Ст. 23 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
ҚР Экологиялық кодексi
23-бап. Қоршаған ортаның жай-күйі және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндама
1. Қоршаған ортаның жай-күйі және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндама (бұдан әрі – Ұлттық баяндама) қоршаған ортаның жай-күйі және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы талдамалық есеп болып табылады, ол жыл сайынғы негізде халыққа Қазақстан Республикасының аумағындағы нақты экологиялық жағдай және оны жақсарту жөнінде қабылданатын шаралар туралы ақпарат беру мақсатында жасалады. 2. Ұлттық баяндаманы әзірлеу, сондай-ақ қоршаған ортаның жай-күйі және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы интерактивті баяндаманы әзірлеу және жүргізу қағидаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
3. Ұлттық баяндамада:
1) қоршаған орта мен табиғи ресурстардың сапалық және сандық сипаттамалары туралы;
2) негізгі қоғамдық маңызы бар экологиялық проблемаларды қоса алғанда, қоршаған ортаға антропогендік әсер ету туралы;
3) қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері туралы мәліметтерді қоса алғанда, өңірлердегі экологиялық ахуал туралы;
4) есепті кезеңде Қазақстан Республикасының экология заңнамасына енгізілген өзгерістер туралы;
5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік экологиялық саясатын және табиғи ресурстарын пайдалану саласындағы саясатын, оның ішінде Қазақстан Республикасының "жасыл" экономикаға көшуі және орнықты даму бөлігінде іске асыру туралы;
6) климаттың өзгеруінің әсерлері, климаттың өзгеруінің болжанатын әсерлері, климаттың өзгеруіне осалдылық және климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі шаралар туралы;
7) Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық міндеттемелерін орындау туралы мәліметтер көрсетіледі.
4. Орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына дейін қоршаған ортаның жай-күйі және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық және интерактивті баяндамаларын әзірлеу қағидаларына сәйкес Ұлттық баяндаманы жасау үшін ақпарат береді.
5. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган қолда бар деректердің, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар берген ақпараттың негізінде Ұлттық баяндаманы әзірлеуді және оны ресми интернет-ресурста жариялауды ұйымдастырады.
Ұлттық баяндаманы әзірлеуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымы жүзеге асырады.
Ескерту. 23-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.07.2023 № 17-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы





Здравствуйте, Нет, только с момента возобновления деятельности представляете отчёт
Гость вы можете обратиться напрямую ЧСИ или взыскателю если они отказываются то идти в административный суд
Здравствуйте, подскажите пожалуйста если ип хочет возобновить свою деятельность досрочно, после подачи заявления о возобновлении нужно ли сдавать отчеты за тот период на который она была приостановленна?
Подскажите приостоновили вычет для многодетной семьи, это законно?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей