Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 95 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

ҚР Бюджет кодексi
95-бап. Бюджеттің шығыстар бойынша атқарылуы

1. Бюджеттің шығыстар бойынша атқарылуы бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің өздеріне арналған бюджет қаражатын осы Кодекстің талаптарына, тиісті нормативтік құқықтық актілердің ережелеріне сәйкес және мемлекеттік органдар қызметінің алдын ала белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізуі мақсатында өздерінің пайдалануы болып табылады. 

1-1. Алып тасталды - ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз).

2. Бюджеттің шығыстар бойынша атқарылуы мемлекеттік мекемелердің шарт нысанында жасалған тіркелген азаматтық-құқықтық мәмілелерге және басқа да міндеттемелерге сәйкес төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыруы нәтижесінде бірыңғай қазынашылық шоттан қаражатты есептен шығаруды қамтиды. 

3. Бюджетті атқару кезінде мемлекеттік мекемелер бюджет қаражатын бірыңғай бюджеттік сыныптамаға, жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерге, оларға сай бюджет қаражаты бөлінген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес пайдалануға міндетті. 

Ескерту. 95-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 28.11.2014 № 257-V (01.04.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 90-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) Заңдарымен.
Статья 1 ...94 94‑1 95 96 97 ...245

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте


Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?



Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться