Ст. 104 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
ҚР Экологиялық кодексi
104-бап. Қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысы
1. Қоғамдық экологиялық сараптаманың нәтижелері қоғамдық экологиялық сараптаманың ұсынымдық сипатта болатын қорытындысы түрінде ресімделеді. 2. Қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысында мыналар қамтылуға тиіс:
1) экологиялық сараптаманы ұйымдастырушының атауы мен заңды мекенжайы;
2) қызметі қоғамдық экологиялық сараптама объектісі болып табылатын тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса) немесе толық атауы, қоғамдық экологиялық сараптама объектісінің атауы және тұрған жері;
3) жергілікті атқарушы органға қоғамдық экологиялық сараптама жүргізу туралы хабарлама жіберу туралы мәліметтер;
4) қоғамдық экологиялық сараптама жүргізу мерзімдері;
5) қоғамдық экологиялық сараптамаға ұсынылған құжаттардың тізбесі, сондай-ақ оны жүргізу процесінде пайдаланылған өзге де құжаттардың тізбесі;
6) қоғамдық экологиялық сараптаманың сараптама комиссиясы мүшелерінің құрамы;
7) қоғамдық экологиялық сараптама нәтижелерінің баяндалуы;
8) қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушы айқындаған қоғамдық экологиялық сараптама жүргізу жөніндегі тапсырманың сипаттамасы;
9) қоғамдық экологиялық сараптама процесінің, оның ішінде жұртшылықпен, қызметі қоғамдық экологиялық сараптама объектісі болып табылатын тұлғамен және өзге де мүдделі тараптармен өзара іс-қимылдың сипаттамасы;
10) қоғамдық экологиялық сараптаманың тұжырымдары.
3. Қоғамдық экологиялық сараптаманың тұжырымдарында қоғамдық экологиялық сараптама объектісінің Қазақстан Республикасы экология заңнамасының талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды қамтылуға тиіс.
4. Қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысына қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушының уәкілетті өкілі, сараптама комиссиясының төрағасы мен мүшелері қол қояды.
5. Қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысы:
1) бұрын қоғамдық экологиялық сараптама жүргізу туралы тиісті хабарлама жіберілген жергілікті атқарушы органға;
2) осы объектінің мемлекеттік экологиялық сараптамасын жүзеге асыратын немесе оған қатысты экологиялық рұқсат берген органға;
3) қызметі қоғамдық экологиялық сараптама объектісі болып табылатын тұлғаға;
4) қоғамдық экологиялық сараптаманың объектісін іске асыру туралы шешім қабылдайтын мемлекеттік органдарға;
5) бұқаралық ақпарат құралдарына жіберіледі.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Erik
Александр
Жан
I liked how the article draws attention to different aspects of C++ programming, particularly the importance of writing and testing code carefully. Beginners sometimes concentrate too much on getting the correct output and overlook code readability and structure. While exploring help with C++ Assignment work, I have realised that understanding compiler errors and debugging methods is equally important. The discussion of programming fundamentals is relevant because these skills are useful across different coding projects. I am also curious about how students can improve their problem-solving abilities when dealing with lengthy programs. Regular practice with smaller coding exercises seems like a sensible starting point.
я являюсь заведующим отделением в медицинском центре, под моим подчинением есть медицинские сотрудники, среди них работает моя супруга с законным бракосочетанием. (в браке более 10 лет) Так работаем более 5 лет, и по профессии к денежным и финансовым вопросам отношения не имею. по закону противодействию коррупцию в статьях 14 и 15 указано что запрещается такие связи. как быть
Должен ли участковый терапевт направить на спец лечение с превышением свинца в крови если отсутствует профпатолог?
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Рекомендованные страницы
ҚР Экологиялық кодексi 97-бап. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 461-бап. Зияткерлік меншік объектілерін кедендік тізілімге енгізу тәртібі ҚР Экологиялық кодексi 106-бап. Жалпы ережелер Акционерлiк қоғамдар туралы 10-бап. Қоғамның жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы 35-бап. Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын лауазымды адамдарРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей