Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 121 ҚР Бюджет кодексi 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VII


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 02.03.2025

ҚР Бюджет кодексi
121-бап. Жылдық есеп туралы жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі, жергілікті атқарушы орган есепті қаржы жылында республикалық немесе тиісті жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасайды. 

2. Есепті қаржы жылындағы бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті қалыптастыру үшін осы Кодекстің 118-бабының 2-тармағында белгіленген бюджеттік есептілік және есептердің мынадай түрлері қолданылады:  

уәкілетті органдар мен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жасайтын: 

мемлекеттік органның немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының іске асырылуы туралы есеп; 

мемлекеттік органдардың даму жоспарларының іске асырылуы туралы шоғырландырылған есеп; 

облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарларының іске асырылуы туралы шоғырландырылған есеп; 

резервтің (резерв түрлері бойынша) пайдаланылуы туралы есеп; 

бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есеп; 

қол жеткізілген әлеуметтік-экономикалық әсерді бағалай отырып, үкіметтік сыртқы қарыздар қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобалардың іске асырылуы туралы есеп; 

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері мен пайдаланылуы туралы есеп; 

мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша қабылданған мемлекеттік міндеттемелер туралы есеп;  

Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес, сомаларын көрсете отырып, жер қойнауын пайдаланушылармен жасалған келісімдер, меморандумдар, шарттар, келісімшарттар шеңберінде іс-шаралардың іске асырылуы туралы есеп;  

халық қатысатын бюджеттің іске асырылуы туралы есеп; 

агломерация аумағында жергілікті маңызы бар мәселелерді бірлесіп шешу туралы келісімнің іске асырылуы туралы есеп; 

квазимемлекеттік сектор субъектілері мен бюджет қаражатын өзге де алушылар жасайтын: 

дербес білім беру ұйымдарының ұзақ мерзімді даму стратегиялары туралы есептер; 

бюджеттен алынған ақшаның жұмсалуы туралы есеп; 

мемлекеттік тапсырмалардың орындалуы туралы есептер; 

заңды тұлғаларға берілетін трансферттердің пайдаланылуы туралы есеп; 

бюджеттен тыс қорлардың түсімдері мен шығыстары туралы есептер; 

есепті қаржы жылында бюджет қаражаты бөлінген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің даму жоспарларының немесе іс-шаралар жоспарларының іске асырылуы туралы есептер. 

Квазимемлекеттік сектор субъектілері мен бюджет қаражатын өзге де алушылар есептерді бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілеріне ұсынады. 

Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жиынтық есептерді бюджетті атқару жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға ұсынады. 

3. Мемлекеттік органның даму жоспарының іске асырылуы туралы есеп, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының іске асырылуы туралы есеп және квазимемлекеттік сектор субъектісінің даму жоспарының немесе іс-шаралар жоспарының іске асырылуы туралы есеп мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын нысан бойынша және тәртіппен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкес жасалады.  

Резервтің (резервтің түрлері бойынша) пайдаланылуы туралы есеп осы Кодекстің 21-бабына сәйкес қалыптастырылады. 

4. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп:  

1) есепті қаржы жылында республикалық бюджет туралы заң баптарының орындалуы туралы талдамалық есепті; 

2) республикалық бюджет туралы заңға қосымшаларға сәйкес республикалық бюджет көрсеткіштерінің атқарылуы туралы деректерді білдіретін тиісті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті; 

3) осы Кодекстің 45 және 46-баптарына сәйкес жүргізілетін мониторинг нәтижелері, нәтижелерді бағалау және осы баптың 2-тармағында көрсетілген есептілік негізінде жасалған, түсімдер бойынша, шығыстар бойынша республикалық бюджеттің атқарылуы туралы талдамалық есепті қамтиды. 

Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджет түсімдері жөніндегі талдамалық есепті мемлекеттік кірістер органдары ұсынған мәліметтер негізінде қалыптастырады және онда:  

салықтар бөлінісінде салық берешегінің көлемі; 

салықтар бөлінісінде артық төлем көлемі; 

қосылған құн салығын қайтару туралы ақпарат қамтылады. 

Республикалық бюджеттің шығыстары жөніндегі талдамалық есепте: 

бюджет қаражатымен және бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көзделген түпкілікті нәтижелер көрсеткіштерімен өзара байланыста мемлекеттік органның даму жоспары мақсаттарының іске асырылуы және оның нысаналы индикаторларына қол жеткізу; 

бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы және бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көзделген түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу; 

мемлекеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуы;  

Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервтің және Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің қаражатын пайдалану; 

бюджеттің бастапқыда бекітілген көрсеткіштерінің, бастапқыда жоспарланған түпкілікті нәтижелер мен нысаналы индикаторлардың өзгеру себептерін көрсете отырып, есепті қаржы жылы ішінде жүргізілген республикалық бюджеттің нақтылаулары мен түзетулерінің себептері мен көлемдері; 

Есепті қаржы жылында Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуы, оның ішінде "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мемлекеттік аудит мақсаттарына қол жеткізу және қағидаттарын іске асыру;  

Есепті қаржы жылында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуы;  

есепті қаржы жылында республикалық бюджет жобасын алдын ала бағалау қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасы ұсынымдарының орындалуы; 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің өткен қаржы жылында республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебіне берілген Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасы ұсынымдарының орындалуы; 

бюджеттен тыс қорлардың түсімдері мен шығыстары туралы ақпарат қамтылады.  

Мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша талдамалық ақпарат Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының нысаналы индикаторлары, түпкілікті нәтижелер көрсеткіштері және (немесе) іс-шаралар нәтижелері көрсетіліп, бюджеттік бағдарламалар бойынша көрсетіледі; 

4) шоғырландырылған бюджет түсімдері жөніндегі талдамалық есепті қамтиды. 

Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган шоғырландырылған бюджет түсімдері жөніндегі талдамалық есепті қалыптастырады және онда:  

экономика салаларының бюджет түсімдерінің жалпы көлеміне әсерін талдау және салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің толық әрі уақтылы түсуін талдау; 

шоғырландырылған бюджет құрылымына сәйкес экономиканың мұнайға қатысты және мұнайға қатысты емес секторларының кәсіпорындары бойынша салықтық түсімдер туралы ақпарат; 

шоғырландырылған бюджет құрылымына сәйкес мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган ұсынатын квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тізбесіне сай квазимемлекеттік сектор субъектілерінен түсетін салықтық түсімдер туралы ақпарат; 

шоғырландырылған бюджет құрылымына сәйкес Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасына сәйкес қалыптастырылатын және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган ұсынатын кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне сәйкес кәсіпкерлік субъектілері бойынша салықтық түсімдер туралы ақпарат қамтылады; 

5) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің және бюджет қаражатын өзге де алушылардың жиынтық есептерін; 

6) республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті; 

7) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің осы Кодекстің 55-бабының 2-тармағына сәйкес жүргізілетін, орталық атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының жүзеге асырылуына мониторинг нәтижелері және қабылданған шешімдер мен шаралар туралы есептерін; 

8) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің республикалық бюджетке дивидендтер (таза кіріс бөлігі) төленгеннен кейін қалған таза кіріс қаражатының пайдаланылуы туралы есептерін;  

9) нәтижелерді бағалау қорытындыларын; 

10) Мемлекеттік активтер мен квазимемлекеттік секторды басқару жөніндегі ұлттық баяндаманы; 

11) түсіндірме жазбаны қамтиды. 

Түсіндірме жазбада мынадай талдамалық ақпарат қамтылады: 

экономикалық жағдай туралы талдамалық ақпарат, оның ішінде қосылған құнды құрайтын экономика салаларының экономиканың дамуына әсерін талдау және экономика салаларының бюджеттік түсімдердің жалпы көлеміне әсерін талдау; 

елдегі салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарының іске асырылуы туралы; 

мемлекеттік сектор міндеттемелерінің ағымдағы жай-күйі туралы талдамалық ақпарат, оның ішінде үкіметтік сыртқы қарыздар қаражаты есебінен іске асырылатын әрбір жоба бөлінісінде қарыз талаптарына сәйкес негізгі борышты өтеу мен оған қызмет көрсетудің, сыйақылар, комиссиялық және өзге де төлемдер сомаларының көлемі туралы деректер. 

5. Жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп: 

1) тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімі, жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы мәслихат шешімі тармақтарының орындалуы туралы талдамалық есепті; 

2) жергілікті бюджет туралы мәслихаттың тиісті шешіміне және жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы мәслихаттың шешіміне қосымшаларға сәйкес жергілікті бюджет көрсеткіштерінің атқарылуы туралы деректерді білдіретін, тиісті қаржы жылында облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы есепті; 

3) осы Кодекстің 45 және 46-баптарына сәйкес жүргізілетін мониторинг нәтижелері, нәтижелерді бағалау және осы баптың 2-тармағында көрсетілген есептілік негізінде жасалған, түсімдер бойынша, шығыстар бойынша жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы талдамалық есепті қамтиды. 

Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган осы Кодекстің 52-бабының 7-тармағында көзделген есептілік негізінде жергілікті бюджет түсімдері жөніндегі талдамалық есепті қалыптастырады және онда: 

экономика салаларының бюджет түсімдерінің жалпы көлеміне әсерін талдау мен салықтық және салықтық емес түсімдердің толық жиналуын талдау; 

экономиканың мұнайға қатысты және мұнайға қатысты емес секторларының кәсіпорындары бойынша салықтық түсімдер туралы ақпарат; 

шоғырландырылған бюджет құрылымына сәйкес мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган ұсынатын квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тізбесіне сәйкес квазимемлекеттік сектор субъектілерінен түсетін салықтық түсімдер туралы ақпарат; 

шоғырландырылған бюджет құрылымына сәйкес Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасына сәйкес қалыптастырылатын және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган ұсынған кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне сәйкес кәсіпкерлік субъектілері бойынша салықтық түсімдер туралы ақпарат; 

салықтар бөлінісінде салық берешегінің көлемі туралы ақпарат; 

салықтар бөлінісінде артық төлем көлемі туралы ақпарат қамтылады. 

Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы талдамалық есепте: 

бюджет қаражатымен және түпкілікті нәтижелер көрсеткіштерімен өзара байланыста облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының мақсаттары мен нысаналы индикаторларына қол жеткізу; 

жергілікті атқарушы орган резерві қаражатының пайдаланылуы; 

бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы және бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көзделген түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу; 

агломерация аумағында жергілікті маңызы бар мәселелерді бірлесіп шешу туралы келісімнің іске асырылуы; 

халық қатысатын бюджеттің іске асырылуы; 

бастапқыда бекітілген бюджет көрсеткіштерінің, бастапқыда жоспарланған түпкілікті нәтижелер мен нысаналы индикаторлардың өзгеру себептерін көрсете отырып, есепті қаржы жылы ішінде жүргізілген жергілікті бюджетті нақтылаулар мен түзетулердің себептері мен көлемдері; 

есепті қаржы жылында облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті жобасын алдын ала бағалау қорытындылары бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың ревизиялық комиссиясы ұсынымдарының орындалуы; 

облыстық әкімдіктің, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің алдыңғы қаржы жылындағы жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есебіне берілген облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың ревизиялық комиссиясы ұсынымдарының орындалуы; 

іс-шараларды, жобаларды және шығыстар сомаларын көрсете отырып, арнаулы түсімдердің пайдаланылуы; 

жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға сәйкес жер қойнауын пайдаланушылардың өңірді әлеуметтік-экономикалық дамытуға және оның инфрақұрылымын дамытуға аударымдары бойынша міндеттемелерді орындау шеңберінде облыстық әкімдік, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігі мен жер қойнауын пайдаланушылар арасында жасалған меморандумдарға сәйкес шығыстар көлемін көрсете отырып, іс-шаралар туралы, оның ішінде жер қойнауын пайдаланушы жүргізген жұмыстар мен көрсеткен қызметтер бойынша; 

кірістерді бөлу нормативінің сақталуы;  

мемлекеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуы туралы ақпарат қамтылады; 

4) жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті; 

5) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің осы Кодекстің 55-бабының 2-тармағына сәйкес жүргізілетін, жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының жүзеге асырылуына мониторинг нәтижелері және қабылданған шешімдер мен шаралар туралы есептерін; 

6) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жергілікті бюджетке дивидендтер (таза кіріс бөлігі) төленгеннен кейін қалған таза кіріс қаражатының пайдаланылуы туралы есептерін; 

7) түсіндірме жазбаны қамтиды. 

Түсіндірме жазбада экономикалық жағдай және тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында қабылданған салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарының іске асырылуы туралы талдамалық ақпарат қамтылады.

Статья 1 ...119 120 121 122 123 ...172

Перейти к статье
Добавить комментарий


Новые комментарии на сайте

Вы можете проверить свой статус ОСМС в личном кабинете на портале egov.kz. Если Вы являетесь застрахованным лицом, Вы можете воспользоваться всеми доступными в программе ОСМС видами лечения во всех медицинских организациях, оказывающих стационарную помощь в системе ОСМС.


Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане


Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?


Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru


Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться