Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 120 ҚР Бюджет кодексi 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VII


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.06.2025

ҚР Бюджет кодексi
120-бап. Бюджеттің атқарылуы туралы есепті ұсыну

1. Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есепте – есепті айдан кейінгі айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша бекітілген, нақтыланған, түзетілген республикалық және жергілікті бюджеттер, қабылданған, төленбеген міндеттемелер, бюджет түсімдерінің орындалуы және (немесе) тиісті бюджеттің бюджеттік бағдарламалары бойынша төленген міндеттемелер көрсетіледі. 

2. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік, шоғырландырылған, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді ай сайын – Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға, тоқсан сайын – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына ұсынады. 

3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органдары ай сайын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігіне, ревизиялық комиссиясына, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарына, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы есепті ұсынады.  

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары ай сайын және жыл қорытындысы бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға және өңірлік саясат жөніндегі орталық уәкілетті органға осы Кодекстің 118-бабында көзделген есептерді ұсынады. 

4. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы ай сайын әкімдікке, өңірлік саясат жөніндегі орталық уәкілетті органға, облыстың ревизиялық комиссиясына, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органына, облыстың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органына және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы есепті, сондай-ақ осы Кодексте көзделген басқа да есептерді ұсынады.  

5. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты ай сайын өңірлік саясат жөніндегі орталық уәкілетті органға, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органына аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы есепті, сондай-ақ осы Кодексте көзделген басқа да есептерді ұсынады.  
25-тарау. БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫ ТУРАЛЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП

Статья 1 ...118 119 120 121 122 ...172

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте


Здравствуйте, подскажите пожалуйста если ип хочет возобновить свою деятельность досрочно, после подачи заявления о возобновлении нужно ли сдавать отчеты за тот период на который она была приостановленна?


Подскажите приостоновили вычет для многодетной семьи, это законно?



Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться