Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 35 ҚР Бюджет кодексi 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VII


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 02.03.2025

ҚР Бюджет кодексi
35-бап. Бюджет процесінде қолданылатын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары туралы жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары төмен тұрған деңгейдегі құжаттарды әзірлеу қажеттігі мен заңдылығы бір деңгей жоғары тұрған құжаттардан туындайтын, ал бір деңгей жоғары тұрған құжаттарды мониторингтеу мен бағалау төмен тұрған деңгейдегі құжаттарды іске асыру туралы анық ақпарат негізінде жүзеге асырылатын тұтас жүйені білдіреді. 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді даму болжамына негізделеді. 

2. Бюджет процесінде мыналар қолданылады: 

мемлекеттік органдардың даму жоспарлары; 

облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарлары; 

республикалық немесе жергілікті бюджеттен шығыстар жоспарланатын квазимемлекеттік сектор субъектілерінің даму жоспарлары, іс-шаралар жоспарлары, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдарының ұзақ мерзімді даму стратегиялары. 

3. Ағымдағы қаржы жылы ішінде туындайтын, республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттерден қосымша шығыстарды талап ететін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген жаңа бастамаларға және өзге де қосымша іс-шараларға арналған шығыстар даму жоспарын әзірлейтін мемлекеттік органның даму жоспарына, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарына, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің даму жоспарларына және (немесе) іс-шаралар жоспарларына енгізілгеннен кейін бюджетте жоспарланады. 

4. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы, мемлекеттік орган – республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган осы Кодексте көзделген рәсімдерді ескере отырып, тиісінше мемлекеттік органдардың даму жоспарларының жобаларын, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарларының жобаларын, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің даму жоспарларының жобаларын және (немесе) іс-шаралар жоспарларының жобаларын қарауды қамтамасыз етеді.

Статья 1 ...33 34 35 36 37 ...172

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Вы можете проверить свой статус ОСМС в личном кабинете на портале egov.kz. Если Вы являетесь застрахованным лицом, Вы можете воспользоваться всеми доступными в программе ОСМС видами лечения во всех медицинских организациях, оказывающих стационарную помощь в системе ОСМС.


Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане


Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?


Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru


Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться