Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 354 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.02.2025

ҚР Экологиялық кодексi
354-бап. Қалдықтарды қабылдау рәсімдері

1. Қалдықтарды полигонға тапсыратын қалдықтардың меншік иелері полигонның операторына қалдықтарды белгілі бір түрге жатқызуды растайтын олардың сапалық және сандық сипаттамалары туралы анық ақпаратты, ал қауіпті қалдықтарға қатысты – қауіпті қалдықтар паспортының көшірмесін қосымша беруге міндетті. 

2. Полигон операторларының осы полигонға көмуге рұқсат етілген және көму құқығы экологиялық рұқсатпен расталатын қалдық түрлерін ғана полигонға көму үшін қабылдауға құқығы бар. 

3. Полигон операторы қалдықтарды қабылдау кезінде: 

1) қауіпті қалдықтар паспортын қоса алғанда, қалдықтарға құжаттаманы тексеруді; 

2) қалдықтар түскен кезде оларды көзбен шолып қарап-тексеруді; 

3) қалдықтардың меншік иесі ұсынған құжаттамадағы сипаттамамен қабылданатын қалдықтарды салыстыруды; 

4) шығу тегін, беру күнін, қалдықтарды түзушіні сәйкестендіруді немесе тұрмыстық қатты қалдықтарға қатысты – қалдықтарды жинауды жүзеге асыратын тұлғаны сәйкестендіруді, ал қауіпті қалдықтар болған кезде олардың полигонда орналасқан нақты орнын көрсете отырып, көмуге жататын қалдықтардың көлемі мен сипаттамаларын есепке алуды жүргізуді; 

5) полигонға радиоактивті заттардың түсуін болғызбау үшін полигонға қабылданатын қалдықтардың әрбір партиясын дозиметрлік бақылауды жүзеге асыруға міндетті. 

4. Полигон операторы учаскеде қабылданған қалдықтардың әрбір партиясын алғанын жазбаша растауды және полигонға қалдықтар қабылданған күннен бастап бес жыл ішінде осы құжаттаманы сақтауды үнемі қамтамасыз етуге міндетті. 

5. Келіп түсетін қалдықтардың массасын айқындау үшін қабылдау пункттерінде таразы жабдығы орнатылуға тиіс.
Статья 1 ...352 353 354 355 356 ...418

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Какой алгоритм действий для добровольного обращения лицензиата к лицензиару о прекращении действия лицензии и (или) приложения к лицензии;


если заявка на погрузку 28 февраля, а отказ от погрузки от 21 февраля освобождается ли грузоотпр-ль от штрафа полностью или на 1/3?


8.6 пункт там влияет какая полоса движения или без разницы сплошная прерывистая свободная левая или правая надо заблаговременно

нас обучали и сказали при сплошной можно поворачивать даже налево или на право зависимости предназначенной для движения в данном направлении а если прерывистая надо перестроится если она свободная



несет ли водитель ответственность за перевозимый груз без сопровождающего лица?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться