Ст. 210 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.01.2023
ҚР Экологиялық кодексi
210-бап. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар туындаған кезде атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі экологиялық талаптар
1. Осы Кодекстің мақсатында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар деп атмосфералық ауаның жер бетіне жақын қабатында адамдардың өміріне және (немесе) денсаулығына қауіп төндіретін концентрацияларда ластағыш заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық жағдайлар түсіндіріледі. 2. Қалалық және өзге де елді мекендерде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар туындаған кезде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары халық арасында қажетті ақпаратты дереу таратуды қамтамасыз етеді, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезеңінде атмосфералық ауаға ластағыш заттардың шығарылуын реттеу бойынша уақытша шаралар енгізеді.
3. Қалалық және өзге де елді мекендерде атмосфералық ауаның қолайсыз метеорологиялық жағдайлардан туындаған қысқа мерзімді ластануы кезеңінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде шығарындылардың стационарлық көздері бар заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органы уақытша енгізген стационарлық көздердің шығарындыларын төмендету жөніндегі талаптарды, тіпті, оларды пайдалануды ішінара немесе толық тоқтатуға дейін сақтауға міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің талабы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалануды ішінара немесе толық тоқтатуға жол берілмейтін стационарлық көздерге қолданылмайды.
4. Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет болған немесе болжамды қолайсыз метеорологиялық жағдайлар туралы ақпаратты тиісті жергілікті атқарушы органға және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне береді, олар заңды тұлғалардың, дара кәсіпкерлердің қолайсыз метеорологиялық жағдайлардың әсер етуі кезеңінде атмосфералық ауаға ластағыш заттардың шығарылуын азайту жөніндегі іс-шараларды жүргізуін бақылауды қамтамасыз етеді.
5. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар туралы ақпаратты беру тәртібін, мұндай ақпараттың құрамы мен мазмұнына қойылатын талаптарды, оны жариялау және мүдделі тұлғаларға беру тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
Лучшие юристы

город Астана, работаем по Казахстану и СНГ
Комментариев: 15
За последние 30 дней

г. Караганда
За последние 30 дней

За последние 30 дней

Караганда; Нур-Султан (Астана)
Всего

Алматы +77279715251
За последние 30 дней
Новые комментарии на сайте
Гость
27.01.23 14:50:04
Здравствуйте! При расторжении брака в 2004 году оставила Фамилию мужа. Могу ли я сейчас поменять её на девичью? Так как дети выросли и носят другие фамилии.
alexajames
24.01.23 14:56:41
just in case you have forgotten and that is the only way I see to out
Ернур Кайратбекулы
24.01.23 10:11:19
для консультации писать на whatsApp
Асылбек Тлепов 87082207192
23.01.23 14:33:46
Не можете. Смотрите. ПП.9 п 3 ст 16 закона о госслужбе
Гость
23.01.23 12:50:36
Здраствуйте можно ли поступить на госслужбу если имеется статья 68 часть 1
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей