Ст. 88 ҚР Бюджет кодексi 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VII
ҚР Бюджет кодексi
88-бап. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет туралы мәслихат шешімінің жобасын әзірлеу
1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің жобасын жасайды және оны ауданның (облыстық маңызы бар қала) бюджет комиссиясының қарауына енгізеді. 2. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет жобасын қарау және айқындау ағымдағы қаржы жылының 1 қазанынан кешіктірілмей аяқталады.
3. Жоспарлы кезеңге арналған аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің жобасы осы Кодексте және бірыңғай бюджеттік сыныптамада айқындалған құрылымға сәйкес жоспарлы кезеңнің әрбір жылы бойынша жекелеген қосымшалармен қалыптастырылады.
Түсімдер санаттар, сыныптар және кіші сыныптар бойынша жазылады, ал шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша жазылады. "Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)" бөлімі жалпы сомамен ұсынылады.
Жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарына арналған шығыстарда тұрақты сипаттағы шартсыз базалық шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша жазылады, ал жаңа бастамаларға арналған шығыстар бір бюджеттік бағдарламада көрсетіледі.
4. Кезекті қаржы жылына арналған аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет туралы мәслихат шешімі жобасының мәтінінде мыналар қамтылуға тиіс:
1) кірістердің, трансферттер түсімдерінің, шығындардың, таза бюджеттік кредиттеудің, қаржылық активтермен жасалатын операциялар бойынша сальдоның көлемдері, бюджет тапшылығының (профицитінің), тапшылығын қаржыландырудың (профицитін пайдаланудың) көлемдері;
2) аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттеріне берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемдері;
3) аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінен аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерге бюджеттік алып қоюдың көлемдері;
4) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы резервінің мөлшері;
5) басқа да ережелер.
5. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет туралы мәслихат шешімінің жобасына:
1) осы Кодексте және бірыңғай бюджеттік сыныптамада айқындалған құрылымға сәйкес жоспарлы кезеңнің әрбір жылы бойынша жекелеген қосымшалармен қалыптастырылған, жоспарлы кезеңге арналған аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің жобасы қоса беріледі.
Бұл ретте түсімдер санаттар, сыныптар және кіші сыныптар бойынша жазылады, ал шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша жазылады. "Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)" бөлімі жалпы сомамен ұсынылады.
Жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарына арналған шығыстарда тұрақты сипаттағы шартсыз базалық шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша жазылады, ал жаңа бастамаларға арналған шығыстар бір бюджеттік бағдарламада көрсетіледі;
2) жылдар бойынша бөлінген және өңірлер бөлінісінде үш жылдық кезеңге:
нысаналы емес және нысаналы мақсаты көрсетіле отырып нысаналы болып бөлінетін жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері;
дамуға арналған шығындар;
шығыстардың жекелеген бағыттарын жергілікті бюджеттен қаржыландырудың ең төмен көлемдері;
3) жергілікті бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын, оның ішінде облыстық бюджетті бекіту туралы облыстық мәслихаттың шешімімен белгіленген, кезекті қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) тізбесі;
4) ауданның, қаладағы әрбір ауданның бюджеттік бағдарламалары;
5) басқа да деректер қоса беріледі.
6. Кезекті қаржы жылына арналған аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің бекітілетін тапшылығының (профицитінің) мөлшері ақшалай мәнде көрсетіледі.
7. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет жобасын ағымдағы қаржы жылының 15 қазанынан кешіктірмей ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органына қарауға ұсынады.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Рекомендованные страницы
О таможенном деле в РК Статья 281. Представление документов при таможенном декларировании товаров Налоговый Кодекс РК Статья 441. Место реализации товаров, работ, услуг ҚР Орман кодексi 5-бап. Орман құқығы қатынастарының объектiлерi О таможенном деле в РК Статья 386. Полное условное и частичное условное освобождение от уплаты таможенных пошлин, налогов Жол жүрiсi туралы 86-бап. Оқытушылардың, өндірістік оқыту шеберлерінің және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шеберлерінің құқықтары мен міндеттеріРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей