жүргізуге тыйым салынады. 

Ескерту. 144-бап жаңа редакцияда – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...142 143 144 144‑1 144‑2 ...324
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться