Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 184 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.06.2025

ҚР Экологиялық кодексi
184-бап. Объект операторының өндірістік экологиялық бақылау жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері

1. I және II санаттағы объектілер операторларының өндірістік экологиялық бақылау қызметінің ұйымдық құрылымын және оны жүргізу үшін персоналдың жауапкершілігін дербес айқындауға құқығы бар. 

2. Өндірістік экологиялық бақылау жүргізу кезінде объектінің операторы: 

1) өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасының сақталуына; 

2) өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасының шарттарын іске асыруға және өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептілікке қойылатын талаптарға сәйкес өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері жөніндегі есептерді ұсынуға; 

3) I санаттағы объектілерге қатысты – қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен қоршаған ортаға эмиссиялардың автоматтандырылған мониторингін жүргізу тәртібіне және осы Кодекстің 186-бабы 4-тармағының талаптарына сәйкес эмиссиялардың негізгі стационарлық көздерінде қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін орнатуға; 

4) өндірістік экологиялық бақылау қызметін құруға не өндірістік экологиялық бақылауды ұйымдастыру мен жүргізуге және мемлекеттік экологиялық бақылау органдарымен өзара іс-қимыл жасауға жауапты жұмыскерді тағайындауға; 

5) рәсімдік талаптарды ұстануға және алынатын деректердің сапасын қамтамасыз етуге; 

6) өндірістік экологиялық бақылау нәтижелерін жүйелі түрде бағалауға және анықталған Қазақстан Республикасы экология заңнамасының талаптарына сәйкессіздіктерді жою жөнінде қажетті шаралар қабылдауға;  

7) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері жөніндегі есептерді белгіленген тәртіппен ұсынуға; 

8) үш жұмыс күні ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға өндірістік экологиялық бақылауды жүзеге асыру барысында анықталған Қазақстан Республикасының экология заңнамасының талаптарын бұзушылық фактілері туралы хабарлауға; 

9) жұртшылықтың өндірістік экологиялық бақылау бағдарламаларына және өндірістік экологиялық бақылау жөніндегі есептік деректерге қол жеткізуін қамтамасыз етуге; 

10) мемлекеттік экологиялық инспекторлардың талап етуі бойынша мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыруға қажетті өндірістік экологиялық бақылаудың құжаттамасын, талдау нәтижелерін, бастапқы және өзге де материалдарын ұсынуға міндетті.

Статья 1 ...182 183 184 185 186 ...418

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте


Здравствуйте, подскажите пожалуйста если ип хочет возобновить свою деятельность досрочно, после подачи заявления о возобновлении нужно ли сдавать отчеты за тот период на который она была приостановленна?


Подскажите приостоновили вычет для многодетной семьи, это законно?



Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться