< ҚР Қылмыстық-процестік кодексi

Ст. 71 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 31.10.2026

ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
71-бап. Жәбірленуші

1. Қылмыстық құқық бұзушылық өзіне тікелей моральдық, тәндік немесе мүліктік зиян келтірді деп пайымдауға негізі бар тұлға қылмыстық процесте жәбірленуші деп танылады. 

1-1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам осы баптың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда адамды жәбірленуші деп дереу тануға міндетті. 

2. Есі дұрыс емес адам жасаған, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде тыйым салынған іс-әрекетпен оған зиян келтірілген жағдайларда да тұлға жәбірленуші деп танылады. 

3. Тұлға қылмыстық процесте тиісті қаулы шығарылғаннан кейін жәбірленуші деп танылады. Егер қылмыстық процесс барысында оның бұл жағдайда болуына негіздер жоқ екені анықталса, қылмыстық процесті жүргізетін орган өз қаулысымен тұлғаның жәбірленуші ретінде қатысуын тоқтатады. 

4. Жәбірленушіге қылмыстық процесте азаматтық талап қою құқығы түсіндіріледі және оған қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген мүліктік зиянды, сондай-ақ оның осы Кодексте белгіленген қағидалар бойынша өкілге арналған шығыстарын қоса алғанда, қылмыстық процеске қатысуына байланысты шеккен шығыстарын өтеу қамтамасыз етіледі. 

5. Жәбірленушінің өзіне моральдық зиянды өтеу туралы талап қоюы қылмыстық процесте қаралады. Егер ол мұндай талап қоймаса не ол қараусыз қалдырылса, онда жәбірленуші оны азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен беруге құқылы. 

6. Жәбірленушінің: 

1) келтірілген күдік пен тағылған айыптау туралы білуге; 

2) ана тілінде немесе өзі білетін тілде айғақ беруге; 

3) дәлелдемелерді ұсынуға; 

4) өтінішхаттар мен қарсылық білдірулерді мәлімдеуге; 

5) аудармашының тегін көмегін пайдалануға; 

6) өкілінің болуына; 

7) қылмыстық қудалау органы одан дәлелдеу құралы ретінде алып қойған немесе өзі ұсынған мүлікті, сондай-ақ қылмыстық заңмен тыйым салынған іс-әрекетті жасаған адамнан алып қойылған, өзіне тиесілі мүлікті алуға, өзіне тиесілі құжаттардың төлнұсқаларын алуға; 

8) заңда көзделген жағдайларда күдіктімен, айыпталушымен, сотталушымен татуласуға, оның ішінде медиация тәртібімен татуласуға; 

8-1) қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес қылмыс туралы іс бойынша бұйрықтық іс жүргізуді қолдануға келісім білдіруге; 

9) өзінің қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға және оларға ескертулер беруге, ғылыми-техникалық құралдарды қолдана отырып, хаттамалардың көшірмелерін түсіруге және алуға; 

10) өз өтінішхаты не өз өкілінің өтінішхаты бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттеріне тергеушінің немесе анықтаушының рұқсатымен қатысуға; 

11) мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін осы Кодексте белгіленген тәртіппен істің материалдарымен танысуға және одан кез келген мәліметтерді жазып алуға, сондай-ақ ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып, көшірмелерін түсіруге; 

12) өзіне және өзінің отбасы мүшелеріне қауіпсіздік шараларын ұсыну, жеке өмірінің мән-жайларын жария етпеу туралы, күдіктіге қатысты жақындауға тыйым салуды қолдану туралы өтінішхаттар мәлімдеуге; 

13) өзін жәбірленуші деп тану немесе одан бас тарту, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы қаулылардың, айыптау актісінің, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасының, айыптау хаттамасының көшірмелерін, сондай-ақ бірінші, апелляциялық және кассациялық сатылардағы соттың үкімі мен қаулысының көшірмелерін алуға; 

14) бірінші, апелляциялық және кассациялық сатылардағы сотта істі соттың талқылауына қатысуға; 

15) сот жарыссөздерінде сөйлеуге; 

16) айыптауды, оның ішінде мемлекеттік айыптаушы айыптаудан бас тартқан жағдайда да қолдауға; 

17) сот отырысының хаттамасымен танысуға, бұл ретте хаттаманың соңына өз қолын қоюға, ал сот отырысы хаттамасының бір бөлігімен танысқан кезде осы бөліктің соңына қол қоюға; ал сот отырысында аудио-, бейнетіркеу қолданылған жағдайда – хаттаманың соңына қол қоюға, хаттамаға ескертулер беруге құқылы; 

18) анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешіміне шағым жасауға және заңда белгіленген жағдайларда оларды қарауға қатысуға; 

19) соттың үкімі мен қаулысына шағым жасауға; 

20) іс бойынша келтірілген шағымдар, прокурордың өтінішхаттары және наразылықтар туралы білуге, оларға қарсылықтар беруге және оларды қарауға қатысуға; 

21) өз құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін өзге де тәсілдермен қорғауға; 

22) тараптардың процестік келісім жасасу ниеті, оның шарттары мен салдары туралы білуге, қылмыспен келтірілген залалды өтеу бойынша өз шарттарын ұсынуға не оны жасасуға қарсылық білдіруге; 

23) Қазақстан Республикасының Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы заңнамасына сәйкес өтемақы алуға; 

24) Қазақстан Республикасының адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді алуға құқығы бар. 

Осы Кодекстің 76-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда, жәбірленушіге ақы төленбейтін білікті заң көмегі ұсынылады. 

7. Жәбірленушінің, ал ол қайтыс болған жағдайда – оның құқықтық мирасқорларының аса ауыр қылмыспен келтірілген мүліктік зиян үшін, егер осындай қылмысы үшін сотталған адамның осы қылмыспен келтірілген залалды өтеу үшін жеткілікті мүлкі болмаса, бюджет қаражаты есебінен ақшалай өтемақы алуға құқығы бар. Мұндай жағдайда бюджет қаражаты есебінен ақшалай өтемақы төлеу туралы мәселені үкім шығарған сот жәбірленушінің не оның құқықтық мирасқорының арызы бойынша шешеді. Көрсетілген жағдайларда, егер залал бір жүз елу айлық есептік көрсеткіштен аспаса, жәбірленушінің залалды толық көлемде өтеткізуге құқығы бар. 

8. Жәбірленуші: қылмыстық процесті жүргізетін органның шақыруы бойынша келуге, іс бойынша барлық белгілі мән-жайларды шынайы хабарлауға және қойылған сұрақтарға жауап беруге; өзіне іс бойынша белгілі мән-жайлар туралы мәліметтерді жария етпеуге; тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде және сот отырысы уақытында белгіленген тәртіпті сақтауға міндетті. 

9. Жәбірленуші шақыру бойынша дәлелді себептерсіз келмеген кезде ол осы Кодекстің 157-бабында көзделген тәртіппен мәжбүрлеп әкелуге ұшырауы және оған осы Кодекстің 160-бабында көзделген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы мүмкін. 

10. Жәбірленуші айғақтар беруден бас тартқаны және көрінеу жалған айғақтар бергені үшін заңға сәйкес қылмыстық жауаптылықта болады. 

11. Салдарында адам қайтыс болған қылмыстар туралы істер бойынша жәбірленушінің осы бапта көзделген құқықтарын қайтыс болған адамның жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) жүзеге асырады. Егер жәбірленушінің құқықтарын беруге қылмыстық құқық бұзушылық арқылы моральдық зиян келтірілген бірнеше адам үміткер болып отырса, олардың бәрі не олардың арасындағы келісім бойынша олардың біреуі жәбірленуші болып таныла алады. 

12. Қылмыстық құқық бұзушылықпен өзіне мүліктік зиян келтірілген заңды тұлға жәбірленуші болып танылуы мүмкін. Бұл жағдайда жәбірленушінің құқықтары мен міндеттерін заңды тұлғаның өкілі жүзеге асырады. 

Ескерту. 71-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2017 № 118-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2018 № 132-VI (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2024 № 111-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...69 70 71 72 73 ...674
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

я являюсь заведующим отделением в медицинском центре, под моим подчинением есть медицинские сотрудники, среди них работает моя супруга с законным бракосочетанием. (в браке более 10 лет) Так работаем более 5 лет, и по профессии к денежным и финансовым вопросам отношения не имею. по закону противодействию коррупцию в статьях 14 и 15 указано что запрещается такие связи. как быть



Должен ли участковый терапевт направить на спец лечение с превышением свинца в крови если отсутствует профпатолог?



Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует



Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.



Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться