Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 106 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 02.03.2025

ҚР Экологиялық кодексi
106-бап. Жалпы ережелер

1. Экологиялық рұқсат – дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың қоршаған ортаға жағымсыз әсерді жүзеге асыру құқығын куәландыратын және қызметті жүзеге асырудың экологиялық шарттарын айқындайтын құжат. 

Экологиялық шарттар деп Қазақстан Республикасының экология заңнамасында белгіленген, осындай қызметке қолданылатын экологиялық талаптардың, сондай-ақ қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытындыларда қамтылған тұжырымдардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында I және II санаттағы объектілерді салуға және пайдалануға қойылатын жеке-дара талаптар түсініледі. 

Экологиялық рұқсаттарға қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етуге бағытталмаған шарттарды енгізуге тыйым салынады. 

2. Экологиялық рұқсат алған оператор, сондай-ақ объектінің операторы І немесе ІІ санаттағы тиісті объектіні салу, реконструкциялау немесе пайдалану кезінде оның аумағында жекелеген жұмыстарды орындау және (немесе) жекелеген қызметтерді көрсету үшін тартқан жеке және заңды тұлғалар осындай экологиялық рұқсаттың шарттарын сақтауға міндетті және оларды сақтамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. Мұндай жеке және заңды тұлғалардың I немесе II санаттағы тиісті объектінің аумағында жұмыстарды орындау және (немесе) қызметтерді көрсету үшін жеке экологиялық рұқсат алуы талап етілмейді. 

3. Экологиялық рұқсат I және II санаттардағы әрбір жеке объектіні пайдалануға және (немесе) I және II санаттардағы құрылыс-монтаждау жұмыстарын, I және II санаттардағы рекультивациялау және (немесе) жою жөніндегі жұмыстарды жүргізуге беріледі. 

4. Қазақстан Республикасында экологиялық рұқсаттардың мынадай түрлері беріледі: 

1) кешенді экологиялық рұқсат; 

2) әсер етуге арналған экологиялық рұқсат. 

5. I және II санаттағы объектілерді тиісті экологиялық рұқсатсыз салуға және пайдалануға тыйым салынады. 

6. Осы Кодекске сәйкес ластағыш ретінде айқындалған заттардың шығарындыларын қоспағанда, парниктік газдардың шығарылуы экологиялық рұқсаттардың нысанасы болып табылмайды. 

7. Экологиялық рұқсат: 

III және IV санаттардағы объектілер I немесе II санаттағы объектінің өнеркәсіптік алаңы шегінде орналастырылатын және онымен технологиялық тұрғыдан байланысты болатын жағдайларды қоспағанда, оларды салу және пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін; 

қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектінің санатын айқындау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес III немесе IV санатқа жатқызылған құрылыс-монтаждау жұмыстары мен рекультивациялау және (немесе) жою жөніндегі жұмыстарды I немесе II санаттағы объектінің өнеркәсіптік алаңы шегінде жүргізу үшін талап етілмейді. 

ІІІ санаттағы объектілерді пайдалану жөніндегі қызмет осы Кодекстің 110-бабына сәйкес қоршаған ортаға әсер ету туралы декларация берілген жағдайда жүзеге асырылуы мүмкін.  

Экологиялық рұқсаттар беру, қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияны ұсыну қағидаларын (бұдан әрі – экологиялық рұқсаттар беру қағидалары) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді. 

8. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен экологиялық рұқсаттар мен қоршаған ортаға әсер ету туралы декларациялардың тізілімін жүргізеді. 

Ескерту. 106-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.07.2023 № 17-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...104 105 106 107 108 ...418

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане


Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?


Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru


Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК


Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться