< ҚР Қылмыстық Кодексi

Ст. 218-1 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.05.2024

ҚР Қылмыстық Кодексi
218-1-бап. Заңсыз иемденілген активтерді мемлекет кірісіне айналдырудан жасыру, сондай-ақ оларды заңдастыру (жылыстату)

1. "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған субъектінің және (немесе) үлестес тұлғаның ірі мөлшерде заңсыз иемденілген активтерді "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілетін активтерді ашып көрсету туралы декларацияда көрінеу анық емес, толық емес не бұрмаланған мәліметтер ұсыну арқылы мемлекет кірісіне айналдырудан жасыруы – 

мүлкі тәркіленіп, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

2. "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған субъектінің және (немесе) үлестес тұлғаның осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген активтерді немесе олардан түскен кез келген кірістерді оларды иеліктен шығару, конверсиялау немесе аудару бойынша мәмілелер жасау, олардың шынайы сипатын, көзін, тұрған жерін, билік ету, орнын ауыстыру тәсілін, активтерге құқықтарды немесе олардың тиесілілігін жасыру немесе бүркемелеу не жоғарыда көрсетілген әрекеттерді жасаудағы делдалдық арқылы ірі мөлшерде заңды айналымға тартуы, сол сияқты "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органды алдын ала немесе тиісінше не уақтылы хабардар етпей, активтерді кез келген нысанда ірі мөлшерде иеліктен шығару және (немесе) ауыртпалық салу, сондай-ақ сенімгерлік басқаруға беру – 

мүлкі тәркіленіп, бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, мынадай: 

1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен; 

2) бірнеше рет жасалған; 

3) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған іс-әрекеттер – 

мүлкі тәркіленіп, үш мыңнан жеті мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, мынадай: 

1) мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адам не оған теңестiрiлген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаған іс-әрекеттер, егер олар өзінің қызмет бабын пайдаланумен ұштасса; 

2) қылмыстық топ жасаған; 

3) аса ірі мөлшерде жасалған іс-әрекеттер – 

мүлкі тәркіленіп, ал осы бөліктің 1) тармағында көзделген жағдайларда – белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

Ескертпелер. 

1. Осы бапта көзделген әрекеттердің дайындалып жатқаны не олардың жасалғаны туралы өз еркімен мәлімдеген адам, егер оның әрекеттерінде осы баптың үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген қылмыстардың немесе өзге де қылмыстың құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады. 

2. Осы бапта "активтер" деп Қазақстан Республикасындағы немесе оның шегінен тысқары жердегі мүліктік игіліктер немесе құқықтар (мүлік), оған қоса осы мүліктен алынған (алынатын) немесе осы мүліктің есебінен иемденілген кез келген мүліктік игіліктер немесе құқықтар түсініледі. 

Ескерту. 218-1-баппен толықтыру көзделген – ҚР 12.07.2023 № 23-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...217‑1 218 218‑1 219 220 ...467
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

ҚРӘҚБтК-ң 230 бабының 2 бөлігі яғни сақтандыру келісім шарты "страховка", (трактор) (комбайн) шаруа қожалық көлік құралдарына міндеттелгенбе ??? Жауабын бере аласыздарма?



Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться