Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 38 ҚР Бюджет кодексi 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VII


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 30.07.2026

ҚР Бюджет кодексi
38-бап. Республикалық немесе жергілікті бюджеттен шығыстар жоспарланатын квазимемлекеттік сектор субъектілерінің даму жоспарлары, іс-шаралар жоспарлары, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдарының ұзақ мерзімді даму стратегиялары және оларды қарау тәртібі

1. Бюджет процесіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірленетін, республикалық немесе жергілікті бюджеттен шығыстар жоспарланатын квазимемлекеттік сектор субъектілерінің іс-шаралар жоспарлары, даму жоспарлары, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдарының ұзақ мерзімді даму стратегиялары қатысады.  

2. Республикалық бюджеттен шығыстар жоспарланатын квазимемлекеттік сектор субъектілерінің іс-шаралар жоспарларының немесе даму жоспарларының жобалары осы Кодекстің 43-бабына сәйкес жүргізілетін шығыстарды стратегиялық шолу қорытындылары негізінде әзірленеді, мемлекеттік орган – республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісімен келісіледі және осы Кодекстің 90-бабы 2-тармағының 16) тармақшасында айқындалған құжаттар құрамында бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға енгізіледі. 

3. Жергілікті бюджеттен шығыстар жоспарланатын квазимемлекеттік сектор субъектілерінің іс-шаралар жоспарлары немесе даму жоспарлары мемлекеттік орган – жергілікті бюджеттік бағдарламаның әкімшісімен келісіледі және осы Кодекстің 91-бабы 2-тармағының 10) тармақшасында айқындалған құжаттар құрамында мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға енгізіледі. 

4. Әрбір қаржы жылының қорытындысы бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен осы баптың 1-тармағында көрсетілген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің іс-шаралар жоспарларының немесе даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есеп, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің іс-шаралар жоспарларының немесе даму жоспарларының іске асырылу мониторингінің нәтижелері туралы есеп және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің іс-шаралар жоспарларының немесе даму жоспарларының іске асырылуын бағалау қалыптастырылады. 

5. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің іс-шаралар жоспарларының немесе даму жоспарларының іске асырылуын мониторингтеу және олардың іске асырылуын бағалау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 

Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жүргізетін бағалау "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. 

6. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің іс-шаралар жоспарларының, даму жоспарларының, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдарының ұзақ мерзімді даму стратегияларының орындалуы жөніндегі есептілік тиісті бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есептің құрамына енгізіледі және осы Кодекстің 40-бабына сәйкес жариялануға жатады. 

7. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің іс-шаралар жоспарларын немесе даму жоспарларын, дербес білім беру ұйымдарының ұзақ мерзімді даму стратегияларын әзірлеу, келісу және бекіту, оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу, есептілік жасау тәртібі және олардың түрлері, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің іс-шаралар жоспарларының немесе даму жоспарларының, дербес білім беру ұйымдарының ұзақ мерзімді даму стратегияларының іске асырылуын мониторингтеу және бағалау тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.  

8. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің іс-шаралар жоспарларының немесе даму жоспарларының, дербес білім беру ұйымдарының ұзақ мерзімді даму стратегияларының іске асырылуын мониторингтеу және бағалау нәтижелері осы Кодекстің 40-бабына сәйкес жариялануға жатады. 

9. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, дербес білім беру ұйымдарының бірінші басшылары осы Кодекстің 41-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады. 

9-тарау. ЕСЕП БЕРУ ЖӘНЕ ТРАНСПАРЕНТТІЛІК

Статья 1 ...36 37 38 39 40 ...172

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует


Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.


Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.


Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?


Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться