Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 70 ҚР Бюджет кодексi 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VII


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2026

ҚР Бюджет кодексi
70-бап. Бюджетті жоспарлау негіздері туралы жалпы ережелер

1. Бюджет жүйесінің қағидаттарын сақтауға негізделген, бюджетті әзірлеу, қарау, бекіту, нақтылау, түзету, секвестрлеу жөніндегі іс-шаралар кешенін орындау бюджетті жоспарлау болып табылады.  

2. Бюджет түсімдерін жоспарлау осы Кодекстің 52-бабына сәйкес айқындалатын түсімдер болжамының негізінде жүзеге асырылады. 

Байланысты гранттарды өтеусіз техникалық көмек түрінде алған кезде ғана, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта көзделген жағдайларда бюджетке түсетін түсімдерді тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) құны түрінде көрсетуге жол беріледі. Бұл ретте шығыстарда алынған тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) құнына тең көлемде бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) көзделуге тиіс. 

3. Бюджет шығыстарын жоспарлау Қазақстан Республикасының, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму параметрлері, мемлекеттік органдардың даму жоспарлары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарлары, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің болжамды шоғырландырылған есептілігі, заттай нормалар, ең төмен әлеуметтік стандарттар, инженерлік-коммуникациялық, көліктік және өзге де инфрақұрылым стандарттары, елді мекендерге арналған өңірлік стандарттар жүйесі негізінде шығыстарға шолу, осы Кодекстің 43, 44, 45 және 46-баптарына сәйкес жүргізілетін мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, мониторингтеу және нәтижелерді бағалау қорытындылары ескеріле отырып жүзеге асырылады. 

Жергілікті бюджетті жоспарлау кезінде азаматтардың бюджет қаражатын бөлуге қатысуы (халық қатысатын бюджет) қамтамасыз етіледі. 

Халық қатысатын бюджетті іске асыру тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды. 

Заттай нормалар қажетті материалдық немесе материалдық емес игіліктерді тұтынудың немесе пайдаланудың заттай көрсеткіштерін білдіреді. 

Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, заттай нормаларды орталық мемлекеттік органдар бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді.  

Орталық мемлекеттік органдар бекіткен заттай нормалардың ережелері жергілікті атқарушы органдарға қолданылады. 

Жергілікті атқарушы органдардың тиісті салаға (аяға) жетекшілік ететін орталық салалық мемлекеттік органдармен және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органмен келісу бойынша заттай нормаларды орталық мемлекеттік органдардың заттай нормаларымен нормаланбаған шығыстар бойынша әзірлеуіне жол беріледі. 

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін заттай нормаларды жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді. 

Заттай нормаларды әзірлеу тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.  

Ең төмен стандарттар – кепілдіктер мен құқықтардың іске асырылуын қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген көрсетілетін қызметтердің, ақшалай төлемдердің және өзге де талаптардың ең аз көлемі. 

Ең төмен стандарттар желінің ең төмен нормативтері міндетті түрде қолданыла отырып әзірленеді.  

Ең төмен әлеуметтік стандарттар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады. 

Инженерлік-коммуникациялық, көліктік инфрақұрылымдардың ең төмен стандарттарын тиісті орталық салалық мемлекеттік органдар әзірлейді және бекітеді.  

Елді мекендерге арналған өңірлік стандарттар жүйесін өңірлік саясат жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. 

Елді мекендерге арналған өңірлік стандарттар жүйесін әзірлеу тәртібін және оған мониторинг жүргізу тәртібін өңірлік саясат жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді. 

4. Бюджетті жоспарлауды ұйымдастыру және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және бюджетті жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдардың қызметін үйлестіру бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органдарға жүктеледі. 

5. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органдар тиісті бюджеттердің теңгерімділігін қамтамасыз етеді. 

6. Ағымдағы қаржы жылында қабылданған, әкімшілік-аумақтық бірліктерді құруға және таратуға, олардың шекараларын белгілеуге және өзгертуге, оларға атау беру мен олардың атауын өзгертуге байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарын, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларын, жергілікті өкілді органдардың шешімдерін, жергілікті атқарушы органдардың актілерін іске асыруға республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттердің шығыстарын жоспарлау кезекті жоспарлы кезеңге арналған республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттердің жобаларын қалыптастыру шеңберінде жүзеге асырылады. 

Мемлекет міндеттемелерін орындауға байланысты шығыстар осы Кодекстің 148 және 149-баптарында белгіленген талаптар сақтала отырып жоспарланады, бюджетті қалыптастыру, нақтылау, түзету кезінде міндетті түрде қаржыландырылады және секвестрлеуге жатпайды. 

7. Бюджетті жоспарлау тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды. 

8. Бюджетті жоспарлаудың негізгі кезеңдері мыналар болып табылады: 

бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері шығыстарының лимиттерін айқындау және оларды бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне жеткізу; 

заттай нормаларды әзірлеу; 

бюджеттік сұранымды жасау және ұсыну; 

республикалық және жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу; 

бюджетті нақтылау, секвестрлеу және түзету.

Статья 1 ...68 69 70 71 72 ...172

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Менің күйеуім бір азаматтан нақты алған қарыз сомасы – 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңге.

Алайда қарыз беруші бұл соманы заңсыз жолмен көбейтіп, әртүрлі қолхаттар мен құжаттарға шындыққа сай келмейтін сандарды жаздырып алған.

2 500 000 теңге бойынша жағдай

Күйеуім 2 500 000 теңге алғанына қарамастан, қарыз беруші қолхатта қарыз сомасын 5 000 000 теңге деп көрсетіп жаздырған.Осы қолхатта:“Қарыз уақытында қайтарылмаса, автокөлігімді беремін”деген шарт енгізілген.Маңызды жайт:Аталған автокөлік банкте кепілде тұрғаны қарыз берушіге алдын ала ескертілген, яғни ол мүлік заңды түрде беруге жарамсыз болған. 4 000 000 теңге бойынша жағдайКүйеуім 4 000 000 теңге алған, бірақ қарыз беруші бұл соманы 10 000 000 теңге деп жаздырып,“Қайтарылмаса, үйді беремін”деген қолхат жасатқан.Алайда:Бұл “үйдің” заңды құжаттары болмаған, тек жер телімі ретінде ғана тіркелген.

Жер телімін заңсыз иемдену Қарыз беруші кейін нотариус арқылы:

“Мен бұл жер телімін 10 000 000 теңгеге сатып алдым”деген мазмұнда жалған мәміле рәсімдетіп, жер телімін өз атына өткізіп алған.Бұл мәміле нақты қарызды жасыру және мүлікті иемдену мақсатында жасалған деп есептейміз.Үйді сатып жіберу

Кейін қарыз беруші:“Үйдің құжатын жасап аламын” деп қорқытып,сол жердегі үйді сатамын деп қысым көрсеткен,нәтижесінде үйді үшінші тұлғаға сатып жіберген.Заңсыз өсім мен қысым Қарызды кешіктірген уақыттан бастап, қарыз беруші:ешбір жазбаша келісімсіз,ауызша түрде.Күніне 100 000 теңге өсім қосылады”

деп талап қойған.Осылайша 6 500 000 теңге қарызды бірден 15 000 000 теңгеге дейін өсіріп, психологиялық қысым мен қорқыту арқылы талап еткен.

Оның әрекеттерінде ҚР ҚК:

190-бап — алаяқтық

194-бап — бопсалау

214-бап — заңсыз өсімқорлық

389-бап — өзінше билік ету белгілері бар деп есептеймін


көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?


Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.


5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....


Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться