Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 33 ҚР Бюджет кодексi 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VII


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2026

ҚР Бюджет кодексi
33-бап. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің шығыстары

1. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің шығыстары мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады: 

1) жалпы сипаттағы мемлекеттік функциялар: 

аудандық (облыстық маңызы бар қала) деңгейдегі жергілікті өкілді және атқарушы органдардың жұмыс істеуі; 

2) қорғаныс: 

аудандық (облыстық маңызы бар қала) әскери басқару органдарын жабдықталған әскерге шақыру (жинау) пункттерімен қамтамасыз ету, оларды күтіп-ұстау, дәрі-дәрмектермен, құрал-саймандармен, өртке қарсы, медициналық және шаруашылық мүлікпен, автомобиль көлігімен, сондай-ақ байланыс және күзет құралдарымен жабдықтау, медициналық және техникалық жұмыскерлермен, қызмет көрсетуші персоналмен қамтамасыз ету және медициналық комиссиялар құру жөніндегі әскери міндетті орындау шеңберіндегі іс-шаралар;  

аудандық (облыстық маңызы бар қала) ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың және олардың салдарының алдын алу және оларды жою; 

аудандық (облыстық маңызы бар қала) ауқымдағы дала өрттерінің, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған елді мекендердегі өрттердің профилактикасы және оларды сөндіру бойынша іс-шараларды қамтамасыз ету; 

3) қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік: 

елді мекендерде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету; 

4) білім беру: 

жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттік қамтамасыз ету, оларды міндетті түрде жұмысқа орналастыру және тұрғын үймен қамтамасыз ету;  

5) әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру: 

әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыру; 

тұрғын үй көмегі; 

үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедектігі бар балаларды материалдық қамтамасыз ету;  

мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекші, есту қабілеті бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілінің мамандарын ұсыну;  

мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету; 

белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды әлеуметтік бейімдеу; 

халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу шараларын іске асыру; 

мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек; 

жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету; 

тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсыну; 

6) мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік: 

жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмыстарын қолдау; 

аудандық (қалалық) кітапханалардың жұмыс істеуі; 

зоопарктер мен дендропарктердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету; 

бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамыту; 

аудандық (облыстық маңызы бар қала) деңгейде спорттық жарыстар өткізу; 

әртүрлі спорт түрлері бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрама командалары мүшелерінің облыстық спорттық жарыстарға дайындалуы және қатысуы; 

мемлекеттік аудандық (облыстық маңызы бар қала) спорт ұйымдарының жұмыс істеуі; 

бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жергілікті деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу; 

аудандық (облыстық маңызы бар қала) деңгейде мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту; 

аудандық (облыстық маңызы бар қала) деңгейде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру шеңберінде іс-шаралар өткізу;  

шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды іске асыру; 

7) ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары: 

аудандық (облыстық маңызы бар қала) деңгейде жер қатынастарын реттеу; 

аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінен қаржыландырылатын іс-шараларды қоспағанда, жайылымдарды сақтау және жақсарту, жайылымдық инфрақұрылым объектілерін дамыту және реконструкциялау жөніндегі іс-шараларды іске асыру; 

8) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі: 

профилактикалық дезинсекция мен дератизация жүргізу; 

аудандық (облыстық маңызы бар қала) коммуналдық меншікті қорғау жөніндегі шаралар;  

ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыру; 

тұрғын үй қорын түгендеу; 

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету; 

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қою, оның ішінде сатып алу жолымен алып қою және осыған байланысты жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару; 

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес авариялық тұрғын үйді бұзу;  

бас жоспарды әзірлеу; 

коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй құрылысы; 

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес республиканың сейсмикалық қауіпті өңірлерінде орналасқан тұрғын ғимараттардың сейсмикалық беріктігін қолдауға бағытталған іс-шаралар; 

коммуналдық меншіктегі сумен жабдықтау объектілерін, тазарту, дренаж жүйелерін, кәріз, жылу және электр желілерін құру, реконструкциялау және жөндеу;  

елді мекендерді абаттандыруды, көгалдандыруды, жарықтандыруды және олардың санитариясын қамтамасыз ету; 

жерлеу орындарын күтіп-ұстау және туған-туысы жоқ адамдарды жерлеу; 

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ұлттық жобалар шеңберінде қарыздар бойынша мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялау; 

9) өнеркәсіп, отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану:  

аудандық (облыстық маңызы бар қала) деңгейде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды өткізу; 

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ұлттық жобалар шеңберінде қарыздар бойынша мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялау; 

10) көлік және коммуникациялар: 

аудандық (қалалық) маңызы бар автомобиль жолдарын, сондай-ақ олардағы жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау; 

теміржол қатынастарын қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдарын ұйымдастыру;  

11) экономикалық қызметті реттеу: 

жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау; 

әлеуметтік кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау; 

12) мемлекеттік міндеттемелерді орындау: 

жергілікті атқарушы органдардың борышына қызмет көрсету және оны өтеу; 

мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындау; 

мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша тиісті облыс мәслихаты қабылдаған мемлекеттік міндеттемелерді орындау; 

мемлекет кепілгерлігі бойынша міндеттемелерді орындау; 

коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқару шарты бойынша шығыстарды өтеу; 

"толық бітіріп берілетін" құрылыс туралы шарттар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау; 

13) трансферттер:  

облыстық бюджетке түсетін трансферттер; 

аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеттеріне түсетін трансферттер. 

2. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен осы баптың 1-тармағында көрсетілген бағыттар бойынша: 

1) жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік ұйымдар мен мемлекеттік мекемелердің күрделі шығыстарына, кадрларын қайта даярлау мен жұмыскерлерінің біліктілігін арттыруға; 

2) бюджеттік инвестицияларға; 

3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленген ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті мемлекеттік басқару органдарының өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтеріне, функцияларына, өкілеттіктері мен құзыреттеріне арналған шығыстар да қаржыландырылады. 

3. Облыстық маңызы бар қала бюджетінің құрамында облыстық маңызы бар қаладағы ауданның мынадай бағыттар бойынша шығыстары көзделеді:  

1) облыстық маңызы бар қаладағы аудан әкімі аппаратының жұмыс істеуі;  

2) шаруашылық бойынша есепке алуды жүзеге асыру;  

3) шұғыл жағдайларда науқасы ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыру; 

4) мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету;  

5) мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, мәдени-бұқаралық және ағарту іс-шараларын ұйымдастыру;  

6) жеке тұлғалардың тұрғылықты жері бойынша және олардың жаппай демалатын орындарында дене шынықтыру мен спортты дамыту үшін жағдайлар жасау;  

7) дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органмен және мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, мүгедектігі бар адамдар арасында сауықтыру және спорттық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;  

8) елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету;  

9) жерлеу орындарын күтіп-ұстау және туған-туысы жоқ адамдарды жерлеу;  

10) елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру;  

11) елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру;  

12) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленген облыстық маңызы бар қаладағы аудан әкімінің өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтері, функциялары, құзыреттері мен өкілеттіктері. 

Ескерту. 33-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 17.07.2025 № 213-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...31 32 33 34 35 ...172

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Менің күйеуім бір азаматтан нақты алған қарыз сомасы – 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңге.

Алайда қарыз беруші бұл соманы заңсыз жолмен көбейтіп, әртүрлі қолхаттар мен құжаттарға шындыққа сай келмейтін сандарды жаздырып алған.

2 500 000 теңге бойынша жағдай

Күйеуім 2 500 000 теңге алғанына қарамастан, қарыз беруші қолхатта қарыз сомасын 5 000 000 теңге деп көрсетіп жаздырған.Осы қолхатта:“Қарыз уақытында қайтарылмаса, автокөлігімді беремін”деген шарт енгізілген.Маңызды жайт:Аталған автокөлік банкте кепілде тұрғаны қарыз берушіге алдын ала ескертілген, яғни ол мүлік заңды түрде беруге жарамсыз болған. 4 000 000 теңге бойынша жағдайКүйеуім 4 000 000 теңге алған, бірақ қарыз беруші бұл соманы 10 000 000 теңге деп жаздырып,“Қайтарылмаса, үйді беремін”деген қолхат жасатқан.Алайда:Бұл “үйдің” заңды құжаттары болмаған, тек жер телімі ретінде ғана тіркелген.

Жер телімін заңсыз иемдену Қарыз беруші кейін нотариус арқылы:

“Мен бұл жер телімін 10 000 000 теңгеге сатып алдым”деген мазмұнда жалған мәміле рәсімдетіп, жер телімін өз атына өткізіп алған.Бұл мәміле нақты қарызды жасыру және мүлікті иемдену мақсатында жасалған деп есептейміз.Үйді сатып жіберу

Кейін қарыз беруші:“Үйдің құжатын жасап аламын” деп қорқытып,сол жердегі үйді сатамын деп қысым көрсеткен,нәтижесінде үйді үшінші тұлғаға сатып жіберген.Заңсыз өсім мен қысым Қарызды кешіктірген уақыттан бастап, қарыз беруші:ешбір жазбаша келісімсіз,ауызша түрде.Күніне 100 000 теңге өсім қосылады”

деп талап қойған.Осылайша 6 500 000 теңге қарызды бірден 15 000 000 теңгеге дейін өсіріп, психологиялық қысым мен қорқыту арқылы талап еткен.

Оның әрекеттерінде ҚР ҚК:

190-бап — алаяқтық

194-бап — бопсалау

214-бап — заңсыз өсімқорлық

389-бап — өзінше билік ету белгілері бар деп есептеймін


көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?


Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.


5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....


Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться