Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 27 ҚР Бюджет кодексi 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VII


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.11.2025

ҚР Бюджет кодексi
27-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне түсетін түсімдер

1. Мыналар аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне түсетін салықтық түсімдер болып табылады: 

1) егер осы Кодекстің 26-бабының 1) тармағының 2) тармақшасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік кірістер органында тіркеу есебіне қою кезінде мәлімделген: 

дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор үшін – тұрған жері; 

қалған жеке тұлғалар үшін – тұрғылықты жері аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағында орналасқан жеке тұлғалар дербес салық салуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығы; 

2) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ аумағындағы осы салық салу объектілері бойынша жеке тұлғаларға салынатын мүлік салығы; 

3) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент аумағындағы жер учаскелері бойынша жеке және заңды тұлғалардан алынатын, елді мекендердің жерлеріне салынатын жер салығы; 

4) мыналардан: 

тұрғылықты жері аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент аумағындағы жеке тұлғалардан; 

өздерінің құрылтай құжаттарында көрсетілген тұрған жері аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағында орналасқан заңды тұлғалардан алынатын көлік құралы салығы; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

5) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 18.07.2025 № 215-VIII (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

5) бірыңғай жер салығы; 

6) жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы; 

7) сыртқы (көрнекі) жарнаманы:  

аудандық маңызы бар қаладағы, ауылдағы, кенттегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте; 

аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумақтары арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде;  

елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастырғаны үшін төлемақы; 

8) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ аумағындағы кең таралған пайдалы қазбаларға, жерасты суларына және емдік балшықтарға салынатын пайдалы қазбаларды өндіру салығы. 

2. Мыналар аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетіне түсетін салықтық емес түсімдер болып табылады:  

1) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін салатын айыппұлдар;  

2) жеке және заңды тұлғалардың ерікті түрдегі алымдары;  

3) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігінен (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінен) түсетін кірістер: 

аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының шешімі бойынша құрылған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігінің түсімдері;  

аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) заңды тұлғаларға қатысу үлесіне кірістер;  

аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігінің (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінің) мүлкін жалға беруден түсетін кірістер;  

аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінен берілген кредиттер бойынша сыйақылар; 

аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігінен (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінен) түсетін өзге де кірістер; 

4) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетіне түсетін өзге де салықтық емес түсімдер.  

3. Мыналар аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер болып табылады: 

1) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген мүлікті сатудан түсетін түсімдер; 

2) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдерді қоспағанда, жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер; 

3) жер учаскелерін жалдау құқығын сатқаны үшін төлемақы.  

4. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен берілетін трансферттер аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне түсетін трансферттердің түсімдері болып табылады.

Статья 1 ...25 26 27 28 29 ...172

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

да, можно, но не автоматически — всё зависит от законодательства о закупках и условий конкурсной документации.


Добрый день!

Если Поставщик не правильно указал свой юредический адрес ( в регитсрационных данных в егов другой город и адрес) можно его отклонить от закупок в конкурсе?


Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.


Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.


Если я на испытательном сроке я тоже должна отрабатывать 1 месяц?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться