Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 25 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 09.03.2023

ҚР Экологиялық кодексi
25-бап. Мемлекеттік экологиялық ақпарат қоры

1. Мемлекеттік экологиялық ақпарат қоры экологиялық ақпаратты және қоршаған орта, табиғи ресурстар, орнықты даму және экология мәселелеріне қатысты өзге де нормативтік, статистикалық, есепке алу, есеп беру, ғылыми және талдамалық ақпаратты жазбаша, электрондық, аудиокөрнекі немесе өзге нысандарда орталықтандырылған жинау, есепке алу, жүйелеу, сақтау, тарату жүйесін білдіреді. 

2. Мемлекеттік экологиялық ақпарат қоры жұртшылықтың экологиялық ақпаратқа қол жеткізу құқығының іске асырылуын қамтамасыз ету, экологиялық ағарту және халықтың экологиялық мәдениетін арттыру, сондай-ақ мемлекеттік органдарды ақпараттық қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі. 

3. Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын жүргізу қағидаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді. 

4. Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын жүргізуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ұйымдастырады. 

5. Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорының ақпараты мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын жүргізу қағидаларына сәйкес электрондық нысанда интернет-ресурста ашық қолжетімділікте орналастырылады. 

6. Мемлекеттік органдар мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын жүргізу қағидаларына сәйкес мемлекеттік экологиялық ақпарат қорына ақпарат береді. 

7. Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорының ақпарат көздері мыналар болып табылады: 

1) табиғи ресурстардың мемлекеттік кадастрлары; 

2) қалдықтардың мемлекеттік кадастры; 

3) озонды бұзатын заттарды тұтынудың мемлекеттік кадастры; 

4) мемлекеттік көміртегі кадастры; 

5) көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімі; 

6) Көміртегі квоталарының ұлттық жоспары; 

7) Қазақстан Республикасының парниктік газдардың шығарылуын қысқарту бойынша ұлттық деңгейде айқындалатын үлестері; 

8) парниктік газдардың шығарылуын азайту жөніндегі тиісті кезеңге арналған іс-шаралар жоспары және Қазақстан Республикасының парниктік газдардың шығарылуын қысқарту бойынша ұлттық деңгейде айқындалатын үлестерін орындау туралы есептер; 

9) ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуінің тіркелімі; 

10) Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасында реттелмейтін Қазақстан Республикасының парниктік газдардың көздерінен және сіңірушілерінің абсорбциясынан антропогендік шығарындылардың кадастры туралы ұлттық баяндамасы; 

11) тарихи ластану объектілерінің мемлекеттік тізілімі; 

12) қоршаған ортаға әсерді бағалау және мемлекеттік экологиялық сараптама материалдары, оның ішінде қоғамдық тыңдаулардың хаттамалары; 

13) осы Кодекстің 60-бабының 7-тармағына сәйкес стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі материалдар; 

14) Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын, қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша халықаралық шарттар; 

15) Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану мәселелерін қозғайтын құжаттары; 

16) қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік-техникалық құжаттар; 

17) осы Кодекстің талаптарына сәйкес әзірленген ең үздік қолжетімді техникалар бойынша анықтамалықтар; 

18) климаттың өзгеруінің әсер етуіне, климаттың өзгеруінің болжамды әсер етуіне, климаттың өзгеруіне осалдыққа және климаттың өзгеруіне бейімделу шараларына байланысты ақпарат; 

19) қоршаған ортаны қорғауға және табиғи ресурстарды пайдалануға байланысты ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың орындалуы туралы есептер; 

20) қоршаған ортаның жай-күйі және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндамалар; 

21) Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және алдын ала сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жоюға арналған экологиялық сезімталдық карталары; 

22) қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы бақылау және құқық қолдану қызметінің нәтижелері жөніндегі есептер; 

23) экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламаларын, қалдықтарды басқару бағдарламаларын, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарларын, өндірістік экологиялық бақылау бағдарламаларын қоса алғанда, берілген экологиялық рұқсаттар, өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептер, сондай-ақ қоршаған ортаға әсер ету туралы берілген декларациялар; 

24) мемлекеттік экологиялық мониторингтің деректері; 

25) генетикалық түрлендірілген организмдер мен өнімдердің тізілімі (тізбесі); 

26) экология саласындағы ғылыми-техникалық және талдамалық әдебиет; 

27) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті өкілді органдары бекіткен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарлары және олардың орындалуы туралы есептер; 

28) экологиялық ақпаратты қамтитын өзге де материалдар мен құжаттар. 

2-БӨЛІМ. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ

Статья 1 ...23 24 25 26 27 ...418

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте. Согласно п.1 ст.131. должны выплатить компенсацию в размере одной среднемесячной заработной платы. да Вы можете подписать.


Здравствуйте! Я нахожусь в декретном отпуске 1,5 года, компания просит, чтобы я уволилась в связи с ликвидацией компании, уведомление о ликвидации компании выставили 17 марта, прислали на почту 20 марта, в уведомлении ссылаются на статью 52 1 пункт, а про компенсацию ничего не написали, подскажите пожалуйста, какую компенсацию они мне должны выплатить и могу ли я подписывать такой документ?


Здравствуйте!

В магазине отказались принимать наличные деньги(тенге). Кассир заявил, что принимают оплату толька картой или кьюар. Законно ли деиствие магазина?


Мужа задержали,так как он не являлся на отметку в органы пробации, до этого был освобождён по статье УК 44рк

На данный момент 30го числа будет суд и время его провождения под стражей 26 дней, суд будет о замене ??его наказания но при этом учитываются статьи 476,477,480 что можно сделать, так как в положении и до родов не далеко осталось, у него ещё есть не совершенно летняя дочь,

При рассмотрении суда могут ли ему дать условный срок отбытия наказания ?


В административном кодексе закон обратной силы не имеет, то есть вы не сможете восстановить водительское удостоверение, так как совершили правонарушение в момент действия закона в то время и изменить решение суда не получится по истечению установленных сроков


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться