Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 139 ҚР Бюджет кодексi 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VII


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 02.03.2025

ҚР Бюджет кодексi
139-бап. Үкіметтік борыш және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз алуы

1. Үкіметтік борыш – Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілі бір күнге алған және өтемеген мемлекеттік қарыздардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің борышына жатқызылған белгілі бір күнге борыштық міндеттемелердің сомасы. 

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз алуы: 

1) республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру; 

2) борыштық құралдардың ішкі нарығын дамытуға жәрдемдесу; 

3) бюджеттік инвестициялық жобаны қаржыландыру және қоса қаржыландыру; 

4) институционалдық жобаларды іске асыру арқылы саланы (салаларды) институционалдық дамыту мақсатында жүзеге асырылады. 

Қазақстан Республикасының Үкіметі бюджет профициті кезінде үкіметтік борышты қайта қаржыландыру үшін қарыз алуды жүзеге асыра алады. 

3. Институционалдық жоба – саланы (аяны) институционалдық тұрғыдан дамытуға бағытталған, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі белгілі бір уақыт кезеңі ішінде тікелей іске асыратын, аяқталған сипаты бар және қарыз шартын жасасу арқылы мемлекеттік қарыз алу арқылы қаржыландырылатын іс-шаралар жиынтығы. 

Мемлекеттік қарыздарды тарту есебінен іске асырылатын институционалдық жобаларды жоспарлау және іске асыру тәртібін бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.  

4. Қарыз шартын жасасу арқылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан қарыздар тарту, сондай-ақ қарыз қаражатын пайдалану бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады. 

5. Мемлекеттік сыртқы қарыздар бойынша есептілікті ұсыну және республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. 

6. Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерді, мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын немесе мемлекеттік "жасыл" облигацияларды шығару түрінде жүзеге асырады. 

Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарының эмитенті болып табылады, ал мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару кезінде мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құратын мемлекеттік ислам арнаулы қаржы компаниясы эмитент болып табылады. 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қарыз алушы болатын қарызға қатысты бағалы қағазды ұстаушының құқықтарын куәландыратын мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаз мемлекеттік қазынашылық міндеттеме болып табылады. 

Бағалы қағазды ұстаушының жалдау шарты негізінде активтерді пайдаланудан кіріс алуға құқықтарын куәландыратын мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаз мемлекеттік ислам бағалы қағазы болып табылады. 

Қазақстан Республикасының экология заңнамасына сәйкес "жасылға" жатқызылған жобаларды қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қарыз алушы болатын қарызға қатысты бағалы қағазды ұстаушының құқықтарын куәландыратын мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаз мемлекеттік "жасыл" облигация болып табылады. 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ішкі нарықта шығаратын мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерді шығару, орналастыру, айналысқа жіберу, қызмет көрсету және өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады. 

Мемлекеттік ислам бағалы қағазы Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес белгіленген исламдық қаржыландырудың негізгі қағидаттарына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шығарылады. 

Мемлекеттік "жасыл" облигацияларды шығару, орналастыру, айналысқа жіберу, қызмет көрсету және өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады. 

Сыртқы нарықта несие капиталын орналастыруға байланысты мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жүзеге асырылады. 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару туралы шешіміне байланысты тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға, сондай-ақ бұрын шығарылған мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алуға немесе шарттарын өзгертуге және шығарылатын және (немесе) бұрын шығарылған мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарға қатысты өзге де іс-шараларды жүзеге асыруға байланысты құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы қолданылмайды. 

7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз алуы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген үкіметтік борыш лимитімен және үкіметтік борышқа қызмет көрсетуге жіберілетін бюджет қаражатының көлемімен шектеледі. 

Тиісті қаржы жылына алынған және өтелмеген үкіметтік қарыздардың тіркеп-белгіленген сомасы үкіметтік борыш лимиті болып табылады, Қазақстан Республикасы Үкіметінің белгіленген күнге (тиісті қаржы жылының соңына) нақты борышы одан аспауға тиіс. 

8. Қазақстан Республикасы Үкіметінің борышын өтеуді және оған қызмет көрсетуді, бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында ол шығарған мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алуды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган өзі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арқылы республикалық бюджет туралы заңда көзделген бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.

Статья 1 ...137 138 139 140 141 ...172

Перейти к статье
Добавить комментарий


Новые комментарии на сайте

Вы можете проверить свой статус ОСМС в личном кабинете на портале egov.kz. Если Вы являетесь застрахованным лицом, Вы можете воспользоваться всеми доступными в программе ОСМС видами лечения во всех медицинских организациях, оказывающих стационарную помощь в системе ОСМС.


Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане


Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?


Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru


Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться