Ст. 360 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
ҚР Экологиялық кодексi
360-бап. Тау-кен өндіру өнеркәсібінің қалдықтарын басқару бағдарламасы
1. Қалдықтарды жинап қою объектісінің операторы осы Кодекстің 335-бабының 1-тармағында көзделген қағидаларға сәйкес қалдықтардың түзілуін, қалпына келтірілуін барынша азайту және жою үшін тау-кен өндіру өнеркәсібінің қалдықтарын басқару бағдарламасын әзірлеуге міндетті.
2. Тау-кен өндіру өнеркәсібінің қалдықтарын басқару бағдарламасы осы Кодекске сәйкес әзірленетін және бекітілетін ең үздік қолжетімді техникалар жөніндегі ақпараттық-техникалық анықтамалықтарға сәйкес ең үздік қолжетімді техникаларды пайдалану қажеттігі ескеріле отырып әзірленеді.
3. Тау-кен өндіру өнеркәсібінің қалдықтарын басқару бағдарламасының мақсаттары:
1) қалдықтардың түзілуін және олардың қауіптілігін болғызбау немесе төмендету;
2) тау-кен өндіру өнеркәсібінің қалдықтарын қалпына келтіруді бұл экологиялық талаптарға сәйкес келген жағдайларда қайта өңдеу, қайтадан пайдалану арқылы ынталандыру;
3) қысқа және ұзақ мерзімді перспективада қалдықтарды қауіпсіз жоюды, атап айтқанда:
жабылған қалдықтар жинап қою объектісін мониторингтеудің, бақылаудың және оларды басқарудың ең төмен деңгейін немесе оларға қажеттіліктің болмауын болжайтын;
қалдықтарды көмуден ұзақ мерзімді жағымсыз салдарларды болғызбауға немесе төмендетуге бағытталған;
бөгеттер мен жердің бетінен шығып тұратын үйінділердің ұзақ мерзімді геотехникалық тұрақтылығын қамтамасыз ететін жобалаудың тиісті нұсқасын таңдау арқылы қамтамасыз ету болып табылады.
4. Тау-кен өндіру өнеркәсібінің қалдықтарын басқару бағдарламасы экологиялық рұқсаттың ажырамас бөлігі болып табылады және қалдықтарды жинап қою объектісін пайдалану шарттарында және (немесе) жинап қойылатын қалдықтардың түрінде, сипатында елеулі өзгерістер болған жағдайда әрбір бес жыл сайын қайта қарауға жатады. Өзгерістер қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның бекітуіне жатады.
5. Тау-кен өндіру өнеркәсібінің қалдықтарын басқару бағдарламасы сатылық қағидатына сәйкес әзірленеді және түзілетін және (немесе) үшінші тұлғалардан алынатын қалдықтардың көлемі мен құрамы, оларды жинақтау, жинау, тасымалдау, залалсыздандыру, қалпына келтіру және жою тәсілдері туралы мәліметтерді, сондай-ақ қалдықтардың түзілуін қысқарту, оларды қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесін ұлғайту бойынша ұсынылатын шаралардың сипаттамасын қамтуға тиіс.
Ескерту. 360-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы





Здравствуйте, Нет, только с момента возобновления деятельности представляете отчёт
Гость вы можете обратиться напрямую ЧСИ или взыскателю если они отказываются то идти в административный суд
Здравствуйте, подскажите пожалуйста если ип хочет возобновить свою деятельность досрочно, после подачи заявления о возобновлении нужно ли сдавать отчеты за тот период на который она была приостановленна?
Подскажите приостоновили вычет для многодетной семьи, это законно?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей