Ст. 119 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
ҚР Экологиялық кодексi
119-бап. Экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламасы
1. Эмиссиялар нормативтерін (мемлекет қоршаған орта сапасының неғұрлым қатаң нормативтерін немесе қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін енгізген кезде) және (немесе) технологиялық нормативтерді I санаттағы жұмыс істеп тұрған объектілер операторларының сақтауы мүмкін болмаған жағдайда, осындай нормативтерге қол жеткізу кезеңінде міндетті түрде кешенді экологиялық рұқсатқа қосымша ретінде экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламасы әзірленеді. 2. Экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламасында мыналар қамтылады:
1) технологиялық нормативтерге қол жеткізілуге тиіс мерзімдер;
2) эмиссиялар нормативтеріне қол жеткізілуге тиіс мерзімдер (мемлекет қоршаған орта сапасының неғұрлым қатаң нормативтерін немесе қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін енгізген кезде);
3) технологиялық нормативтерге, эмиссиялар нормативтеріне қол жеткізуге бағытталған I санаттағы объектіні реконструкциялау, қайта жарақтандыру, жаңғырту жөніндегі жоспарланатын іс-шаралар графигі (бұдан әрі – жоспарланатын іс-шаралар графигі);
4) жобалық шешімдерге сәйкес технологиялық нормативтерге, эмиссиялар нормативтеріне кезең-кезеңмен қол жеткізу мүмкіндігі болған кезде – объектіні реконструкциялау, қайта жарақтандыру, жаңғырту жөніндегі тиісті іс-шаралар кешендерінің аяқталу мерзімдеріне байланыстырыла айқындалатын қоршаған ортаға жағымсыз әсер етуді кезең-кезеңмен төмендету көрсеткіштеріне қол жеткізу графигі.
Жоспарланған іс-шаралар графигі экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламасын орындаудың күнтізбелік әрбір жылы бойынша бөлініп айқындалады.
Егер экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламасында қоршаған ортаға жағымсыз әсер етуді кезең-кезеңмен төмендету көзделсе, жоспарланатын іс-шаралар графигі қоршаған ортаға жағымсыз әсер етуді кезең-кезеңмен төмендетудің әрбір тиісті көрсеткішіне қол жеткізуді қамтамасыз ететін әрбір іс-шаралар кешені бойынша жеке-жеке айқындалады.
Жоспарланатын іс-шаралар графигінде, ал осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген жағдайда – әрбір іс-шаралар кешеніне қатысты негізгі іс-шараларды аяқтау мерзімдері де жеке-жеке қосымша айқындалады. Негізгі іс-шаралар объектіге негізгі технологиялық жабдықты жеткізуді, құрылыс-монтаждау жұмыстарын, іске қосу-баптау жұмыстарын және пайдалануға беруді қамтиды. Экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламасында қосымша негізгі іс-шаралар айқындалуы мүмкін.
3. Объектінің операторы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға, егер бұл эмиссиялар нормативтеріне, технологиялық нормативтерге қол жеткізудің белгіленген мерзімдеріне әсер етпесе, ал осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 4) тармақшасында көзделген жағдайда – қоршаған ортаға жағымсыз әсер етуді кезең-кезеңмен төмендету көрсеткіштеріне қол жеткізу мерзімдеріне жоспарланатын іс-шаралар графигі бөлігінде кешенді экологиялық рұқсатты қайта қарау туралы өтініш беруге құқылы.
Жекелеген іс-шараларды орындау мерзімдерін ауыстыру тиісті іс-шаралар кешенін орындау кезеңі шегінде бір рет, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімге жүзеге асырылады. Бұл ретте экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламасының жалпы мерзімін ұзартуға жол берілмейді.
4. Кешенді экологиялық рұқсат алуға өтініш берілген күнге объект сәйкес келуге тиіс экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге қажетті ғимараттарды, құрылысжайларды, жабдықты, табиғат қорғау маңызы бар құрылғыларды пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламасына енгізілуге жатпайды.
5. Экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламасын орындау мерзімі төрт жылдан аспайды және ұзартылуға жатпайды.
6. Экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламасы экологиялық рұқсаттар беру қағидаларына сәйкес әзірленеді. Экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламасының жобасы бойынша, оның ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен бұрын келісілген мұндай бағдарлама толық немесе ішінара қайта қаралған жағдайда қоғамдық тыңдаулар өткізу міндетті болып табылады.
7. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган экологиялық рұқсаттар беру қағидаларына сәйкес экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламасының орындалуына жыл сайынғы мониторингті жүзеге асырады.
Экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламасын орындау шартымен кешенді экологиялық рұқсаттар алған объектілердің операторлары жыл сайын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға экологиялық рұқсаттар беру қағидаларында белгіленген нысан бойынша мұндай бағдарламаның орындалуы туралы есеп береді.
Оператор әрбір негізгі іс-шара басталғаннан және аяқталғаннан кейін екі жұмыс күнінен аспайтын мерзімде бұл туралы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға жазбаша хабарлайды.
Жоспарланатын іс-шаралар графигін орындаудың күнтізбелік жылында қандай да бір іс-шара орындалмаған немесе толық орындалмаған жағдайда, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган операторға оператордың орындалмаған міндеттемелерінің көлемін көрсете отырып, ақпараттық хат жібереді. Оператор жоспарланатын іс-шаралар графигі бөлігінде кешенді экологиялық рұқсатты қайта қарау туралы өтініш беруге міндетті.
Жоспарланатын іс-шаралар графигінде көзделген негізгі іс-шараны орындау мерзімі бұзылған жағдайда, мұндай кезеңді орындау мерзімі осы Кодекстің 118-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген тәртіппен бір рет, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімге ұзартылады.
8. Экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламасын орындау шартымен берілген кешенді экологиялық рұқсаттың қолданысы мынадай жағдайларда:
1) осы баптың 7-тармағының бесінші бөлігінде көзделген ұзарту мерзімі шегінде негізгі іс-шара аяқталмаған жағдайда;
2) экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламасында белгіленген мерзімдерде технологиялық нормативтердің қандай да бірінің отыз пайыздан астамына қол жеткізілмеген жағдайда тоқтатылады. Егер тиісті мерзімге белгіленген технологиялық норматив отыз немесе одан аз пайызға жетпесе, онда мұндай технологиялық нормативке қол жеткізу мерзімі бір рет бір жылға ұзартылады;
3) осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 4) тармақшасында көзделген жағдайда – қоршаған ортаға жағымсыз әсер етуді кезең-кезеңмен төмендету көрсеткіштеріне қол жеткізу графигінде белгіленген мерзімге осындай көрсеткіштердің қандай да бірінің отыз пайыздан астамына қол жеткізілмеген кезде тоқтатылады. Егер тиісті мерзімге қоршаған ортаға жағымсыз әсер етуді кезең-кезеңмен төмендетудің белгіленген көрсеткіші отыз немесе одан аз пайызға жетпесе, онда мұндай көрсеткішке қол жеткізу мерзімі бір рет бір жылға ұзартылады;
4) осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген ұзартудың тиісті мерзімдері шегінде технологиялық нормативке немесе қоршаған ортаға жағымсыз әсер етуді кезең-кезеңмен төмендету көрсеткішіне қол жеткізілмеген жағдайда тоқтатылады.
I санаттағы объектінің операторы технологиялық нормативке, қоршаған ортаға жағымсыз әсер етуді кезең-кезеңмен төмендету көрсеткішіне қол жеткізгеннен кейін бұл туралы екі жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға жазбаша хабарлайды.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның осы тармақтың екінші бөлігіне сәйкес I санаттағы объект операторының жазбаша хабарын алуы немесе технологиялық нормативке, қоршаған ортаға жағымсыз әсер етуді кезең-кезеңмен төмендету көрсеткішіне қол жеткізу үшін белгіленген мерзімдерде мұндай хабарды алмауы бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүзеге асыру үшін негіз болып табылады.
9. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыру кезінде экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламаларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
2-параграф. Әсер етуге арналған экологиялық рұқсат
Лучшие юристы





Здравствуйте! Я нахожусь в декретном отпуске 1,5 года, компания просит, чтобы я уволилась в связи с ликвидацией компании, уведомление о ликвидации компании выставили 17 марта, прислали на почту 20 марта, в уведомлении ссылаются на статью 52 1 пункт, а про компенсацию ничего не написали, подскажите пожалуйста, какую компенсацию они мне должны выплатить и могу ли я подписывать такой документ?
Здравствуйте!
В магазине отказались принимать наличные деньги(тенге). Кассир заявил, что принимают оплату толька картой или кьюар. Законно ли деиствие магазина?
Мужа задержали,так как он не являлся на отметку в органы пробации, до этого был освобождён по статье УК 44рк
На данный момент 30го числа будет суд и время его провождения под стражей 26 дней, суд будет о замене ??его наказания но при этом учитываются статьи 476,477,480 что можно сделать, так как в положении и до родов не далеко осталось, у него ещё есть не совершенно летняя дочь,
При рассмотрении суда могут ли ему дать условный срок отбытия наказания ?
В административном кодексе закон обратной силы не имеет, то есть вы не сможете восстановить водительское удостоверение, так как совершили правонарушение в момент действия закона в то время и изменить решение суда не получится по истечению установленных сроков
В данном законе в статье 26 указано, что действие статей 18-24 настоящего Закона распространяется на жертв политических репрессий, реабилитированных до вступления настоящего Закона в силу, то есть в связи с принятием данного закона, они распространяются на реабилитированных до и после принятия закона.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей