< ҚР Қылмыстық Кодексi

Ст. 75 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 02.03.2025

ҚР Қылмыстық Кодексi
75-бап. Ауруына байланысты жазадан босату немесе жазаны өтеуді кейінге қалдыру

Ескерту. 75-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 17.03.2023 № 212-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1. Қылмыстық құқық бұзушылық жасағаннан кейiн оны өз әрекеттерiнiң (әрекетсiздiгiнiң) iс жүзiндегi сипаты мен қоғамға қауiптiлiгiн ұғыну не оған ие болу мүмкiндiгiнен айыратын психикасының бұзылуы пайда болған адамды сот жазадан босатады, ал жазасын өтеп жатқан адамды сот оны одан әрi өтеуден босатады. Мұндай адамдарға сот осы Кодексте көзделген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындауы мүмкiн. 

2. Өмір бойына бас бостандығынан айырудан басқа, жазаны өтеуге кедергi жасайтын өзге де ауыр науқастан зардап шегуші адамға сот жазаны өтеуді кейінге қалдыруды қолдануы мүмкін не оны сот жазаны өтеуден босатады немесе науқасының сипаты, жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлығы, сотталған адамның жеке басы және басқа да мән-жайлар ескеріле отырып, жаза неғұрлым жеңiл жаза түрiне ауыстырылуы мүмкін. 

3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде аталған адамдар, олар сауыққан жағдайда, егер қылмыстық жауаптылыққа тартудың немесе айыптау үкімінің ескіру мерзімі өтіп кетпесе, қылмыстық жауаптылыққа және жазалануға жатады. 

4. Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмысты кәмелетке толмаған адамның он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адамға қатысты жасау жағдайын қоспағанда, осындай қылмыс, адамдардың қаза табуына алып келген не аса ауыр қылмыс жасауға ұштасқан террористік немесе экстремистік қылмыс, сондай-ақ қылмыстық топтың құрамында жасалған қылмыс үшін сотталған адамдарға қатысты жазаны өтеуді кейінге қалдыру қолданылмайды. 

Ескерту. 75-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 17.03.2023 № 212-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...73 74 75 76 77 ...467
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.




Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.



Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.



Лишили вод удостоверения в октябре прошлого по постановлению суда. При остановке и задержании у меня его не было с собой. Сотрудник ДПС не просил его сдать. После суда также не было просьб сдачи водительского удостоверения. Согласно статье 795 ч. 8 нужно сдать. С какого срока исчесляется срок лишения прав? С постановления суда или с момента изьятия водительского удостоверения? Не понятно вообщем



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться