Ст. 5 ҚР Бюджет кодексi 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VII
ҚР Бюджет кодексi
5-бап. Бюджет процесіне қатысушылар
Мыналар бюджет процесіне қатысушылар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі, жергілікті атқарушы органдар, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары;
2) өкілді органдар – Қазақстан Республикасының Парламенті және мәслихаттар;
3) мемлекеттік органдар;
4) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары;
5) бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган – бюджет саясаты, оның ішінде бюджет жүйесін дамыту саласында, мемлекеттік қаржыны басқару және кірістерді болжау, экономикалық саясат, инвестицияларды тарту саясаты, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, мемлекеттік инвестициялық жобалар, бюджетаралық қатынастар, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш, мемлекеттік активтерді басқару, осы Кодексте белгіленген құзыреттер шегінде гранттар тарту және пайдалану саласында басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
6) өңірлік саясат жөніндегі орталық уәкілетті орган – өңірлік даму саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру саласында басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
7) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган – мемлекеттік жоспарлау және стратегиялық, бақылау, іске асыру және реттеу функциялары саласында басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
8) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган – бюджеттік жоспарлау саласында басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді, өз құзыреті шегінде бюджеттік жоспарлау бойынша әдіснамалық басшылықты, сондай-ақ бюджеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
9) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган – бюджетті атқару, республикалық бюджеттің және өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттердің, бюджеттен тыс қорлардың атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу саласында басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
10) мемлекеттік қазынашылық – бюджетті атқару жөніндегі орталық атқарушы органның бюджетті қазынашылық атқару жөніндегі уәкілетті органының функциялары жүктелген ведомствосы;
11) мемлекеттік қазынашылық органдары – мемлекеттік қазынашылықтың аумақтық бөлімшелері;
12) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған мемлекеттік кірістер органдары;
13) жеке және заңды тұлғалардан республикалық немесе жергілікті бюджетке, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Арнаулы мемлекеттік қорға түсетін салықтық емес түсімдерді алуға жауапты және олардың түсуіне бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар (бұдан әрі – салықтық емес түсімдер жөніндегі уәкілетті органдар);
14) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган – тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласында функцияларды жүзеге асыратын, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган;
15) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган – бюджетті атқару, жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган;
16) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес – негізгі міндеттерінің бірі Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану мәселелері бойынша жәрдемдесу, ұсыныстар әзірлеу, қарау және Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынымдар қалыптастыру болып табылатын Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңесті құру туралы шешімді, оның құрамын және ережені Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді;
17) бюджет комиссиясы – бюджет жобасын уақтылы және сапалы әзірлеуді қамтамасыз ету және бюджетті жоспарлау мен атқару бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында құрылатын консультативтік-кеңесші орган.
Қазақстан Республикасының Үкіметі Республикалық бюджет комиссиясын құрады, ол туралы ережені, құзыреті мен құрамын бекітеді.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары тиісті жергілікті бюджет комиссияларын құрады, олар туралы ережелерді, құзыреті мен құрамын бекітеді.
Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бірінші басшысы ведомстволық бюджет комиссиясын құрады, оның жұмыс органын айқындайды және ол туралы ережені, құзыреті мен құрамын бекітеді.
Бюджет комиссиялары өз қызметін тұрақты негізде жүзеге асырады.
Республикалық бюджет комиссиясының, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссияларының құзыретіне:
1) әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, мемлекеттік органдардың даму жоспарларының жобалары немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларының жобалары немесе оларға өзгерістер мен толықтырулардың жобалары, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері шығыстарының лимиттері және бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері шығыстарының бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлеу;
2) бюджеттер жобаларының көрсеткіштерін айқындау, бюджеттерді нақтылау, түзету бойынша ұсыныстар әзірлеу;
3) республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттердің және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша, оның ішінде осы Кодекстің 73-бабының 2-тармағы бірінші бөлігінің бесінші абзацында көзделген жағдайда ұсыныстар әзірлеу;
4) осы Кодекстің ережелерін іске асыру үшін әзірленген нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша ұсыныстар әзірлеу;
5) шығыстарға шолу, бюджеттік мониторинг нәтижелерін, нәтижелерге жүргізілген бағалауды қарау және олар бойынша ұсыныстар әзірлеу;
6) осы Кодексте, сондай-ақ бюджет комиссиялары туралы ережелерде көзделген өзге де өкілеттіктер кіреді.
Ведомстволық бюджет комиссияларының құзыретіне:
1) мемлекеттік органның даму жоспарының жобасы немесе мемлекеттік органның даму жоспарына өзгерістер мен толықтырулардың жобасы, бюджеттік сұранымдар бойынша ұсыныстар әзірлеу;
2) бюджеттік мониторинг нәтижелерін, нәтижелерге жүргізілген бағалауды қарау және олар бойынша ұсыныстар әзірлеу;
3) осы Кодексте, сондай-ақ ведомстволық бюджет комиссиялары туралы ережелерде көзделген өзге де өкілеттіктер кіреді.
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар тиісінше Республикалық бюджет комиссиясының және жергілікті бюджет комиссияларының жұмыс органдары болып табылады.
Тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі жергілікті бюджет комиссиясының төрағасы болып табылады.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның бірінші басшысы жергілікті бюджет комиссиясының хатшысы болып табылады.
Бюджет комиссиясының қызметін ұйымдастыру тәртібін тиісті бюджет комиссиясының жұмыс органы әзірлейді және айқындайды;
18) қоғамдық кеңес – "Қоғамдық кеңестер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын консультативтік-кеңесші, байқаушы орган;
19) бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі – бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және олардың нәтижелеріне қол жеткізуге жауапты, өзіне Қазақстан Республикасының заңнамасында жүктелген функцияларға, өкілеттіктер мен құзыреттерге сәйкес айқындалатын мемлекеттік орган.
Егер бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бір мезгілде бюджеттік бағдарламаның әкімшісі және мемлекеттік мекеме болып табылса, ол бюджет қаражатын дербес пайдаланады.
Облыстық бюджеттік бағдарламалардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері болып табылатын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумақтық полиция органдарын, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі органдарын және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарын қоспағанда, мемлекеттік органдардың құрылымдық және аумақтық бөлімшелері бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бола алмайды;
20) квазимемлекеттік сектор субъектілері – мемлекеттік кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, оның ішінде мемлекет құрылтайшысы, қатысушысы немесе акционері болып табылатын Ұлттық әл-ауқат қоры, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ еншілес, тәуелді және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалар, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, "Астана" халықаралық қаржы орталығы органдарының, олардың ұйымдарының және қатысушыларының қызметі үшін жағдайларды қамтамасыз ететін коммерциялық емес ұйым;
21) дербес білім беру ұйымы – Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын, құқықтық мәртебесі және қызметінің айрықша құқықтық режимі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалатын, мүшелігі болмайтын коммерциялық емес ұйым;
22) бюджет қаражатын алушылар – бюджет қаражатын бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi немесе квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы алатын және оны мемлекеттің міндеттері мен функцияларын iске асыруды қамтамасыз ету мақсатында пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар.
Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, бюджет қаражатын алушылар бюджет қаражатын нысаналы мақсаты бойынша жұмсауға және осы Кодекске сәйкес әзірленетін бюджеттік және өзге де құжаттамада айқындалған нәтижелерге қол жеткізу бойынша қабылдаған міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.
Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, бюджет қаражатын алушылардың, оның ішінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыйақы алу мақсатында бюджет қаражатын депозиттерге және басқа да қаржы құралдарына, оның ішінде шетелдегі қаржы құралдарына орналастыруына тыйым салынады;
23) Қазақстан Республикасының резиденттері – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, Қазақстан Республикасында орналасқан заңды тұлғалар, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасында және (немесе) оның шегінен тыс жерлерде орналасқан филиалдары мен өкілдіктері;
24) қаржы агенттігі – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экономиканың белгілі бір салаларында мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға уәкілеттік берілген және осы мақсаттарда Қазақстан Республикасының қаржы нарығында және (немесе) халықаралық қаржы нарығында қарыз алуды жүзеге асыратын ұлттық басқарушы холдинг және акцияларының жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекет жүз пайыз қатысатын банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым;
25) бюджет процесі саласындағы интегратор – бюджет процесін цифрландыру мен автоматтандыруды қамтамасыз ету жөніндегі функциялар жүктелетін, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын, жалғыз акционері мемлекет болып табылатын заңды тұлға.
Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 24.06.2025 № 196-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Менің күйеуім бір азаматтан нақты алған қарыз сомасы – 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңге.
Алайда қарыз беруші бұл соманы заңсыз жолмен көбейтіп, әртүрлі қолхаттар мен құжаттарға шындыққа сай келмейтін сандарды жаздырып алған.
2 500 000 теңге бойынша жағдай
Күйеуім 2 500 000 теңге алғанына қарамастан, қарыз беруші қолхатта қарыз сомасын 5 000 000 теңге деп көрсетіп жаздырған.Осы қолхатта:“Қарыз уақытында қайтарылмаса, автокөлігімді беремін”деген шарт енгізілген.Маңызды жайт:Аталған автокөлік банкте кепілде тұрғаны қарыз берушіге алдын ала ескертілген, яғни ол мүлік заңды түрде беруге жарамсыз болған. 4 000 000 теңге бойынша жағдайКүйеуім 4 000 000 теңге алған, бірақ қарыз беруші бұл соманы 10 000 000 теңге деп жаздырып,“Қайтарылмаса, үйді беремін”деген қолхат жасатқан.Алайда:Бұл “үйдің” заңды құжаттары болмаған, тек жер телімі ретінде ғана тіркелген.
Жер телімін заңсыз иемдену Қарыз беруші кейін нотариус арқылы:
“Мен бұл жер телімін 10 000 000 теңгеге сатып алдым”деген мазмұнда жалған мәміле рәсімдетіп, жер телімін өз атына өткізіп алған.Бұл мәміле нақты қарызды жасыру және мүлікті иемдену мақсатында жасалған деп есептейміз.Үйді сатып жіберу
Кейін қарыз беруші:“Үйдің құжатын жасап аламын” деп қорқытып,сол жердегі үйді сатамын деп қысым көрсеткен,нәтижесінде үйді үшінші тұлғаға сатып жіберген.Заңсыз өсім мен қысым Қарызды кешіктірген уақыттан бастап, қарыз беруші:ешбір жазбаша келісімсіз,ауызша түрде.Күніне 100 000 теңге өсім қосылады”
деп талап қойған.Осылайша 6 500 000 теңге қарызды бірден 15 000 000 теңгеге дейін өсіріп, психологиялық қысым мен қорқыту арқылы талап еткен.
Оның әрекеттерінде ҚР ҚК:
190-бап — алаяқтық
194-бап — бопсалау
214-бап — заңсыз өсімқорлық
389-бап — өзінше билік ету белгілері бар деп есептеймін
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Читать еще раз
ҚР Бюджет кодексi 89-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеті туралы мәслихат шешімінің жобасын әзірлеу ҚР Бюджет кодексi 72-бап. Болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті қалыптастыру ҚР Бюджет кодексi 158-бап. Бюджеттік кредитке қызмет көрсету ҚР Бюджет кодексi 91-бап. Жергілікті бюджет жобасын қарау және бекіту туралы жалпы ережелер ҚР Бюджет кодексi 76-бап. Бюджетаралық қатынастар туралы жалпы ережелерРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей