Ст. 29 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
ҚР Экологиялық кодексi
29-бап. Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар
1. Қоршаған ортаны қорғауға және оның сапасын жақсартуға бағытталған технологиялық, техникалық, ұйымдастырушылық, әлеуметтік және экономикалық шаралар кешені қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар болып табылады. 2. Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында белгіленетін бағыттарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті өкілді органдардың шешімдеріне сәйкес айқындалады.
3. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды:
1) жергілікті деңгейде – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары;
2) республикалық деңгейде – қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ұйымдастырады.
4. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларға:
1) экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған;
2) қоршаған ортаның сапалық сипаттамаларын арттыру арқылы қоршаған орта құрамдастарының жай-күйін жақсартатын;
3) экологиялық жүйелердің жай-күйін тұрақтандыру мен жақсартуға, биоәртүрлілікті сақтауға және орнықты пайдалануға, табиғи ресурстарды молықтыруға ықпал ететін;
4) қоршаған ортаның ластануының, табиғи ортаның тозуының, кез келген нысанда экологиялық залал келтірудің және осыған байланысты адамның өміріне және (немесе) денсаулығына қатердің алдын алатын және оларды болғызбайтын;
5) төзімді органикалық ластағыштарды қоса алғанда, қауіпті химиялық заттарды қауіпсіз басқаруды қамтамасыз етуге, қоршаған ортаға антропогендік те, табиғи сипатта да химиялық, биологиялық және физикалық әсер ету деңгейін төмендетуге бағытталған;
6) қоршаған ортаны қорғауға, табиғи ресурстарды орнықты пайдалануға және қоршаған ортаны қорғауды басқарудың халықаралық стандарттарын ендіруге бағытталған әдістер мен технологияларды жетілдіретін;
7) өндірістік экологиялық бақылаудың тиімділігін арттыратын;
8) қоршаған ортаны қорғау саласында ақпараттық жүйелерді қалыптастыратын және экологиялық ақпарат беруге ықпал ететін;
9) орнықты даму үшін экологиялық білімді насихаттауға, экологиялық білім беруге және ағартуға ықпал ететін;
10) парниктік газдардың шығарылу көлемін қысқартуға және (немесе) парниктік газдардың сіңірілуін ұлғайтуға бағытталған;
11) қоршаған ортаны қорғау саласында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуге бағытталған іс-шаралар жатады.
5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралары қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарларының негізінде және соған сәйкес жүргізіледі.
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы мүдделі жұртшылықтың өкілдерін қатыстырып, осы Кодекске 4-қосымшада көзделген қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралардың үлгілік тізбесін негізге ала отырып, үш жылдық перспективаға әзірлейді.
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасы қоғамдық тыңдауларды өткізу қағидаларына сәйкес қоғамдық тыңдаулар рәсімінен өтеді.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісілгеннен кейін қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті өкілді органы бекітеді.
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
6. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары жыл сайын, есепті кезең аяқталғаннан кейін 1 ақпаннан кешіктірмей облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті өкілді органына және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы есеп ұсынады.
7. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралардың бекітілген жоспары осы іс-шаралар жоспары әзірленген және бекітілген жылдың алдындағы үш жыл ішінде жергілікті бюджетке түскен, қоршаған ортаға жағымсыз әсер үшін төлем сомаларынан кем емес көлемде бюджет қаражаты есебінен іске асырылады.
Қоршаған ортаға жағымсыз әсер үшін келіп түскен төлем сомаларынан қалыптастырылатын және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларға жіберілетін қаражат жеткіліксіз болған жағдайда, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралардың бекітілген жоспары қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша ғана өзгертілуі мүмкін.
8. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қосымша жүзеге асырылуы мүмкін.
Ескерту. 29-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.10.2023 № 31-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы





несет ли водитель ответственность за перевозимый груз без сопровождающего лица?
Доброго времени суток! Как осуществляется передача в доверительное управления инфраструктуры, находящейся на земле вторичного землепользования (земля у субарендатора) другому лицу, которой является первичным землепользователям данных земель. То есть инфраструктура принадлежит первому лицу, а земля на которой это инфраструктура второму лицу. Первая лицо хочет передать управления инфраструктурой второму лицу.
Доброго времени суток!Помогите пож-та какими законами и действиями воздействовать на соседа в многоквартирном ЖК ?Сосед из 3 х комнатной квартиры делает две квартиры двухкомнатную и однокомнатную квартиру с общим коридором не выходящим на общедомовое имущество,т.е внутри его собственности будет разделение входных дверей в две квартиры.Стены между квартирами он воздвиг сам ,не от застройщика,не имея на сегодняшний день никаких разрешений и документов у него произведено сложное переоборудование .Сначала он должен был получить разрешение от Архитектуры,БТИ,Рэк и уже после приступать к ремонту.И в некоторых источниках написано,что мы смежные соседи должны дать своё разрешение.Ведь будут затронуты наши интересы,во первых такие варианты квартир покупают для посуточного бизнеса и нам будет идти нагрузка на весь подьезд по шуму и чистоте ,во вторых мы смежные соседи будем постоянно сталкиваться с большим кол-вом жильцов,когда покупали мы свои квартиры нас привлекло на площадке именно малое кол-во квартир,а теперь добавится ещё квартира .Я не согласна с таким добавлением квартир .
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей