Ст. 64 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ
ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
64-бап. Сараптама кеңестері
1. Сараптама кеңесі орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар жанынан: кәсіпкерлікті қолдау мен қорғау, оның ішінде әкімшілік кедергілерді жою мақсатында мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстарды тұжырымдау;
кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстарды тұжырымдау;
сараптама кеңестерінің мүшелерінен кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына, мемлекеттік жоспарлау жүйесі саласындағы құқықтық актілердің жобаларына, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының жобаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарға сараптама қорытындыларын алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін құрылатын консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Сараптама кеңестерінің құрамына Ұлттық палатаның, өзін-өзі реттеу ұйымдарының, жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнің бiрлестiктерi мен өзге де коммерциялық емес ұйымдардың, мемлекеттiк органдардың өкiлдерi кіреді.
Сараптама кеңестерінің отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.
3. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерi мен өзге де коммерциялық емес ұйымдар сараптама кеңесінің мүшелері мәртебесіне өздері орталық мемлекеттiк немесе жергiлiктi атқарушы органда аккредиттелген кезден бастап қана ие болады.
4. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуден өткізу тәртібін, оның ішінде аккредиттеу туралы куәліктің нысанын, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібін кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
Аккредиттеу туралы куәлік үш жыл мерзімге беріледі.
Орталық мемлекеттік және (немесе) жергілікті атқарушы органдарда қатарынан екі реттен көп аккредиттелген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері аккредиттеу туралы куәлікті мерзімсіз негізде алады.
5. Сараптама кеңесінің отырыстарына сараптама кеңесі мүшелерінің өкілдері қатысады, олардың өкілеттіктері сенімхатпен расталады.
Орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдардың жанындағы сараптама кеңестерінiң құрамдары осы органдар басшыларының шешiмдерiмен бекiтiледi.
6. Мемлекеттiк құпияларды қамтитын нормативтiк құқықтық актілердің жобалары, мемлекеттік жоспарлау жүйесі саласындағы құқықтық актілердің жобалары сараптама кеңесінің қарауына жатпайды.
7. Сараптама кеңесінің мүшелері нормативтік құқықтық актінің жобасын, мемлекеттік жоспарлау жүйесі саласындағы құқықтық актілердің жобаларын, Қазақстан Республикасы халықаралық шартының жобасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шартты қарауды сараптама кеңесінің мүшелеріне тиісті жобаны ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы хабарламаны сараптама кеңесінің дереу жіберуі арқылы отырыс өткізбей жүзеге асырады.
Күн тәртібі оның мүшелерінің кемінде үштен екісі болған кезде қаралады.
Бұл ретте сараптама кеңесінің отырыстары сараптама кеңесінің мүшелерін тікелей шақыру не нақты уақыт режимінде бейнеконференция байланысын немесе интернет-конференция өткізу арқылы өткізілуі мүмкін.
Егер сараптама кеңесі мүшелерінің бірі сараптама кеңесінің отырысын өткізуді талап ететін болса, мұндай отырысты өткізу міндетті болып табылады. Сараптама кеңесі отырысының қорытындысы кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына сараптама кеңестері туралы үлгілік ережеде айқындалған тәртіппен жіберілуі мүмкін.
8. Егер жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын мәселе тиісті орталық мемлекеттік немесе жергілікті атқарушы органның құзыретіне жататын болса, осындай кез келген мәселе сараптама кеңесінің қарауына шығарылуы мүмкін.
9. Алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 64-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 12.03.2021 № 15-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Добрый вечер.
Если человек не является собственником квартиры ,(а собственник умер давно и нет наследников)но проживает там уже 7 лет, он затопил квартиру соседей ,кто должен отвечать и на основании какой статьи.
Добрый вечер.Скажите пожалуйста, если мне назначена пенсионная выплата по возрасту после 23 января, положена ли мне индексация выплаты в связи с инфляцией, которая делалась с 1 января. Я встречала ответ Министра труда и социальной защиты на egov.kz ; dialog.egov .kz "Открытый диалог" Дуйсеновой Т.Б. Что если пенсионная выплата назначена в 2020 году после 1 июля, точно не помню число, в 2020 году то она будет проиндексирована на 7 % ( повышение с 1 января) и на 5 % ( повышение с 1 апреля), т.е. на 12 процентов. Теперь я не могу найти эту статью, мне эта информация нужна для обжалования в суде сделанных мне перерасчетов пенсии по возрасту. Благодарю.
Добрый день!
Если Поставщик не правильно указал свой юредический адрес ( в регитсрационных данных в егов другой город и адрес) можно его отклонить от закупок в конкурсе?
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей