Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 98 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

ҚР Бюджет кодексi
98-бап. Инкассолық өкім

1. Инкассолық өкім атқарушылық құжатты, сондай-ақ пайда болған салық берешегін, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар немесе әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті, Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген жағдайларда пайда болған берешекті өтеуге байланысты құжатты республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде тиісті қаржы жылына мемлекеттік тапсырманы орындау үшін немесе жарғылық капиталын ұлғайтуға (қалыптастыруға) қаражат көзделген мемлекеттік мекеменің, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектісінің мәжбүрлі түрде орындауына негіз болып табылатын құжатты білдіреді. Инкассолық өкім республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде тиісті қаржы жылына мемлекеттік тапсырманы орындау үшін немесе жарғылық капиталын ұлғайтуға (қалыптастыруға) қаражат көзделген мемлекеттік мекеме және квазимемлекеттік сектор субъектісі төлемінің негізділігін растайтын құжат болып табылады. 

Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс органдарының инкассолық өкімдерін қоспағанда, инкассолық өкім атқарушылық құжат негізінде және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да негіздер бойынша жасалады. 

2. Инкассолық өкім ұсынылатын, республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде тиісті қаржы жылына мемлекеттік тапсырманы орындау үшін немесе жарғылық капиталдарын ұлғайтуға (қалыптастыруға) қаражат көзделген мемлекеттік мекеменің және квазимемлекеттік сектор субъектісінің қызмет көрсетілу орны бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне инкассолық өкім беріледі. 

Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс органдарының инкассолық өкімдерін қоспағанда, инкассолық өкім атқарушылық құжаттың жеке сот орындаушысының не атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның аумақтық органының мөрімен куәландырылған көшірмелері қоса тіркеліп беріледі. 

Инкассолық өкімде көрсетілген сома Төлемдер мен төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, атқарушылық құжатта көрсетілген сомаға сәйкес болуға тиіс. 

Инкассолық өкімде республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде тиісті қаржы жылына мемлекеттік тапсырманы орындау үшін немесе жарғылық капиталдарын ұлғайтуға (қалыптастыруға) қаражат көзделген мемлекеттік мекеменің және квазимемлекеттік сектор субъектісінің кодтары көрсетіледі, олар бойынша осы өкімнің орындалуы талап етіледі. 

3. Инкассолық өкімдерді бірыңғай қазынашылық шотқа және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ашылған шетел валютасындағы шоттарға, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының арнаулы шоттарына, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының арнаулы шоттарына арналған шоттарға, тиісті бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, ақшаны уақытша орналастырудың, сыртқы қарыздарды немесе байланысты гранттарды қайта айырбастаудың, Жәбірленушілерге өтемақы қорының, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының, Арнаулы мемлекеттік қордың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына, білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны іске асыру жөніндегі дирекцияның шотына шығаруға жол берілмейді. 

Инвестициялық жоба бойынша инкассолық өкімді орындау жөніндегі міндеттемелер туындаған жағдайда өзі бұл инкассолық өкім осы инвестициялық жобаны қаржыландыру арқылы жүзеге асырылатын квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотына ұсынылады. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

3-тармақтың екінші бөлігінің өзгеріс енгізілген осы редакциясы ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңына сәйкес халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді (халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 дейін қолданыста болатын редакциясын ҚР 04.12.2008 Бюджет кодексінің 11.07.2017 датадағы архивтік нұсқасын қараңыз).

Инкассолық өкімдерді ұсыну мемлекеттік мекеменің кодына, ақылы қызметтер көрсету, қайырымдылық көмек шоттарына, сондай-ақ республикалық бюджет туралы заңда не мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешімінде тиісті қаржы жылына мемлекеттік тапсырманы орындау үшін немесе жарғылық капиталдарын ұлғайтуға (қалыптастыруға) қаражат көзделген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарына жүзеге асырылуы мүмкін. 

4. Инкассолық өкім Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгіленген нысан бойынша ұсынылады. 

5. Инкассолық өкімдерді орындау бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады. 

Ескерту. 98-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.16 № 557-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 13.06.2013 № 101-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi), 21.06.2013 № 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi); 02.07.2013 № 112-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2013 № 150-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 16.11.2015 № 403-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2015 № 406-V (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 90-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз); 10.01.2018 № 132-VI (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2023 № 23-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...96 97 98 99 100 ...245

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться