Ст. 90 ҚР Бюджет кодексi 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VII
ҚР Бюджет кодексi
90-бап. Республикалық бюджет жобасын қарау және бекіту туралы жалпы ережелер
1. Республикалық бюджет туралы заң жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметі ағымдағы қаржы жылының 1 қыркүйегінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізеді.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық бюджет туралы заң жобасымен бір мезгілде мынадай құжаттар мен материалдарды:
1) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамын;
2) бюджеттік тәуекелдер туралы талдамалық есепті;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
90-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы осы Кодекстің 172-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі.
3) салықтық шығыстар туралы талдамалық есепті;
4) есепті екі қаржы жылындағы және ағымдағы қаржы жылының 1 шілдесіне борыш түрлері бойынша мемлекеттік сектордың борыштық міндеттемелерінің жай-күйі, мемлекеттік борышты өтеу есебіне төленген ақша сомалары және мемлекет кепілдіктері мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекет міндеттемелері бойынша төленген ақша сомалары туралы деректерді;
5) жоспарланатын қаржы жылына арналған үкіметтік сыртқы қарыздар есебінен іске асырылатын әрбір жоба бөлінісінде қарыз шарттарына сәйкес негізгі борышты өтеу және оған қызмет көрсету, сыйақылар, комиссиялық және өзге де төлемдер сомаларының көлемдері бойынша деректерді;
6) есепті екі қаржы жылындағы және ағымдағы қаржы жылының 1 шілдесіне түрлері мен нысандары бойынша, тартылған мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздар туралы деректерді;
7) есепті екі қаржы жылындағы және ағымдағы қаржы жылының 1 шілдесіндегі қарыздардың түрлері, алынған көздері, шарттары бөлінісінде үкіметтік борышқа қызмет көрсету және оны өтеу жөніндегі ақпаратты;
8) үкіметтік сыртқы қарызды тарту үшін ықтимал мүмкіндіктерді айқындайтын, борыштық капиталдың халықаралық нарықтарының конъюнктурасын талдауды;
9) республикалық бюджет жобасында орындалуына бюджет қаражаты көзделетін мемлекеттік тапсырмалар туралы жиынтық ақпаратты;
10) мемлекеттік органдардың бекітілген даму жоспарлары туралы біріктірілген жиынтық ақпаратты;
11) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік бағдарламаларының паспорттары туралы біріктірілген жиынтық ақпаратты;
12) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының түсімдері мен шығыстарының болжамын;
13) республикалық бюджет бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті;
14) шығыстарға шолуды, оны жүргізу қорытындысы бойынша тұжырымдар мен ұсынымдарды;
15) нәтижелерді бағалау қорытындысын;
16) Мемлекеттік активтер мен квазимемлекеттік секторды басқару жөніндегі ұлттық баяндаманы;
17) республикалық бюджет жобасына енгізілген шешімдерді ашып көрсететін түсіндірме жазбаны ұсынады.
Түсіндірме жазбаға:
мемлекеттік органдардың даму жоспарларының нысаналы индикаторлары мен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік бағдарламаларының паспорттарында көзделген түпкілікті нәтижелердің сәйкес келмеуі туралы біріктірілген жиынтық ақпарат;
бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бөлінісінде нысаналы индикаторға қол жеткізу үшін қажетті сома мен түпкілікті нәтижеге (түпкілікті нәтижелерге) қол жеткізу үшін бюджеттік бағдарлама паспортында көзделген сома айырмасына республикалық бюджет жобасында бюджет қаражаты көзделмеген бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мәлімдеген шығыстардың көлемі туралы ақпарат та енгізіледі;
18) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің мыналарды:
мемлекеттік органдардың даму жоспарларын немесе даму жоспарларының жобаларын;
есеп-қисаптары жоқ бюджеттік сұранымды;
республикалық бюджет жобасында бюджет қаражаты көзделген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің іс-шаралар жоспарларын (іс-шаралар жоспарларының жобаларын) немесе даму жоспарларын (квазимемлекеттік сектор субъектілерінің даму жоспарларының жобаларын);
дербес білім беру ұйымдарының ұзақ мерзімді даму стратегияларын;
мынадай:
мемлекеттік органдардың даму жоспарларының мақсаттары мен нысаналы индикаторларына қол жеткізу сипаттамасы;
мемлекеттік органдардың даму жоспарларының нысаналы индикаторларымен өзара байланыстырылған нысаналы индикаторлардың және бюджеттік бағдарламалар паспорттарының жоспарланатын түпкілікті нәтижелерінің, оның ішінде нысаналы индикаторлар мен түпкілікті нәтижелердің сәйкес келмеу себептерінің сипаттамасы;
бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік кіші бағдарламалар бөлінісінде бюджет қаражатының жұмсалу бағыттары, бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көзделген іс-шаралардың қысқаша сипаттамасы;
бюджеттік бағдарламалар орындалуының және есепті екі қаржы жылындағы қол жеткізілген нәтижелер көрсеткіштерінің сипаттамасы, сондай-ақ жоспарлы кезеңге жоспарланатын бюджет қаражаты көлемінің алдыңғы жоспарлы кезеңде республикалық бюджет туралы заңда бекітілген бюджет қаражаты көлемінен ауытқуы (себептері, салдары) туралы мәліметтер;
алдыңғы қаржы жылдарында республикалық бюджет қаражаты есебінен бөлінген және пайдаланылған шығыстардың сомалары көрсетіле отырып, мемлекеттік органның даму жоспары шеңберінде осы Кодекстің 148-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленетін мемлекеттік органның инвестициялық жоспарына сәйкес жоспарлы кезеңге арналған бюджет жобасына енгізілген, басталған (жалғасатын) бюджеттік инвестициялық жобалар туралы ақпарат;
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспары шеңберінде осы Кодекстің 148-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленетін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың инвестициялық жоспарында көзделген жергілікті бюджеттік инвестициялардың атауы және шығыстар сомалары көрсетіле отырып, төмен тұрған бюджеттер бөлінісінде есепті екі қаржы жылындағы республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы даму трансферттерінің пайдаланылуы туралы ақпарат бар түсіндірме жазбаны қамтитын құжаттарын ұсынады.
3. Қазақстан Республикасы Парламентінің республикалық бюджетті бекітуі ағымдағы қаржы жылының 1 желтоқсанынан кешіктірілмей жүзеге асырылады.
4. Егер Қазақстан Республикасының Парламенті ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін республикалық бюджет туралы заңды қабылдамаса, Қазақстан Республикасының Президенті кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары туралы жарлық шығаруға құқылы, ол Қазақстан Республикасының Парламенті республикалық бюджет туралы заңды бекіткенге дейін қолданылады. Қазақстан Республикасы Президентінің кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары туралы жарлығының жобасын, сондай-ақ оны іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді.
Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет болжамының төрттен бір бөлігі көлемінде ағымдағы жылдың 25 желтоқсанынан кешіктірілмей бекітіледі.
Республикалық қаржы жоспарының атқарылуы осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
5. Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары бекітілген жағдайда, осы қаржы жылына арналған республикалық бюджет сол жылдың 1 наурызынан кешіктірілмей бекітілуге тиіс.
Бұл ретте осы қаржы жылына арналған республикалық бюджет сол жылдың бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары ескеріле отырып бекітіледі.
6. Республикалық бюджет туралы заң осы баптың 2-тармағына сәйкес республикалық бюджет туралы заң жобасына қоса берілетін қосымшалармен, құжаттармен және материалдармен бірге, Қазақстан Республикасы Президентінің алдағы қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары туралы жарлығы қосымшаларымен бірге осы Кодекстің 40-бабына сәйкес жариялануға жатады.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Менің күйеуім бір азаматтан нақты алған қарыз сомасы – 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңге.
Алайда қарыз беруші бұл соманы заңсыз жолмен көбейтіп, әртүрлі қолхаттар мен құжаттарға шындыққа сай келмейтін сандарды жаздырып алған.
2 500 000 теңге бойынша жағдай
Күйеуім 2 500 000 теңге алғанына қарамастан, қарыз беруші қолхатта қарыз сомасын 5 000 000 теңге деп көрсетіп жаздырған.Осы қолхатта:“Қарыз уақытында қайтарылмаса, автокөлігімді беремін”деген шарт енгізілген.Маңызды жайт:Аталған автокөлік банкте кепілде тұрғаны қарыз берушіге алдын ала ескертілген, яғни ол мүлік заңды түрде беруге жарамсыз болған. 4 000 000 теңге бойынша жағдайКүйеуім 4 000 000 теңге алған, бірақ қарыз беруші бұл соманы 10 000 000 теңге деп жаздырып,“Қайтарылмаса, үйді беремін”деген қолхат жасатқан.Алайда:Бұл “үйдің” заңды құжаттары болмаған, тек жер телімі ретінде ғана тіркелген.
Жер телімін заңсыз иемдену Қарыз беруші кейін нотариус арқылы:
“Мен бұл жер телімін 10 000 000 теңгеге сатып алдым”деген мазмұнда жалған мәміле рәсімдетіп, жер телімін өз атына өткізіп алған.Бұл мәміле нақты қарызды жасыру және мүлікті иемдену мақсатында жасалған деп есептейміз.Үйді сатып жіберу
Кейін қарыз беруші:“Үйдің құжатын жасап аламын” деп қорқытып,сол жердегі үйді сатамын деп қысым көрсеткен,нәтижесінде үйді үшінші тұлғаға сатып жіберген.Заңсыз өсім мен қысым Қарызды кешіктірген уақыттан бастап, қарыз беруші:ешбір жазбаша келісімсіз,ауызша түрде.Күніне 100 000 теңге өсім қосылады”
деп талап қойған.Осылайша 6 500 000 теңге қарызды бірден 15 000 000 теңгеге дейін өсіріп, психологиялық қысым мен қорқыту арқылы талап еткен.
Оның әрекеттерінде ҚР ҚК:
190-бап — алаяқтық
194-бап — бопсалау
214-бап — заңсыз өсімқорлық
389-бап — өзінше билік ету белгілері бар деп есептеймін
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей