Ст. 24 ҚР Бюджет кодексi 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VII
ҚР Бюджет кодексi
24-бап. Республикалық маңызы бар қала, астана бюджетіне түсетін түсімдер
1. Мыналар республикалық маңызы бар қала, астана бюджетіне түсетін салықтық түсімдер болып табылады:
1) республикалық бюджетке есепке жазылатын ірі кәсіпкерлік субъектілерінен түсетін түсімдерді және мұнай секторының ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, корпоративтік табыс салығы;
2) жеке табыс салығы;
3) әлеуметтік салық;
4) жеке және заңды тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге салынатын мүлік салығы;
5) жер салығы;
6) көлік құралы салығы;
7) алып тасталды – ҚР 18.07.2025 № 215-VIII (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
8) мыналарға:
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген спирттің барлық түріне;
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген алкоголь өніміне;
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген, құрамындағы этил спиртінің көлемі 0,5 пайыздан аспайтын сыра қайнату өніміне;
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген темекі бұйымдарына;
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген жеңіл автомобильдерге (мүгедектігі бар адамдарға арнайы жасалған қолмен басқарылатын немесе қолмен басқаруға бейімделген автомобильдерден басқа);
бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынына, газохолға, бензанолға, мұнай еріткішке, жеңіл көмірсутектер қоспасына және экологиялық отынға акциздер;
9) мұнай секторының ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, кең таралған пайдалы қазбаларға, жерасты суларына және емдік балшықтарға салынатын пайдалы қазбаларды өндіру салығы;
10) алып тасталды – ҚР 18.07.2025 № 215-VIII (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
11) алып тасталды – ҚР 18.07.2025 № 215-VIII (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
12) алып тасталды – ҚР 18.07.2025 № 215-VIII (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
13) жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы;
14) цифрлық майнинг үшін төлемақы;
15) тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем;
16) өсімдіктер дүниесін арнайы пайдалану тәртібімен өсімдіктер ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы;
17) сыртқы (көрнекі) жарнаманы республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумақтары арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастырғаны үшін төлемақы;
18) автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өткені үшін алым;
19) жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін алым (жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензияларды бергені үшін алым);
20) телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат бергені үшін алым;
21) коммерциялық ұйымдарды қоспағанда, заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік (есептік) тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым;
22) жылжымалы мүлік кепілін және кеме ипотекасын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге кері қайтарып алынбайтын өкілеттікті мемлекеттік тіркегені үшін алым;
23) көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым;
24) Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені немесе ұзартқаны үшін алым;
25) жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы;
26) консулдық алымнан басқа, мемлекеттік баж;
27) табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін төлемақы.
2. Мыналар республикалық маңызы бар қала, астана бюджетіне түсетін салықтық емес түсімдер болып табылады:
1) коммуналдық меншіктен түсетін кірістер:
республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің шешімі бойынша құрылған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігінің түсімдері;
республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншігіндегі акциялардың мемлекеттік пакеттеріне төленетін дивидендтер;
республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншігіндегі заңды тұлғаларға қатысу үлесіне төленетін кірістер;
республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер;
республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншігіндегі тұрғын үй қорынан тұрғынжайларды жалға беруден түсетін кірістер;
уақытша бос бюджет ақшасын депозиттерге орналастырудан алынған сыйақылар;
республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінен берілген кредиттер бойынша сыйақылар;
республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншігінен түсетін өзге де кірістер;
2) республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер;
3) республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері;
4) мұнай секторының ұйымдарынан және салықтық емес төлемдер есебінен қалыптастырылатын бюджеттен тыс қорларға түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар;
5) жергілікті атқарушы органдар тартатын гранттар;
6) республикалық маңызы бар қала, астана бюджетіне түсетін өзге де салықтық емес түсімдер.
3. Мыналар республикалық маңызы бар қала, астана бюджетіне негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер болып табылады:
1) республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген мүлікті сатудан республикалық маңызы бар қала, астана бюджетіне түсетін түсімдер;
2) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайларды жекешелендіруден түсетін түсімдер;
3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін қоспағанда, жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер;
4) жер учаскелерін жалдау құқығын сатқаны үшін төлемақы.
4. Мыналар республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттеріне түсетін арнаулы түсімдер болып табылады:
1) қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін төлемақы;
2) жер қойнауын пайдаланушылардың өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, оның инфрақұрылымын дамытуға аударымдары;
3) жер қойнауын пайдаланушылардың қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыруға аударымдары;
4) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес салынатын, қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектінің орналасқан жері бойынша есепке жатқызылуға тиісті, жер қойнауын пайдаланушылардан қоршаған ортаға жол берілетін антропогендік әсер ету нормативтерін бұзғаны үшін айыппұлдар;
5) жер қойнауын пайдаланушылардан және мұнай секторының ұйымдарынан зиянды өтеу туралы талап қою бойынша алынған қаражат, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамасына сәйкес салынатын, қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектінің орналасқан жері бойынша есепке жатқызылуға тиісті қоршаған ортаны қорғау саласындағы айыппұлдар.
5. Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер республикалық маңызы бар қала, астана бюджетіне түсетін трансферттердің түсімдері болып табылады.
6. Республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінен берілген кредиттерді өтеуден, республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншігіндегі мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қарыздарынан түсетін түсімдер республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттеріне есепке жатқызылады.
Ескерту. 24-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 18.07.2025 № 215-VIII (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Менің күйеуім бір азаматтан нақты алған қарыз сомасы – 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңге.
Алайда қарыз беруші бұл соманы заңсыз жолмен көбейтіп, әртүрлі қолхаттар мен құжаттарға шындыққа сай келмейтін сандарды жаздырып алған.
2 500 000 теңге бойынша жағдай
Күйеуім 2 500 000 теңге алғанына қарамастан, қарыз беруші қолхатта қарыз сомасын 5 000 000 теңге деп көрсетіп жаздырған.Осы қолхатта:“Қарыз уақытында қайтарылмаса, автокөлігімді беремін”деген шарт енгізілген.Маңызды жайт:Аталған автокөлік банкте кепілде тұрғаны қарыз берушіге алдын ала ескертілген, яғни ол мүлік заңды түрде беруге жарамсыз болған. 4 000 000 теңге бойынша жағдайКүйеуім 4 000 000 теңге алған, бірақ қарыз беруші бұл соманы 10 000 000 теңге деп жаздырып,“Қайтарылмаса, үйді беремін”деген қолхат жасатқан.Алайда:Бұл “үйдің” заңды құжаттары болмаған, тек жер телімі ретінде ғана тіркелген.
Жер телімін заңсыз иемдену Қарыз беруші кейін нотариус арқылы:
“Мен бұл жер телімін 10 000 000 теңгеге сатып алдым”деген мазмұнда жалған мәміле рәсімдетіп, жер телімін өз атына өткізіп алған.Бұл мәміле нақты қарызды жасыру және мүлікті иемдену мақсатында жасалған деп есептейміз.Үйді сатып жіберу
Кейін қарыз беруші:“Үйдің құжатын жасап аламын” деп қорқытып,сол жердегі үйді сатамын деп қысым көрсеткен,нәтижесінде үйді үшінші тұлғаға сатып жіберген.Заңсыз өсім мен қысым Қарызды кешіктірген уақыттан бастап, қарыз беруші:ешбір жазбаша келісімсіз,ауызша түрде.Күніне 100 000 теңге өсім қосылады”
деп талап қойған.Осылайша 6 500 000 теңге қарызды бірден 15 000 000 теңгеге дейін өсіріп, психологиялық қысым мен қорқыту арқылы талап еткен.
Оның әрекеттерінде ҚР ҚК:
190-бап — алаяқтық
194-бап — бопсалау
214-бап — заңсыз өсімқорлық
389-бап — өзінше билік ету белгілері бар деп есептеймін
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Читать еще раз
ҚР Бюджет кодексi 57-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры туралы жалпы ережелер ҚР Бюджет кодексi 12-бап. Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы ҚР Бюджет кодексi 27-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне түсетін түсімдер ҚР Бюджет кодексi 100-бап. Төтенше мемлекеттік бюджеттің жобасын әзірлеу ҚР Бюджет кодексi 25-бап. Облыстық бюджетке түсетін түсімдерРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей