Ст. 4 ҚР Бюджет кодексi 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VII
ҚР Бюджет кодексi
4-бап. Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің негізгі қағидаттары
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі мынадай негізгі қағидаттарға негізделеді: 1) біртұтастық қағидаты – Қазақстан Республикасындағы бюджет процесінің бірыңғай рәсімдері мен техникалық шешімдерін пайдалана отырып, бюджет жүйесін ұйымдастыру мен оның жұмыс істеуінің бірыңғай қағидаттарын қолдану;
2) мемлекеттік қаржының орнықтылық қағидаты – мемлекеттің ұзақ мерзімді және орта мерзімді кезеңдердегі міндеттемелерін ескере отырып, оның міндеттері мен функцияларының іске асырылуын қаржыландыруды қамтамасыз ететін бюджет саясатын қалыптастыру;
3) толымдылық қағидаты – бюджетте және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық тиісті түсімдер мен шығыстардың толық көрсетілуі және есепке алынуы, бюджет қаражатын, сол сияқты бюджет қаражаты бойынша талап ету құқықтарының басқаға берілуін пайдалана отырып, өзара талаптарды есепке жатқызуға жол бермеу;
4) негізділік қағидаты – бюджет жобасына қандай да бір түсімдерді немесе шығыстарды енгізу қажеттілігін және олардың көлемдерінің негізділігін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер мен басқа да құжаттар негізінде әлеуметтік-экономикалық даму болжамының көрсеткіштеріне сәйкес бюджеттің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын және мемлекеттің активтерін жоспарлау және пайдалану;
5) дәйектілік қағидаты – мемлекеттік органдардың бюджеттік қатынастар саласында бұрын қабылданған шешімдерді сақтауы, бюджеттік құжаттамада соңғы үш есепті қаржы жылындағы және жоспарлы кезеңге бекітілген (нақтыланған) бюджетте көзделген үш жылға мәліметтерді көрсету;
6) тиімділік қағидаты – мемлекеттік функцияларды іске асыруды және бюджет қаражатының көлемі аз кезінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді сапалы ұсынуды қамтамасыз ете отырып, шығыстар мен нәтижелер арасындағы оңтайлы арақатынасқа қол жеткізу қажеттілігін негізге ала отырып, бюджет процесін, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын жоспарлау мен пайдалануды жүзеге асыру;
7) нәтижелілік қағидаты – бюджетті жоспарлау және атқару, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын пайдалану, мемлекеттік органдардың даму жоспарларында, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың даму жоспарларында, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің даму жоспарларында немесе іс-шаралар жоспарларында немесе бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көзделген нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағдарланған әкімшілік және басқарушылық шешімдер қабылдау;
8) бюджеттің дербестігі қағидаты – осы Кодекске сәйкес әртүрлі деңгейдегі бюджеттер арасында түсімдердің тұрақты бөлінуін белгілеу және оларды жұмсау бағыттарын айқындау, осы Кодекске сәйкес мемлекеттік басқарудың барлық деңгейінің бюджет процесін дербес жүзеге асыру құқығы, жергілікті бюджеттердің атқарылуы барысында қосымша алынған кірістерді және жергілікті бюджеттердің бюджет қаражатының қалдықтарын жоғары тұрған бюджеттерге алып қоюға жол берілмеуі, төмен тұрған бюджеттерге тиісті өтеусіз қосымша шығыстар жүктеуге жол берілмеуі;
9) кассаның біртұтастығы қағидаты – бюджетке түсетін барлық түсімді бірыңғай қазынашылық шотқа есепке жатқызу және көзделген барлық шығысты бірыңғай қазынашылық шоттан ұлттық валютамен жүзеге асыру;
10) транспаренттілік қағидаты – мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, бюджет процесінің қоғам үшін ашықтығы мен қолжетімділігі, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, мемлекеттік қаржы туралы мәліметтердің, бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджеттердің және осы Кодексте айқындалған басқа да құжаттардың міндетті түрде жариялануы.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Читать еще раз
О культуре Статья 12. Обязанности государства по обеспечению прав граждан на деятельность в области культуры О культуре Статья 31. Финансирование деятельности в области культуры Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы ҚР Азаматтық кодексi 353-бап. Басқаның ақшасын заңсыз пайдаланғаны үшін жауапкершілік О культуре Статья 17. Членство в творческом союзеРекомендованные страницы
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы 27-бап. Алдын ала бағалау ҚР Бюджет кодексi 153-бап. Бюджеттiк инвестициялық жобаларды жоспарлау ҚР Бюджет кодексi 1-бап. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы 19-бап. Мемлекеттік аудит нәтижелерін тану ҚР Бюджет кодексiРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей