Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 125 ҚР Бюджет кодексi 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VII


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 02.03.2025

ҚР Бюджет кодексi
125-бап. Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті қарау және бекіту

1. Мәслихат облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың ревизиялық комиссиясының облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы туралы есебін алғаннан кейін бір ай ішінде мәслихаттың тұрақты комиссияларында облыстық әкімдіктің, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің есепті қаржы жылындағы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есебін қарайды.  

2. Мәслихат жылдық есепті қарау кезінде: 

әкімнің не оны алмастыратын адамның облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы және тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында қабылданған өңірдің салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарының іске асырылуы туралы, ревизиялық комиссияның осы Кодекстің 44-бабына сәйкес жүргізілетін мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының сараптамалық-талдамалық қызметінің қорытындылары бойынша берілген ұсынымдарының орындалуы туралы баяндамасын;  

облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың ревизиялық комиссиясы төрағасының облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы және есепті қаржы жылында облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың ревизиялық комиссиясының функцияларын, өкілеттіктері мен құзыреттерін іске асыруға бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуы туралы, оның ішінде "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мемлекеттік аудит мақсатына қол жеткізу және қағидаттарын іске асыру туралы баяндамасын; 

әкімнің не оны алмастыратын адамның облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарын іске асыру туралы баяндамасын;  

бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бірінші басшыларының облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының мақсаттары мен нысаналы индикаторларына қол жеткізу, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы баяндамаларын; 

мәслихат уәкілеттік берген адамның (адамдардың) облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы туралы есеп бойынша қорытындысы бар баяндамасын тыңдайды.  

Мәслихаттың тұрақты комиссиялары облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті талқылау кезінде депутаттардың ұсыныстары бойынша жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдер туралы заңнамасына сәйкес берілген функцияларын жүзеге асыратын нарық субъектілерінің басшыларын берілген функцияларды іске асырудың тиімділігі тұрғысынан тыңдайды және (немесе) осы Кодекстің 55-бабының 2-тармағына сәйкес жүргізілетін, жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының жүзеге асырылуына мониторинг нәтижелері және қабылданған шешімдер мен шаралар туралы тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің басшыларын тыңдайды. 

3. Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есеп мәслихаттың тұрақты комиссиялары қарағаннан кейін мәслихат сессиясында бекітіледі.

Статья 1 ...123 124 125 126 127 ...172

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Вы можете проверить свой статус ОСМС в личном кабинете на портале egov.kz. Если Вы являетесь застрахованным лицом, Вы можете воспользоваться всеми доступными в программе ОСМС видами лечения во всех медицинских организациях, оказывающих стационарную помощь в системе ОСМС.


Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане


Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?


Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru


Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться