Ст. 140 ҚР Бюджет кодексi 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VII
ҚР Бюджет кодексi
140-бап. Жергілікті атқарушы органдардың борышы және жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы
1. Жергілікті атқарушы органның борышы – жергілікті атқарушы органның белгілі бір күнге алынған және өтелмеген қарыздарының сомасы.
2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қарыз алуы:
1) республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер алу;
2) қаржы жылы ішінде қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы қолма-қол ақшаның болжамды тапшылығын жабуға жоғары тұрған бюджеттен бюджеттік кредиттер алу;
3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қарыз алу мақсаттарының тізбесіне сәйкес шығыстарды қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналысқа жіберуге мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруы түрінде жүзеге асырылады.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қарыз алу мақсаттарының тізбесін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыш саласында бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді;
4) республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналысқа жіберуге мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруы;
5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында айналысқа жіберу үшін ұлттық валютада мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының экология заңнамасына сәйкес "жасылға" жатқызылған жобаларды қаржыландыру үшін халықаралық қаржы ұйымдарынан ұлттық валютада қарыз алуы түрінде жүзеге асырылады.
Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының қарыз алуы аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін облыстың жергілікті атқарушы органынан қарыз алуы түрінде жүзеге асырылады.
Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының қарыз алуы тиісті жергілікті бюджеттің тапшылығын қаржыландыру үшін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органынан қарыз алуы түрінде жүзеге асырылады.
3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының қарыз алуы тиісті жергілікті атқарушы орган борышының белгіленген лимитімен және тиісті жергілікті атқарушы органның борышын өтеуге және оған қызмет көрсетуге бағытталатын жергілікті бюджет қаражатының көлемімен шектеледі.
Жергілікті атқарушы органның тиісті қаржы жылына алынған және өтелмеген қарыздарының тіркеп-белгіленген сомасы жергілікті атқарушы орган борышының лимиті болып табылады, жергілікті атқарушы органның белгіленген күнге (тиісті қаржы жылының соңына) нақты борышы одан аспауға тиіс.
Жергілікті атқарушы органдардың тиісті қаржы жылына борыштарының лимиті республикалық бюджет туралы заңда бекітіледі.
Жергілікті атқарушы органның тиісті қаржы жылына борыш лимитін сақтамағаны үшін жауаптылық осы Кодекстің 41-бабында белгіленген.
4. Жергілікті атқарушы органның борышын өтеуге және оған қызмет көрсетуге арналған шығыстар көлемі тиісті қаржы жылында жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттерді есепке алмағанда, жергілікті бюджет кірістерінің он пайызына тең мөлшерден аспауға тиіс.
Жергілікті атқарушы органдардың борышын өтеуді және оған қызмет көрсетуді олар бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат есебінен жүзеге асырады.
5. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығаруы бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
6. "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында айналысқа жіберу үшін ұлттық валютада мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару және Қазақстан Республикасының экология заңнамасына сәйкес "жасылға" жатқызылған жобаларды қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының халықаралық қаржы ұйымдарынан қарыз алуы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының Қазақстан Республикасының экология заңнамасына сәйкес "жасылға" жатқызылған жобаларды қаржыландыру үшін халықаралық қаржы ұйымдарынан сыртқы мемлекеттік қарыздарының шарттары, көлемі және нысаналы мақсаты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша айқындалады.
Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының қарыз алуы Қазақстан Республикасының экология заңнамасына сәйкес "жасылға" жатқызылған жобаларды қаржыландыру үшін халықаралық қаржы ұйымымен қарыз шартын жасасу арқылы, тиісті жергілікті атқарушы орган борышының белгіленген лимиті шегінде жүзеге асырылады.
7. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының шығарылатын мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша борышын өтеу міндетті түрде міндеттемелерде белгіленген мерзімде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының қарыз шарттары бойынша борышын өтеу міндетті түрде қарыз шарттарында белгіленген мерзімде жүзеге асырылады.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Менің күйеуім бір азаматтан нақты алған қарыз сомасы – 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңге.
Алайда қарыз беруші бұл соманы заңсыз жолмен көбейтіп, әртүрлі қолхаттар мен құжаттарға шындыққа сай келмейтін сандарды жаздырып алған.
2 500 000 теңге бойынша жағдай
Күйеуім 2 500 000 теңге алғанына қарамастан, қарыз беруші қолхатта қарыз сомасын 5 000 000 теңге деп көрсетіп жаздырған.Осы қолхатта:“Қарыз уақытында қайтарылмаса, автокөлігімді беремін”деген шарт енгізілген.Маңызды жайт:Аталған автокөлік банкте кепілде тұрғаны қарыз берушіге алдын ала ескертілген, яғни ол мүлік заңды түрде беруге жарамсыз болған. 4 000 000 теңге бойынша жағдайКүйеуім 4 000 000 теңге алған, бірақ қарыз беруші бұл соманы 10 000 000 теңге деп жаздырып,“Қайтарылмаса, үйді беремін”деген қолхат жасатқан.Алайда:Бұл “үйдің” заңды құжаттары болмаған, тек жер телімі ретінде ғана тіркелген.
Жер телімін заңсыз иемдену Қарыз беруші кейін нотариус арқылы:
“Мен бұл жер телімін 10 000 000 теңгеге сатып алдым”деген мазмұнда жалған мәміле рәсімдетіп, жер телімін өз атына өткізіп алған.Бұл мәміле нақты қарызды жасыру және мүлікті иемдену мақсатында жасалған деп есептейміз.Үйді сатып жіберу
Кейін қарыз беруші:“Үйдің құжатын жасап аламын” деп қорқытып,сол жердегі үйді сатамын деп қысым көрсеткен,нәтижесінде үйді үшінші тұлғаға сатып жіберген.Заңсыз өсім мен қысым Қарызды кешіктірген уақыттан бастап, қарыз беруші:ешбір жазбаша келісімсіз,ауызша түрде.Күніне 100 000 теңге өсім қосылады”
деп талап қойған.Осылайша 6 500 000 теңге қарызды бірден 15 000 000 теңгеге дейін өсіріп, психологиялық қысым мен қорқыту арқылы талап еткен.
Оның әрекеттерінде ҚР ҚК:
190-бап — алаяқтық
194-бап — бопсалау
214-бап — заңсыз өсімқорлық
389-бап — өзінше билік ету белгілері бар деп есептеймін
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Читать еще раз
ҚР Бюджет кодексi 130-бап. Бухгалтерлік есепке алу жүйесі ҚР Бюджет кодексi 122-бап. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті ұсыну ҚР Бюджет кодексi 127-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті ұсыну ҚР Бюджет кодексi 107-бап. Бюджеттің түсімдер бойынша қазынашылық атқарылуы ҚР Бюджет кодексi 114-бап. Қазынашылық мониторингРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей