Ст. 47-1 Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы 1996 жылғы 10 маусымдағы N 6-I
Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы
47-1-бап. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлікті кері қайтарып алу
Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлікті уәкілетті орган:
1) аккредиттеу туралы шешім қабылдауға негіз болған құжаттарда дұрыс емес мәліметтер анықталған;
2) аккредиттелген ұйымның қызметі туралы жыл сайынғы есеп уәкілетті органға белгіленген мерзімде ұсынылмаған;
3) уәкілетті органға аккредиттелген ұйымның қызметі туралы көрінеу жалған мәліметі бар жыл сайынғы есеп ұсынылған;
4) коммерциялық қызметті жүзеге асырған;
5) осы Заңның 46-бабында көзделген міндеттерді орындамаған;
6) авторлық сыйақыны уақтылы төлемеген;
7) жиналған авторлық сыйақыны аудару үшін авторларды, орындаушыларды және фонограмма шығарушыны іздеу жөнінде шаралар қолданбаған;
8) мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіргені, сондай-ақ қаулыларды, нұсқамаларды және өзге де талаптарды орындамағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған;
9) авторларға, орындаушыларға және фонограмма шығарушыларға уәкілетті орган белгілеген ең төмен сыйақы мөлшерлемелерінен төмен сыйақы мөлшерлемелері қолданылған жағдайларда кері қайтарып алуы мүмкін.
Ескерту. 47-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.07.10 № 179-IV; өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.12 № 537-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 07.04.2015 № 300-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы




Вы можете проверить свой статус ОСМС в личном кабинете на портале egov.kz. Если Вы являетесь застрахованным лицом, Вы можете воспользоваться всеми доступными в программе ОСМС видами лечения во всех медицинских организациях, оказывающих стационарную помощь в системе ОСМС.
Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане
Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей