Ст. 31 ҚР Бюджет кодексi 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VII
ҚР Бюджет кодексi
31-бап. Республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің шығыстары
1. Республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің шығыстары мынадай бағыттар бойынша қаржыландырылады:
1) жалпы сипаттағы мемлекеттік функциялар:
республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті өкілді және атқарушы органдарының, ревизиялық комиссиялардың жұмыс істеуі;
2) қорғаныс:
республикалық маңызы қаланың, астананың аумақтық әскерлерінің аумақтық органдарын, күтіп-ұстауды, қызмет көрсетуді және жөндеуді, жанар-жағармай материалдарын, кеңсе тауарларын сатып алуды, сондай-ақ коммуналдық қызметтерге, электр энергиясына, жылытуға және көрсетілетін байланыс қызметтеріне ақы төлеу жөніндегі шығындарды қоса алғанда, қызметтік үй-жайлармен, ғимараттармен, құрылысжайлармен, көлік құралдарымен, ақпараттың, телекоммуникацияның және байланыстың техникалық құралдарымен, жиһазбен және казармалық мүкәммалмен қамтамасыз етуді, соғыс уақытының штаттық қажеттілік нормаларына сәйкес материалдық-техникалық құралдар запастарын жасауды, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің аумақтық әскерлерін арнайы өрістетуді жүргізуді, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің аумақтық әскерлері бөлімшелерінің әскери міндеттілерімен бірге әскери жиындар өткізуді қоса алғанда, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, аумақтық қорғаныс дайындығы және аумақтық қорғанысы;
республикалық маңызы бар қаланың, астананың әскери басқару органдарын жабдықталған әскерге шақыру (жинау) пункттерімен қамтамасыз ету, оларды күтіп-ұстау, дәрі-дәрмектермен, құрал-саймандармен, өртке қарсы, медициналық және шаруашылық мүлікпен, автомобиль көлігімен, сондай-ақ байланыс және күзет құралдарымен жабдықтау, медициналық және техникалық жұмыскерлермен, қызмет көрсетуші персоналмен қамтамасыз ету және медициналық комиссиялар құру жөніндегі әскери міндетті орындау шеңберіндегі іс-шаралар;
жергілікті ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың және олардың салдарының алдын алу және оларды жою;
республикалық маңызы бар қаланың, астананың азаматтық қорғаныс іс-шаралары;
3) қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі:
республикалық маңызы бар қала, астана аумағында қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
уақытша ұстау изоляторларының, әкімшілік қамауға алынған адамдарға арналған арнаулы қабылдау орындарының, белгілі бір тұрғылықты жері және құжаттары жоқ адамдарға арналған қабылдау-бөлу орындарының, қызметтік жануарларға арналған питомниктердің жұмыс істеуі;
ішкі істер органдарының айдауылмен алып жүруі;
азаматтық, көшіп кету және көшіп келу мәселелері, шетелдіктермен жұмыс және заңсыз көші-қонға қарсы күрес жөніндегі қызмет;
мемлекеттік нөмір белгілерін, жүргізуші куәліктерінің бланкілерін және көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу куәліктерінің бланкілерін дайындағаны үшін ақы төлеуді қаржыландыруды қоспағанда, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету;
республикалық бюджеттен қаржыландырылатын аумақтық органдар аппараттарының ахуалдық орталығының электрондық пошта қызметтеріне, бейне-конференц-байланыс және бейнебақылау жүйесіне арналған шығындарды қоспағанда, аумақтық ішкі істер органдарының жанар-жағармай материалдарын сатып алуын, сондай-ақ коммуналдық қызметтерге, электр энергиясына, жылытуға және байланыс қызметтеріне ақы төлеу жөніндегі шығындарды қоса алғанда, қызметтік үй-жайларын және көлік құралдарын күтіп-ұстау, оларға қызмет көрсету және жөндеу;
пробация қызметін қамтамасыз ету және ұстау;
4) білім беру:
мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқыту;
кешкі (ауысымды) оқу нысанын қоса алғанда, оның ішінде интернаттық ұйымдар арқылы ұсынылатын міндетті жалпы орта білім беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
балаларды арнаулы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
4) тармақшаның бесінші абзацына өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 04.12.2025 № 236-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балаларды оқыту;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
4) тармақшаның алтынша абзацына өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 04.12.2025 № 236-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
республикалық маңызы бар қала, астана ауқымында мектеп олимпиадаларын өткізу;
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлау;
республикалық бюджеттен қаржыландырылатындарды қоспағанда, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлау;
балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеп-қарау және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсету;
дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу;
балаларға қосымша білім беру;
мемлекеттік білім беру ұйымдары үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алу және жеткізу;
жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттік қамтамасыз ету, оларды міндетті түрде жұмысқа орналастыру және тұрғын үймен қамтамасыз ету;
білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыру;
кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының жұмыс істеуі;
5) денсаулық сақтау:
республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті өкілді органының шешімі бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қосымша қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес вакциналарды, иммундық-биологиялық және басқа да медициналық препараттарды сатып алу және сақтау;
республикалық бюджеттен қаржыландырылатын шығыстардың бағыттарын қоспағанда, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жергілікті атқарушы органдар төлейтін мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналары;
қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында және қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсету;
республикалық бюджеттен және әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы басқа да іс-шаралар;
6) әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру:
тұрғын үй көмегі;
мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету;
белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды әлеуметтік бейімдеу;
жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыру;
қарттарды және мүгедектігі бар балаларды қоса алғанда, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қамсыздандыру;
халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету және халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу шараларын іске асыру;
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;
жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету;
жергілікті деңгейде көші-қон іс-шараларын іске асыру;
тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну;
7) мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік:
жергілікті маңызы бар театр және музыка өнерін қолдау;
жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени мұраның сақталуын және оған қол жеткізуді қамтамасыз ету;
мәдени-демалыс жұмысын қолдау;
мәдениет саласында жергілікті маңызы бар әлеуметтік маңызды іс-шараларды өткізу;
зоопарктер мен дендропарктердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
жергілікті деңгейде спорттық жарыстар өткізу;
әртүрлі спорт түрлері бойынша республикалық маңызы бар қаланың, астананың құрама командалары мүшелерінің республикалық және халықаралық спорттық жарыстарға дайындалуы және қатысуы;
мемлекеттік қалалық спорт ұйымдарының жұмыс істеуі;
шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды іске асыру;
жергілікті маңызы бар архив қоры объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету;
қалалық кітапханалардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жергілікті деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу;
жергілікті деңгейде мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту;
республикалық маңызы бар қала, астана деңгейінде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру шеңберінде іс-шаралар өткізу;
жергілікті деңгейде туристік қызметті реттеу;
республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы туризм объектілеріне, сондай-ақ елді мекендерден тыс жердегі туризм объектілеріне және туристерді орналастыру орындарына дейін инженерлік инфрақұрылымды (жолдарды, көпірлерді, электр беру желілерін және басқа да коммуникацияларды) жобалау, салу және оларға қызмет көрсету;"
8) ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары:
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау;
ветеринарияны реттеу, ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) салу және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;
орманды күзету, қорғау, молықтыру және орман өсіру;
республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншіктегі су құбырларын салу, реконструкциялау және жөндеу;
су қорғау аймақтарын, ауызсумен жабдықтау көздерінің санитариялық қорғау белдеулері мен аймақтарын белгілеу;
коммуналдық меншіктегі су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайлардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
республикалық маңызы бар қаланың, астананың сумен жабдықтау жүйелерін, су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайларын салу және реконструкциялау;
су қорын қорғау, су үнемдеу және су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру, судың зиянды әсерінің алдын алу және жасанды түрде болатын қуаңшылықты болғызбау, су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайларды дамыту жөніндегі іс-шараларды іске асыру;
жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күтіп-ұстау және қорғау;
Қазақстан Республикасының Экология кодексіне сәйкес қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды өткізу;
республикалық маңызы бар қалада, астанада жер қатынастарын реттеу;
елді мекендерді жер-шаруашылық тұрғысынан орналастыру;
Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленген жағдайларда жер учаскелерінің меншік иелеріне немесе жер пайдаланушыларға келтірілген залалдарды өтеу;
9) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі:
республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыру;
тұрғын үй қорын түгендеу;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қою, оның ішінде сатып алу жолымен алып қою және осыған байланысты жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару;
коммуналдық меншіктегі жылумен, электрмен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін және олардың элементтерін құру және реконструкциялау;
коммуналдық меншіктегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
елді мекендерді газдандыру;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес республиканың сейсмикалық қауіпті өңірлерінде орналасқан тұрғын ғимараттардың сейсмикалық беріктігін қолдауға бағытталған іс-шаралар;
коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй құрылысы;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес авариялық тұрғын үйді бұзу;
елді мекендерде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
республикалық бюджеттен қаржыландырылатын шығыстарды қоспағанда, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін ұйымдастыру;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы субсидиялау;
10) өнеркәсіп, отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану:
жергілікті деңгейде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды өткізу;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ұлттық жобалар шеңберінде қарыздар бойынша мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялау;
11) көлік және коммуникациялар:
әлеуметтік маңызы бар қалалық және қала маңындағы қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдарын ұйымдастыру;
қалалардың көшелерін салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау, оның ішінде автомобиль жолдарын, сондай-ақ олардағы жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын ағымдағы жөндеу;
12) экономикалық қызметті реттеу:
жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау;
өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру;
инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау;
әлеуметтік кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау;
13) мемлекеттік міндеттемелерді орындау:
жергілікті атқарушы органдардың борышына қызмет көрсету және оны өтеу;
мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындау;
жергілікті атқарушы органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау;
мемлекет кепілгерлігі бойынша міндеттемелерді орындау;
коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқару шарты бойынша шығыстарды өтеу;
"толық бітіріп берілетін" құрылыс туралы шарттар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау;
14) трансферттер:
республикалық бюджетке берілетін трансферттер.
2. Республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінен осы баптың 1-тармағында көрсетілген бағыттар бойынша:
1) жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік ұйымдар мен мемлекеттік мекемелердің күрделі шығыстарына, кадрларын қайта даярлау мен жұмыскерлерінің біліктілігін арттыруға;
2) жергілікті атқарушы органдардың бюджеттік инвестицияларына, ғылыми зерттеулеріне;
3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленген, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті мемлекеттік басқару органдарының өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтеріне, функцияларына, өкілеттіктері мен құзыреттеріне арналған шығыстар да қаржыландырылады.
3. Республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің құрамында қаладағы ауданның мынадай бағыттар бойынша шығыстары көзделеді:
1) қаладағы аудан әкімі аппаратының жұмыс істеуі;
2) шаруашылық бойынша есепке алуды жүзеге асыру;
3) шұғыл жағдайларда науқасы ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыру;
4) мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету;
5) елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету;
6) жерлеу орындарын күтіп-ұстау және туған-туысы жоқ адамдарды жерлеу;
7) елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру;
8) елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру;
9) әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы өзге де көрсетілетін қызметтерді іске асыру, оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс орналастыру;
10) әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру;
11) тұрғын үй көмегі;
12) белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды әлеуметтік бейімдеу;
13) жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыру;
14) қарттарды және мүгедектігі бар балаларды қоса алғанда, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қамсыздандыру;
15) халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету;
16) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;
17) жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету;
18) жергілікті деңгейде көші-қон іс-шараларын іске асыру;
19) мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқыту, оның ішінде мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету;
20) коммуналдық меншіктегі сумен жабдықтаудың, кәріздің, кәріздік сорғы станцияларының, газбен жабдықтаудың және жарықтандырудың тарату желілерін жобалау, салу, реконструкциялау, күрделі жөндеу және жаңғырту;
21) автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу;
22) тұрғын үй қорын түгендеу;
23) шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды іске асыру.
Ескерту. 31-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 26.06.2025 № 198-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.07.2025 № 213-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.06.2025 № 202-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2025 № 206-VIII (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі); 18.07.2025 № 215-VIII (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Менің күйеуім бір азаматтан нақты алған қарыз сомасы – 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңге.
Алайда қарыз беруші бұл соманы заңсыз жолмен көбейтіп, әртүрлі қолхаттар мен құжаттарға шындыққа сай келмейтін сандарды жаздырып алған.
2 500 000 теңге бойынша жағдай
Күйеуім 2 500 000 теңге алғанына қарамастан, қарыз беруші қолхатта қарыз сомасын 5 000 000 теңге деп көрсетіп жаздырған.Осы қолхатта:“Қарыз уақытында қайтарылмаса, автокөлігімді беремін”деген шарт енгізілген.Маңызды жайт:Аталған автокөлік банкте кепілде тұрғаны қарыз берушіге алдын ала ескертілген, яғни ол мүлік заңды түрде беруге жарамсыз болған. 4 000 000 теңге бойынша жағдайКүйеуім 4 000 000 теңге алған, бірақ қарыз беруші бұл соманы 10 000 000 теңге деп жаздырып,“Қайтарылмаса, үйді беремін”деген қолхат жасатқан.Алайда:Бұл “үйдің” заңды құжаттары болмаған, тек жер телімі ретінде ғана тіркелген.
Жер телімін заңсыз иемдену Қарыз беруші кейін нотариус арқылы:
“Мен бұл жер телімін 10 000 000 теңгеге сатып алдым”деген мазмұнда жалған мәміле рәсімдетіп, жер телімін өз атына өткізіп алған.Бұл мәміле нақты қарызды жасыру және мүлікті иемдену мақсатында жасалған деп есептейміз.Үйді сатып жіберу
Кейін қарыз беруші:“Үйдің құжатын жасап аламын” деп қорқытып,сол жердегі үйді сатамын деп қысым көрсеткен,нәтижесінде үйді үшінші тұлғаға сатып жіберген.Заңсыз өсім мен қысым Қарызды кешіктірген уақыттан бастап, қарыз беруші:ешбір жазбаша келісімсіз,ауызша түрде.Күніне 100 000 теңге өсім қосылады”
деп талап қойған.Осылайша 6 500 000 теңге қарызды бірден 15 000 000 теңгеге дейін өсіріп, психологиялық қысым мен қорқыту арқылы талап еткен.
Оның әрекеттерінде ҚР ҚК:
190-бап — алаяқтық
194-бап — бопсалау
214-бап — заңсыз өсімқорлық
389-бап — өзінше билік ету белгілері бар деп есептеймін
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей