Ст. 183 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
183-бап. Масс-медиадағы және онлайн-платформалардағы қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабар
Ескерту. 183-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 19.06.2024 № 94-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 1. Масс-медиадағы және онлайн-платформалардағы хабар масс-медиада, телекоммуникация желілерінде немесе онлайн-платформаларда жарияланғанда немесе таратылғанда, ол сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуына себеп бола алады.
2. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарды жариялаған немесе таратқан масс-медиада немесе онлайн-платформада басқарушылық функцияларды орындайтын адамдар сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауға құқығы бар органның талабы бойынша жасалған хабарды растайтын қолда бар құжаттар мен өзге де материалдарды беруге, сондай-ақ ол адамның мәлiметтердi ақпарат көзiн құпия ұстау талабымен беру жағдайларын қоспағанда, бұл мәлiметтердi берген адамды атауға мiндеттi.
Ескерту. 183-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 19.06.2024 № 94-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы





если заявка на погрузку 28 февраля, а отказ от погрузки от 21 февраля освобождается ли грузоотпр-ль от штрафа полностью или на 1/3?
8.6 пункт там влияет какая полоса движения или без разницы сплошная прерывистая свободная левая или правая надо заблаговременно
нас обучали и сказали при сплошной можно поворачивать даже налево или на право зависимости предназначенной для движения в данном направлении а если прерывистая надо перестроится если она свободная
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей