Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 351 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 31.10.2026

ҚР Экологиялық кодексi
351-бап. Полигондар үшін қолайсыз қалдықтар

1. Полигондарда көму үшін мынадай қалдықтарды: 

1) сұйық нысандағы кез келген қалдықтарды (сұйық қалдықтарды); 

2) полигон жағдайында жарылғыш, коррозиялық, тотығатын, өрт қауіптілігі жоғары немесе өрт қауіпті болып табылатын қауіпті қалдықтарды; 

3) сумен реакцияға түсетін қалдықтарды; 

4) медициналық қалдықтарды; 

5) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасына сәйкес айқындалған биологиялық қалдықтарды; 

6) рекультивациялау кезінде тұрақтандырушы материал ретінде қолданылуын қоспағанда, пайдаланылған тұтастай шиналар және олардың фрагменттерін; 

7) құрамында жойылуы қиын органикалық ластағыштар бар қалдықтарды; 

8) пестицидтерді; 

9) қабылдау өлшемшарттарын қанағаттандырмайтын қалдықтарды; 

10) пластмасса, пластик және полиэтилен қалдықтарын, полиэтилентерефталат қаптаманы; 

11) макулатураны, картон мен қағаз қалдықтарын; 

12) құрамында сынап бар шамдар мен аспаптарды; 

13) шыны ыдысты:  

14) шыны сынықтарын; 

15) түсті және қара металдар сынықтарын; 

16) литий, қорғасын-қышқылды батареяларды; 

17) электрондық және электр жабдықтарын; 

18) пайдаланудан шыққан көлік құралдарын; 

19) құрылыс қалдықтарын; 

20) тамақ қалдықтарын қабылдауға тыйым салынады. 

2. Қабылдау өлшемшарттарын орындау мақсатында қалдықтарды араластыруға тыйым салынады. 

3. Тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарында қалдықтарды осы баптың 1-тармағының 6), 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16) және 17) тармақшаларында көрсетілген түрлер бойынша міндетті түрде сұрыптау көзделуге тиіс. Тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген ұлттық стандарттар сақтала отырып жүзеге асырылады. 

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген талапты орындау қамтамасыз етілмейтін тұрмыстық қатты қалдықтар полигонын пайдалануға тыйым салынады. 

4. Жергілікті атқарушы органдар биологиялық ыдырайтын қалдықтардың көмілуін қысқартуға ынталандыру жөніндегі іс-шараларды, оған қоса оларды қайта өңдеу, атап айтқанда компостерлеу, кәдеге жарату әдісімен, оның ішінде биогаз және (немесе) энергия өндіру мақсатында қайта өңдеу жөніндегі шараларды ұйымдастырады. 

Биологиялық ыдырайтын қалдықтарды компостерлеу экологиялық және санитариялық-гигиеналық талаптар сақтала отырып жүзеге асырылады. 

Ескерту. 351-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 08.07.2026 № 340-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...349 350 351 352 353 ...418

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

I liked how the article draws attention to different aspects of C++ programming, particularly the importance of writing and testing code carefully. Beginners sometimes concentrate too much on getting the correct output and overlook code readability and structure. While exploring help with C++ Assignment work, I have realised that understanding compiler errors and debugging methods is equally important. The discussion of programming fundamentals is relevant because these skills are useful across different coding projects. I am also curious about how students can improve their problem-solving abilities when dealing with lengthy programs. Regular practice with smaller coding exercises seems like a sensible starting point.


я являюсь заведующим отделением в медицинском центре, под моим подчинением есть медицинские сотрудники, среди них работает моя супруга с законным бракосочетанием. (в браке более 10 лет) Так работаем более 5 лет, и по профессии к денежным и финансовым вопросам отношения не имею. по закону противодействию коррупцию в статьях 14 и 15 указано что запрещается такие связи. как быть


Должен ли участковый терапевт направить на спец лечение с превышением свинца в крови если отсутствует профпатолог?


Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует


Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться