Ст. 274 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
ҚР Экологиялық кодексi
274-бап. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағындағы теңізде көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезіндегі экологиялық талаптар
1. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағындағы теңізде көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушы осы Кодексте көзделген өзге де экологиялық талаптарға қосымша ретінде осы бапта белгіленген экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті. 2. Келісімшарт аумағы шегінде бұрын бұрғыланған ұңғымалар табылған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы оларды балансқа қабылдауға және олар бойынша мониторинг жүргізуге міндетті.
3. Авариялық жағдайдың туындау қатері төнген жағдайларды қоспағанда, ұңғымаларды пайдалану кезінде флюидтерді алау етіп жағуға тыйым салынады.
4. Ұңғымаларды сынау кезінде көмірсутектерді алау етіп жағу қоршаған ортаға неғұрлым қауіпсіз болып табылатын ең үздік қолжетімді техника қолданыла отырып, барынша азайтылуға тиіс. Тиісті техниканың қолданылуын негіздеу қоршаған ортаға әсерін бағалауды жүргізу кезінде жүзеге асырылады.
Жер қойнауын пайдаланушы шыққан түтіннің сейілуіне ықпал ететін қолайлы ауа райы жағдайында ғана осы тармақта көрсетілген ең үздік қолжетімді техниканы қолдана отырып, ұңғымаларды сынау кезінде көмірсутектерді алау етіп жағуды жүзеге асыруға міндетті, бұл ретте алау қондырғыларының конструкциясы көмірсутектердің толық жануын қамтамасыз етуге тиіс.
5. Ұңғыма құстардың миграция жолдарында орналасқан жағдайда орнитофаунаға залал келтіруді болғызбау үшін ұйымдастырушылық-техникалық шаралар қабылдануға тиіс.
6. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағындағы теңізде көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде атмосфераға шығарындылар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес, көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық практикада қабылданған, сынақтан өткен қағидаттармен және әдістермен мониторингтеуге және бақылауға жатады.
7. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін бекітілген жобалық құжатта айқындалатын қалдықтарды залалсыздандыру жөніндегі операцияларды алдын ала жүргізбей, бұрғылау қалдықтарын жер қойнауына айдауға тыйым салынады.
8. Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде ілеспе газды жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін бекітілген жобалық құжатта көзделген нормалардан асырып, қабаттық қысымды ұстап тұру арқылы мұнай беруді ұлғайтуды қамтамасыз ететіндей жер қойнауына айдауға, сондай-ақ ілеспе газды жобалық көрсеткіштерден асырып қысып айдауға тыйым салынады.
9. Қайталап пайдалануға тартылмайтын және жер қойнауына айдалмайтын бұрғылау қалдықтарын (шламдар мен ерітінділерді) залалсыздандыру және сақтау жөніндегі операциялардың барлығы Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағынан тыс жерде орналасқан арнайы полигонда жүзеге асырылуға тиіс. Мұндай арнайы полигон бұрғылау жұмыстары басталған күннен кешіктірілмей пайдалануға берілуге тиіс.
10. "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес теңіз объектілері деп танылатын осындай объектілер және оларға қызмет көрсететін кемелер сарқынды суларды тазалауға және зарарсыздандыруға арналған немесе сарқынды суларды жинауға, сақтауға және кейіннен арнайы кемелерге немесе жағалаудағы қабылдау құрылғыларына беруге арналған қондырғымен жабдықталуға тиіс. Қоқысты жинау немесе өңдеу (уату немесе сығымдау) үшін тиісті құрылғылар көзделуге тиіс. Бекітілген жобалық құжатқа сәйкес ең үздік қолжетімді техникаларды қолдана отырып, медициналық қалдықтар мен тамақ қалдықтарын жағуға жол беріледі.
11. Жер қойнауын пайдаланушының қаржылай қаражаты есебінен мұнай өндіру жөніндегі жұмыстарды бастағанға дейін Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында уылдырық шашатын жерлерді қорғау және бағалы кәсіпшілік балықтарын молықтыру, сондай-ақ итбалықтардың мекендеу ортасын сақтау жөніндегі іс-шараларды қоса алғанда, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі кешенді бағдарламалар әзірленуге тиіс.
12. Бұрғылық және тампонаждық сұйықтықтар құрамында бекітілген техникалық жоба құрамында келісілмеген заттар қолданылмауға тиіс.
13. Бұрғылау қондырғыларын иісті газ түтінінің шекті мәндері бойынша Халықаралық теңіз ұйымының талаптарына сай келетін іштен жану қозғалтқыштарымен жасақтау қажет.
14. Энергия қондырғылары іштен жану қозғалтқыштарымен немесе қосарлы отын (дизель отыны – газ) турбиналарымен жасақталуға тиіс.
15. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында теңізде көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі белгіленіп отырған қызметтің қоршаған ортаға әсер етуіне бағалау жүргізу кезінде белгіленіп отырған қызметтің бұрын зерделенген ауданының қазіргі жай-күйін талдау қоршаған ортаға әсер етуді бағалау туралы есеп ұсынылғанға дейін кемінде төрт жыл бұрын жүргізілген далалық зерттеулер нәтижелеріне негізделуге тиіс.
16. Каспий теңізінің акваторийі мен жағалау маңы аймақтарының ерекше осал учаскелерінде барлау жүргізуден бас тартуды қоса алғанда, балама нұсқаларды талдау қоршаған ортаға әсер етуді бағалау кезінде міндетті элемент болып табылады.
17. Су қорғау аймағында және теңіздің жағалау маңындағы тереңдігі он метрден аспайтын таяз учаскелерінде ұңғымаларды бұрғылау сыртқы желілерден электржетекті бұрғылау қондырғыларының көмегімен жүзеге асырылады. Егер бұрғылау дизель отынды және дизель жетекті генератордан бұрғылау қондырғысымен жүргізілетін болса, онда мұндай қондырғылардан атмосфераға тазартылмаған газ түтінінің шығуы барынша азайтылуға тиіс.
18. Теңізде көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде мұнайды және құрамында мұнай бар жүктерді тасымалдау жүзеге асырылатын әрбір теңіз объектісінде және әрбір кемеде Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес айқындалатын, Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жоюға арналған ресурстар орналастырылуға тиіс.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Адвокат Сеитов Болат Джамбулович, лицензия 25000656 от 15.01.2025г., +77776018430 Шымкент, консультация бесплатная
Александр
michaelbates
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Читать еще раз
ҚР Экологиялық кодексi 14-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы коммерциялық емес ұйымдардың құқықтарыРекомендованные страницы
Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы 6-бап. Республикалық ұланның кадрлары Гражданский кодекс РК (Особенная часть) Статья 896. Понятие договора комплексной предпринимательской лицензии Концессиялар туралы Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы 2-бап. Қазақстан Республикасының Республикалық ұлан туралы заңдары ҚР Экологиялық кодексi 174-бап. Мемлекеттік экологиялық бақылаудың нысандарыРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей