Ст. 46 ҚР Бюджет кодексi 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VII
ҚР Бюджет кодексi
46-бап. Нәтижелерді бағалау жүйесі
1. Нәтижелерді бағалауда мынадай бағалау түрлері:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іске асырылуын бағалау;
мемлекеттік органдардың даму жоспарларының және астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың даму жоспарларының мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау бөлігінде Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы және мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көзделген түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалау бөлігінде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жүргізетін Орталық мемлекеттік органдар мен астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесіне сәйкес мақсаттарға қол жеткізу бойынша операциялық бағалау;
мемлекеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалау;
мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігін бағалау қамтылады.
2. Нәтижелерді бағалауда міндетті түрде мемлекеттің бюджет қаражаты мен активтерін жоспарлау мен пайдаланудың нәтижелілігі мен тиімділігін арттыру және мемлекеттің ресурстарын тиімді бөлу жөніндегі ұсынымдар қамтылады.
3. Нәтижелерді бағалау қорытындылары:
бюджетті жоспарлау процесінде қолданылады;
қоғамдық кеңестердің отырыстарында, Қазақстан Республикасының Құрылтайында және мәслихаттарда бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне бюджет қаражатын бөлу туралы мәселелерді талқылау кезінде талқыланады және республикалық бюджет туралы заң жобасымен және жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінің жобасымен бір мезгілде Қазақстан Республикасының Құрылтайына және мәслихатқа ұсынылатын құжаттар мен материалдардың құрамына енгізіледі;
тиісті бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есептің құрамына енгізіледі;
осы Кодекстің 40-бабына сәйкес жариялануға жатады.
4. Бағалау жүргізуге уәкілеттік берілген мемлекеттік органдар нәтижелерді бағалау қорытындыларын есепті жылдан кейінгі жылдың 15 сәуірінен кешіктірмей, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға, жергілікті атқарушы органға ұсынады.
Ескерту. 46-бапқа өзгеріс енгізіллді – ҚР 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3-БӨЛІМ. МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫНЫ БАСҚАРУ
11-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫНЫ БАСҚАРУ НЕГІЗДЕРІ
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Рекомендованные страницы
ҚР Бюджет кодексi ҚР Бюджет кодексi 44-бап. Бюджетаралық қатынастарды реттеу нысандары ҚР Бюджет кодексi 119-бап. Есепті кезең Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы ҚР Бюджет кодексi 40-бап. Барлау және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ қорғалатын тұлғалардың және объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін органдардың мемлекеттік органдар мен ол...Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей