< ҚР Әлеуметтік Кодексі

Ст. 87 ҚР Әлеуметтік Кодексі 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.01.2025

ҚР Әлеуметтік Кодексі
87-бап. Бюджеттік субсидиялар алу құқығы

1. Бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемдерді алушылар үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары қосымша белгіленеді, олар уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен бюджет қаражаты есебінен субсидиялануға жатады. 

2. Бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемді алушыға, егер мүгедектік мерзімсіз болып белгіленсе, бюджеттік субсидиялар оның осы Кодекстің 248-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем сомасынан міндетті зейнетақы жарналарын ұстауға келісімі болған кезде жүзеге асырылады. 

3. Егер бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемдерден ұсталатын міндетті зейнетақы жарналарының мөлшері әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген орташа айлық кірістің 10 пайызынан асатын болса, міндетті зейнетақы жарналарын бюджеттік субсидиялау жүргізілмейді. 

4. Бюджеттік субсидиялар баланың туу туралы куәлігінде көрсетілген туған күнінен бастап, ал баланы (балаларды) асырап алған және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, бір жарым жасқа дейінгі балаға қорғаншылық тағайындалған жағдайларда – соттың баланы (балаларды) асырап алу туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап немесе қорғаншы тағайындалған күннен бастап бала бір жарым жасқа толған күнге дейін не қорғаншы (асырап алушы) осы Кодекстің 207-бабында көзделген зейнеткерлік жасқа толғанға дейін жүргізіледі.

Статья 1 ...85 86 87 88 89 ...263
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Қала ішінде фаркоппен жүру қаншалықты заңды? Фаркоп заңды түрде тех паспортта тіркелмеген.

Мен светофорда жасыл түске өтіп бара жатқанда, алдымдағы көлік солға бұрыламын деп резко тормоз беріп, мен сол көліктің фаркобына соғылдым. Мен дистанция сақтамағаныма келісемін, но фаркобтың тұрғаны дұрыс емес деп кейін естідім. Менде ущерб көп, ( решетка, бампер және бампердің төменгі бөлігі сынды, ал ол көліктің бамперінде кішкене царапина қалды. Мамандар жауап берсе ризашылығымды білдіремін.

Қай статья, қандай бап?



Қосымша білім беру ұйымдары, Білім бөлімінен балаларды сабақтан сұрауға сұраныс жіберсе, білім бөшімі сабақтан босатуға міндетті ме? сол туралы заң бар ма?




Здравствуйте! Положен ли штраф бухгалтеру в размере 100 МПР если она в декретном отпуске?



Добрый день! Подскажите согласно какой статье и какому пункту, на товары двойного назначения при оформлении СНТ должна ставиться живая печать налогового органа. Спасибо!



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться