Ст. 140 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
ҚР Экологиялық кодексi
140-бап. Ремедиация бағдарламасын іске асыру
1. Егер ремедиация бағдарламасын іске асыру мерзімі үш айдан асатын жағдайда, келтірілген экологиялық залалды жоюға жауапты тұлға қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға бағдарламаны іске асыру басталған кезден бастап әрбір үшінші айдың соңында ремедиация бағдарламасын орындаудың мәртебе-есебін жібереді және оны интернет-ресурсында (болған кезде) орналастырады. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүргізілетін ремедиация туралы ақпаратты жыл сайын 1 желтоқсаннан кешіктірмей ресми интернет-ресурста орналастырады.
2. Ремедиация бағдарламасында көзделген іс-шараларды белгіленген мерзімдерде орындамау немесе тиісінше орындамау, сондай-ақ мәртебе-есепті уақтылы тапсырмау Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа алып келеді.
3. Ремедиация бағдарламасын аяқтау нәтижелері бойынша келтірілген экологиялық залалды жоюға жауапты тұлға және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ремедиация бағдарламасын аяқтау актісіне қол қояды. Егер ремедиация бағдарламасында көзделген іс-шаралар толық көлемде орындалмаған жағдайда, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ремедиация бағдарламасын аяқтау актісіне қол қоюдан бас тартады және ремедиация бағдарламасын аяқтау үшін қосымша мерзімдерді келіседі.
4. Егер ремедиация бағдарламасында көзделген іс-шараларды орындау бағдарламада қойылған, келтірілген экологиялық залалды жою жөніндегі мақсаттарға қол жеткізуге алып келмеген жағдайда, келтірілген экологиялық залалды жоюға жауапты тұлға бір ай ішінде қосымша ремедиация бағдарламасын әзірлейді. Қосымша ремедиация бағдарламасын келісу және бекіту тәртібі ремедиация бағдарламасын келісу және бекіту тәртібіне сәйкес келеді.
5. Келтірілген экологиялық залалды жоюға жауапты тұлғаға ремедиация бағдарламасында қойылған, келтірілген экологиялық залалды жою жөніндегі мақсаттарға қол жеткізе отырып, ремедиация бағдарламасы аяқталғаннан кейін табиғи ортаның қалпына келтірілген құрамдастарының жай-күйіне мерзімдік мониторинг жасау бойынша жауапкершілік жүктеледі. Мұндай мониторингтің тәртібін, кезеңділігі мен ұзақтығын, сондай-ақ есептілік тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
6. Егер мониторинг нәтижелері бойынша іске асырылған ремедиация бағдарламасының немесе қосымша ремедиация бағдарламасының нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізілмегені анықталған жағдайда, экологиялық залалды жоюға жауапты тұлғаға қосымша ремедиация бағдарламасын әзірлеу мен іске асыру бойынша жауапкершілік жүктеледі.
7. Аяқталған ремедиация бағдарламасының нәтижелері, сондай-ақ мониторинг нәтижелері экологиялық залалды жоюға жауапты тұлғаның ресми сайтында, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның сайтында міндетті түрде жариялануға жатады. Көрсетілген нәтижелерді жариялау келтірілген экологиялық залалды жоюға жауапты тұлғаның есебінен жүзеге асырылады.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Рекомендованные страницы
ҚР Экологиялық кодексi 417-бап. Осы Кодексті қолдану тәртібі Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы 12-бап. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды Қазақстан Респуб... ҚР кеден iсi туралы 450-бап. Электр энергиясын және құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды сәйкестендіру ҚР Экологиялық кодексi 273-бап. Радиоактивті материалдар мен қалдықтарды тасымалдау кезіндегі экологиялық талаптар ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 826-2-бап. Жинақтаушы сақтандыру шартының қолданылуын қалпына келтiруРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей