Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 366 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 23.07.2024

ҚР Экологиялық кодексi
366-бап. Тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік

1. Инфрақұрылымды жобалау, салу, құру, реконструкциялау, жаңғырту мен пайдалану және тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау, көму, кездейсоқ қоқыстарды жою жөніндегі қызметті жүзеге асыру (бұдан әрі – тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару) Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. 

Кездейсоқ қоқыстарды жою деп оларды жинақтауға немесе көмуге арналған арнайы белгіленген орындардан тыс орналастырылған қалдықтарды сұрыптау, залалсыздандыру, қайта өңдеу, кәдеге жарату немесе көму үшін арнайы бейімделген ұйымдарға жинау, тасымалдау және беру түсініледі. 

2. Кәдеге жарату төлемінің қаражатын тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру үшін пайдалану осы бапта көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып қолданылады. Бұл ретте мұндай жобалар халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тариф есебінен жүзеге асырылатын тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару жөніндегі қызмет үшін ғана қолданылады. 

3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру тәртібі мен шарттарын әзірлейді және бекітеді, оған мыналар кіреді: 

1) жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты өткізу тәртібі мен шарттары; 

2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының үлгілік конкурстық құжаттамасы және үлгілік шарттар; 

3) жекеше әріптестің шығындарын өтеу тәртібі, шарттары және шектері; 

4) халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған шекті тарифті әзірлеу және бекіту тәртібі. 

4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары осы баптың 3-тармағының 1) – 3) тармақшаларына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жергілікті жобаларына қатысты конкурсты ұйымдастырушылар болады, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша конкурстық құжаттаманы әзірлейді және бекітеді.  

5. Тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары шеңберінде жекеше әріптестің шығындарын өтеу халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтен және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаржыландыру көздерінен түсетін қаражат есебінен жүзеге асырылады.  

6. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы осы баптың 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы шеңберінде халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған шекті тариф пен ағымдағы тариф арасындағы айырманы өтейді. 

7. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің әрбір жобасы үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған шекті тарифтің мөлшерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган әзірлеп, бекітеді және тиісті қаладағы, аудандағы көрсетілген операциялар бойынша нақты және инвестициялық шығыстарды көрсетеді.
Статья 1 ...364 365 366 367 368 ...418

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Кеш жарык.Ватсап чатта товар берем деп.не товар не акша жок.Зан аясында акшамды кайтара аламынба?чек переписка бар


Здравствуйте.У меня изъятие для государственных нужд. Ищу постановление не могу найти .Или неправильно ищу.


Карткожа Шынгыс

Адвокат, обращайтесть всем помогу

+77078325690


Здравствуйте я сделал инвестиции и чтоб получит средства я оплатил гаранта но платеж не прошел нужно оплатить налог по ст 327 пунк 1НК РКтак ли это


Здравствуйте.подскажите пожалуйста!закончил обгон уже в действии знака "обгон запрещен".забрали права и выдали отрывной талон с в котором указано что уклонение без уважительных причин от явки в суд влечет Адм.Отв.в соответствии со ст 513 КОАП РК.какое отношение имеет ст 513 КОАП РК к моему нарушению,и должны ли выдать что либо ещё кроме отрывного талона?заранее благодарю за ответ


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться