Ст. 144-1 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ
ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
144-1-бап. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау
1. Бақылау және қадағалау органдары бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды бақылау мен қадағалау субъектісі ұсынған есептілікті, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен электрондық ақпараттық ресурстардан алынған мәліметтерді және бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерді зерделеу және талдау негізінде жүзеге асырады. 2. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізу үшін Қазақстан Республикасының заңдарында жүргізудің мақсаттары, құралдары, тәсілдері, субъектілердің (объектілердің) тізбесі, жүргізу жиілігі, бақылау мен қадағалау субъектісін (объектісін) байқауды есепке алу тәсілі міндетті түрде көрсетіле отырып, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізу тәртібі айқындалады.
3. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес мынадай шарттардың барлығы сақтала отырып жүзеге асырылады:
1) бақылау және қадағалау органдарының бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) баруына тыйым салынады;
2) құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тіркеу әрі бақылау мен қадағалау субъектісін алдын ала хабардар ету талап етілмейді;
3) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау қорытындылары бойынша, бұзушылық болған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғамай, бірақ бақылау мен қадағалау субъектісіне оны жою тәртібі міндетті түрде түсіндіріле отырып, қорытынды құжаттар (анықтама, қорытынды, ұсынымдар және басқалар) жасалады.
4. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды талдау нәтижелері бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізу үшін бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеуге негіз болып табылады.
Бақылау және қадағалау органында автоматты режимде тәуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйесі болған кезде бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды талдау нәтижелері осы ақпараттық жүйеде ескеріледі.
Ескерту. Кодекс 144-1-баппен толықтырылды – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей