Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 93 ҚР Бюджет кодексi 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VII


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 02.03.2025

ҚР Бюджет кодексi
93-бап. Республикалық бюджет туралы заңды және жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдерін іске асыру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың қаулылары, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің шешімі

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы қаулысы Қазақстан Республикасының Президенті республикалық бюджет туралы заңға қол қойған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде қабылданады. 

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы қаулысы мәслихат жергілікті бюджетті бекіткеннен кейін күнтізбелік жеті күн ішінде қабылданады. 

Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттері туралы аудандық (облыстық маңызы бар қала) мәслихаттың шешімін іске асыру туралы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің шешімі аудандық (облыстық маңызы бар қала) мәслихат аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерін бекіткеннен кейін ағымдағы қаржы жылының соңына дейін қабылданады. 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың республикалық бюджет туралы заңды және жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы қаулыларының жобаларын тиісінше бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган әзірлейді. 

Жергілікті бюджет туралы аудандық (облыстық маңызы бар қала) мәслихаттың шешімін іске асыру туралы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі шешімінің жобасын тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің аппараты әзірлейді. 

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың республикалық бюджет туралы заңды және жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы қаулыларында (аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің шешімінде) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің аппаратына, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне – бюджеттің уақтылы атқарылуын қамтамасыз ету жөнінде, жергілікті атқарушы органдарға және тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің аппаратына жоғары тұрған бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер мен кредиттерді пайдалану бөлігінде тапсырмалар көзделеді. 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы қаулысына: 

1) облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттер мен кредиттер бөлу; 

2) Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервтің және Қазақстан Республикасы Үкіметі резервінің жалпы сомасын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен резерв түрлері бойынша бөлу; 

3) объектілер бөлінісіндегі бюджеттік инвестицияларды, сондай-ақ облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бөлінісіндегі нысаналы даму трансферттері мен бюджеттік кредиттерді қоса алғанда, жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджеттік инвестициялардың тізбесі; 

4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді республикалық бюджеттен қаржыландыруды талап ететiн, іске асырылуы жоспарланатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тiзбесi; 

5) республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және республикалық бюджет туралы заңда мемлекеттік тапсырмаларды орындауға бюджет қаражаты көзделген заңды тұлғалар көрсетілген, жоспарлы кезеңге арналған мемлекеттік тапсырмалардың тізбесі; 

6) айқындалуы Қазақстан Республикасының Үкіметіне жүктелген, республикалық бюджет туралы заңды іске асыруға қажетті басқа да деректер немесе көрсеткіштер қоса беріледі. 

Жергілікті атқарушы органдардың жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы қаулысына: 

1) нысаналы трансферттер мен кредиттерді тиісінше аудандар (облыстық маңызы бар қалалар), аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттеріне бөлу; 

2) жергілікті атқарушы орган резервінің жалпы сомасын резерв түрлері бойынша бөлу; 

3) объектілер бөлінісіндегі инвестициялық жобаларды, сондай-ақ аудандар, облыстық маңызы бар қалалар, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бөлінісіндегі нысаналы даму трансферттерін қоса алғанда, жоспарлы кезеңге арналған басым жергілікті бюджеттік инвестициялардың тізбесі; 

4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді жергілікті бюджеттен қаржыландыруды талап ететiн, іске асырылуы жоспарланатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тiзбесi; 

5) айқындалуы жергілікті атқарушы органға жүктелген, жергілікті бюджет туралы аудандық (облыстық маңызы бар қала) мәслихаттың шешімін іске асыруға қажетті басқа да деректер немесе көрсеткіштер қоса беріледі. 

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттері туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы шешіміне:  

1) объектілер бөлінісіндегі инвестициялық жобаларды қоса алғанда, жергілікті бюджеттік инвестициялардың тізбесі;  

2) айқындалуы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің аппаратына жүктелген, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттері туралы мәслихаттың шешімін іске асыруға қажетті басқа да деректер немесе көрсеткіштер қоса беріледі. 

3. Бюджетті бекіту кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы қаулысына, жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органдардың қаулысына, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттері туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің шешіміне осы Кодекстің 115-бабының 2-тармағына сәйкес бюджет қаражатын келесі қаржы жылында толық пайдалануға рұқсат етілетін бюджеттік бағдарламалардың тізбесі қоса беріледі.  

4. Республикалық бюджет нақтыланған жағдайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы Қазақстан Республикасының Президенті республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде бекітіледі. 

Жергілікті бюджет нақтыланған жағдайда, жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органның қаулысына (аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің шешіміне) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жергілікті атқарушы органның қаулысы (аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің шешімі) жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәслихаттың шешімі бекітілгеннен кейін екі апта мерзімде бекітіледі. 
18-тарау. БЮДЖЕТТІ НАҚТЫЛАУ

Статья 1 ...91 92 93 94 95 ...172

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?


Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru


Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК


Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.


по сигнализации Кода КОФ убрали?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться