Ст. 312 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
ҚР Қылмыстық Кодексi
312-бап. Кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелерi бар материалдарды немесе заттарды дайындау және олардың айналымы не оларды порнографиялық сипаттағы ойын-сауық iс-шараларына қатысу үшiн тарту
1. Кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелерi бар материалдарды немесе заттарды тарату, жария көрсету немесе жарнамалау мақсатында дайындау, сақтау немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы алып өту не тарату, жария көрсету немесе жарнамалау – мүлкі тәркiленіп, үш жылдан алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Он сегіз жасқа толған адамның кәмелетке толмағандарды порнографиялық сипаттағы материалдарды және (немесе) заттарды дайындауға модельдер немесе актерлер ретінде, сол сияқты порнографиялық сипаттағы ойын-сауық iс-шараларына орындаушылар ретінде қатысу үшiн тартуы –
мүлкі тәркiленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, мынадай:
1) ата-ана, педагог не кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттер Қазақстан Республикасының заңымен жүктелген өзге адам жасаған;
2) көрiнеу жас балаға қатысты жасалған;
3) алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы немесе қылмыстық топ жасаған;
4) бірнеше рет жасалған іс-әрекеттер –
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 312-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 30.12.2020 № 393-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
В каких случаях начальство может заставить сотрудника полиции работать через сутки и положено ли сотрудникам полиции в таком случае компенсация
іс сапарға шығу қанша километрден бастап есептеледі
ҚРӘҚБтК-ң 230 бабының 2 бөлігі яғни сақтандыру келісім шарты "страховка", (трактор) (комбайн) шаруа қожалық көлік құралдарына міндеттелгенбе ??? Жауабын бере аласыздарма?
Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.
Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей