Ст. 257 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
257-бап. Айғақтарды сол жерде тексеру және нақтылау
1. Жәбiрленушiнiң, куәнiң, күдіктiнiң айғақтарын тергелетiн оқиғамен байланысты жерде тексеру және нақтылау:
1) айғақтардың анықтығын оларды болған оқиғаның жағдайымен салыстыру арқылы анықтау;
2) тексерiлетiн әрекеттер жасалған маршрутты және орынды нақтылау;
3) жаңа нақты деректердi анықтау мақсатында жүргiзiледi.
2. Айғақтарды сол жерде тексеру және нақтылау бұрын жауап алынған адамның зерттелiп отырған оқиғаның жағдайы мен мән-жайларын сол жерде баяндап-көрсетуі; iс үшiн маңызы бар нәрселерді, құжаттарды, iздердi іздеп табуы және көрсетуі; белгiлi бiр iс-қимылды бейнелеп-көрсетуі; зерттелiп отырған оқиғада қайсы бір нәрселердің қандай рөл атқарғанын көрсетуі; оқиға орнындағы жағдайдың өзгеруiне назар аударуы; өзiнiң бұрынғы айғақтарын нақтылауы және айқындауы болып табылады. Бұл әрекеттерге сырттан қандай да бiр араласуға және жетелеушi сұрақтар қоюға жол берілмейді.
3. Бiрнеше адамның айғақтарын сол жерде бiр мезгілде тексеруге және нақтылауға жол берілмейді.
4. Айғақтарды тексеру және нақтылау жауап алынып отырған адамға оның айғақтары тексерiлетiн маршрут пен орынды ерiктi түрде көрсетудi ұсынудан басталады. Айғақтар баяндалғаннан және iс-қимылдар бейнелеп-көрсетілгеннен кейiн айғақтары тексерiлiп отырған адамға сұрақтар қойылуы мүмкiн. Бұл адам, сондай-ақ процеске қатысатын өзге де адамдар жүргiзiлiп отырған тергеу әрекетiне байланысты өздерiнен қосымша жауап алуды талап етуге құқылы.
5. Айғақтарды сол жерде тексеру және нақтылау барысында табылған, iс бойынша дәлелдемелік маңызы болуы мүмкін нәрселер мен құжаттар алып қойылып, қапталады және мөрленеді, оларды алып қою фактiсi хаттамада көрсетiледi.
6. Айғақтарды сол жерде тексеру және нақтылау кезiнде өлшеу, фотосуретке түсiру, дыбыс- және бейнежазба, киноға түсiру жүргiзiледi, жоспарлар мен схемалар жасалады. Қажет болған жағдайларда айғақтарды сол жерде тексеру және нақтылау маманды тарта отырып жүргізілуі мүмкін. Айғақтарды сол жерде тексеру және нақтылау кезiнде дыбыс- және бейнежазба құралдары міндетті түрде пайдаланылады және осы Кодекстiң 210-бабында көрсетілген қағидалар бойынша жүргiзiледі.
7. Айғақтарды сол жерде тексерудің және нақтылаудың жүргiзiлгенi туралы осы Кодекстiң 199-бабының талаптары сақтала отырып хаттама жасалады.
Ескерту. 257-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей