Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 139 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.12.2024

ҚР Экологиялық кодексi
139-бап. Ремедиация бағдарламасы

1. Ремедиация бағдарламасы келтірілген экологиялық залалды жою жөніндегі іс-шаралардың тізбесін білдіреді. Экологиялық залалдың сипатына, сондай-ақ экологиялық залал келтірілген табиғи ортаның құрамдасына қарай ремедиация жөніндегі іс-шаралардың мазмұны, мерзімдері, оларды айқындау тәртібі жөніндегі ұсынымдар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нұсқаулық-әдістемелік құжаттарда келтіріледі. 

2. Келтірілген экологиялық залалды жою міндеті жүктелген тұлға осы Кодекстің 137-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген хабарламаны алған кезден бастап бір ай ішінде осындай залалды жою бойынша қажетті шараларды айқындайды және ремедиация бағдарламасын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға келісуге ұсынады. Келтірілген экологиялық залалдың сипаты мен ауқымын ескере отырып, ремедиация бағдарламасын әзірлеуге қажетті егжей-тегжейлі зерттеулер жүргізу үшін неғұрлым ұзақ мерзім қажет болған кезде жоғарыда көрсетілген мерзім қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша үш айға дейін ұзартылуы мүмкін. 

3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ұсынылған ремедиация бағдарламасын он жұмыс күні ішінде қарайды, онымен келіседі немесе тиісті түзетулер енгізеді және келісілген ремедиация бағдарламасын экологиялық залалды жоюға жауапты тұлғаға жібереді.  

4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен ремедиация бағдарламасы келісілген немесе келтірілген экологиялық залалды жоюға жауапты тұлға қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның түзетулерімен келіскен жағдайда, тараптар көрсетілген ремедиация бағдарламасын бекітеді. 

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ремедиация бағдарламасы бекітілген кезден бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей оны ресми интернет-ресурсында орналастыруға міндетті. 

5. Келтірілген экологиялық залалды жоюға жауапты тұлға қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның түзетулерімен келіспеген немесе мұндай тұлға ремедиация бағдарламасын бекітуден бас тартқан жағдайда, ремедиация бағдарламасын бекіту жөніндегі тиісті міндеттеме келтірілген экологиялық залалды жоюға жауапты тұлғаға қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның талап қоюы бойынша сот тәртібімен жүктелуі мүмкін.

Статья 1 ...137 138 139 140 141 ...418

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?


Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим


Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?


Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться