Ст. 61 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV
ҚР Бюджет кодексi
61-бап. Әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы
1. Әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік параметрлермен өзара байланыстырылған стратегиялық мақсаттарды ескере отырып, Қазақстан Республикасының, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың экономикалық даму параметрлерін және мемлекеттің бес жылдық кезеңге арналған экономикалық саясатын айқындайтын құжат болып табылады. 1-1. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары мен елдегі жағдай және Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы ескеріле отырып, жылжымалы негiзде бес жылдық кезеңге арналып жыл сайын әзiрленедi және мыналарды:
1) мемлекеттік басқарудың республикалық деңгейінде:
экономиканы дамытудың сыртқы және ішкі жағдайларын;
бес жылдық кезеңге арналған экономикалық саясаттың, оның ішінде салықтық-бюджеттік саясаттың мақсаттары мен басымдықтарын;
бес жылдық кезеңге арналған экономикалық саясаттың, оның ішінде салықтық-бюджеттік саясаттың негізгі бағыттарын;
бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамын;
мемлекеттік қаржының тұрақтылығын бағалауды;
ішкі және сыртқы үкіметтік борыштың жоспарлы кезеңге арналған болжамын;
шоғырландырылған, мемлекеттік және республикалық бюджеттердің түсімдері мен шығыстарының, тиісті бюджеттің тапшылығы (профициті) мен мұнайға қатысты емес тапшылығының (профицитінің) болжамын қамтитын, жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік параметрлердің болжамын;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері мен шығыстарының жоспарлы кезеңге арналған болжамын;
жалпыұлттық басымдықтарды іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамаларын;
2) облыс, республикалық маңызы бар қала, астана деңгейінде:
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму үрдістері мен басымдықтарын;
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтiк-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамын;
мыналарды:
облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің түсімдері мен шығыстарының болжамын қамтитын, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік параметрлерінің болжамын;
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамаларын;
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың басым бюджеттік инвестицияларының тізбесін қамтуға тиіс облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік параметрлерін қамтиды.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамдары Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының параметрлері ескеріле отырып әзірленеді.
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен бюджеттік өлшемдері аудандарға (облыстық маңызы бар қалаларға) және аудандық маңызы бар қалаларға, ауылдарға, кенттерге, ауылдық округтерге бөліне отырып, облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамының құрамында көрсетіледі.
2. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы әлеуметтiк-экономикалық дамудың және бюджеттiк параметрлердiң қосымша болжамды көрсеткiштерiн енгiзуi мүмкiн.
2-1. Әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамы экономиканың ішкі және сыртқы даму жағдайларының өзгерістері ескеріле отырып нақтылануы мүмкін.
3. Жоспарлы кезеңнiң екiншi және үшiншi жылдарына арналған бюджеттiк параметрлердiң болжамы индикативтiк сипатта болады және әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының өзгерiстерi, бюджеттiк мониторинг және нәтижелердi бағалау, басқа да iшкi және сыртқы факторлар ескерiле отырып, кезектi жоспарлы кезеңге бюджеттiк параметрлердiң болжамын әзiрлеу кезiнде нақтылануы мүмкiн.
4. Әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын тиісінше мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы мақұлдайды және ол бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады.
5. алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
6. алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
7. алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
7-1. алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
8. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеудің тәртібі мен мерзімдерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
Ескерту. 61-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.11.24 № 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.16 № 557-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.11.23 № 55-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2014 № 225-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 11.07.2017 № 90-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.11.2017 № 112-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.12.2020 № 391-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.12.2021 № 100-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Добрый день. Не могу найти в Законе права усыновлённого ребёнка на наследство, при кровных наследниках. ?
Здравствуйте имеет ли заведующая дет. сада устанавливать камеру в метод кабинете без согласия методиста
В письменной форме должны совершаться сделки:
1) осуществляемые в процессе предпринимательской деятельности, кроме сделок, исполняемых при самом их совершении, если для отдельных видов сделок иное специально не предусмотрено законодательством или не вытекает из обычаев делового оборота;
2) на сумму свыше ста месячных расчетных показателей, за исключением сделок, исполняемых при самом их совершении;
3) в иных случаях, предусмотренных законодательством или соглашением сторон.
Каждый считается невиновным, пока его виновность в совершении уголовного правонарушения не будет доказана в предусмотренном настоящим Кодексом порядке и установлена вступившим в законную силу приговором суда.
Никто не обязан доказывать свою невиновность.
Неустранимые сомнения в виновности подозреваемого, обвиняемого, подсудимого толкуются в их пользу. В пользу подозреваемого, обвиняемого, подсудимого должны разрешаться и сомнения, возникающие при применении уголовного и уголовно-процессуального законов.
Обвинительный приговор не может быть основан на предположениях и должен быть подтвержден достаточной совокупностью допустимых и достоверных доказательств.
Граждане и юридические лица должны действовать при осуществлении принадлежащих им прав добросовестно, разумно и справедливо, соблюдая содержащиеся в законодательстве требования, нравственные принципы общества, а предприниматели также правила деловой этики.
Эта обязанность не может быть исключена или ограничена договором. Добросовестность, разумность и справедливость действий участников гражданских правоотношений предполагаются.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей