Ст. 266 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
ҚР Экологиялық кодексi
266-бап. Өсімдіктердің және табиғи еркіндік жағдайында мекендейтін жануарлардың гендік қорын қорғау және молықтыру кезіндегі экологиялық талаптар
1. Қазақстан Республикасының құнды гендік қоры және ұлттық қазынасы болып табылатын өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін, жойылып кету қатері төнген, эндемиялық және реликтік түрлерінің қырылуына, популяциясының қысқаруына немесе мекендеу ортасының бұзылуына алып келуі мүмкін әрекеттерге жол берілмейді. 2. Құнды табиғи гендік қор объектілері – өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін, жойылып кету қатері төнген, эндемиялық және реликтік түрлерінің популяциясы, сондай-ақ селекцияда пайдаланылатын не болашақта селекция үшін әлеуетті ықтимал объектілер болып табылатын екпе өсімдіктердің және жануарлардың туыстастарын қоса алғанда, құнды агробиоәртүрлілік объектілері анықталған учаскелер заңнамада белгiленген тәртiппен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жекелеген түрлеріне, генетикалық резерваттарға және айналасына табиғи ресурстарды пайдаланудың ерекше шарттары бар қорғалатын не буферлiк аймақтар белгiленетін басқа да қорғалатын объектiлерге бөлінуі мүмкін.
3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі объектілері табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесіне енгізілуі мүмкін, ал олардың өсіп-өну және мекендеу учаскелері, шоғырлану және көбею орындары, миграция жолдары өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі объектілерінің сақталуын, осы учаскелерді пайдаланудың ерекше режимін қамтамасыз ететіндей қорғауда болуға тиіс.
Табиғи гендік қорды орналастыру учаскелерін карантиндік объектілер мен бөтен түрлерден қорғау қамтамасыз етілуге тиіс.
4. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі объектілерін молықтыру және пайдалану аналық дара нұсқаларының сақталуын қамтамасыз ететін тәсілдермен жүзеге асырылуға және осы салада ғылыми зерттеулер жүргізу кезінде, сондай-ақ генетикалық ресурстарға қатысы бар ғылымның тиісті жетістіктерін, практиканы және дәстүрлі білімді пайдалану кезінде қабылданған әдеп талаптарына сай келуге тиіс.
Лучшие юристы





Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей